"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БОС ЖЕРЛЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛУДА

19.11.2021
БОС ЖЕРЛЕР
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Президент тапсырмасы аясында

Сейсенбі 16 қараша күні облыс әкімі Даниал Ахметов ауыл тұрғындарын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Қазір облыстағы жайылымдық жер қажеттілігі 700 мың гектарды құрайды.

— Өскемен, Семей және Риддер қалаларына қатысты мәселе толығымен шешімін тапты. Дегенмен бірқатар аудандарда тапшылық байқалып отыр. Ауыл шаруашылығы басқармасының өз жұмысын тиісті деңгейде атқармауынан, мәселені шешу кешіктіріліп жатыр. Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарып алу жұмысы жолға қойылған. Кәсіпкерлермен өз еркімен немесе сот арқылы қайтару туралы келіссөздер жүргізу қарастырылуда,- деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Облыс басшысының айтуынша, аудандарда жетіспейтін жайылым жерлер анықталып, елді мекендердің әкімшілік шекарасына енгізілген. Әр ауданның мүмкіндіктері, құдықтар мен суару орындары анықталған.

Бүгінде Шығыс Қазақстан халқының 40 пайызы ауылда тұрады. Ауылдықтардың негізгі күн көрісі мал шаруашылығы болғандықтан, пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтару, жайылымдық жер тапшылығын жою мәселесі бірінші кезекте тұрғаны анық.

Семей қаласында да пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін анықтап, мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы 17 қараша күні өткен баспасөз мәслихатында Семей қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілханов айтты.

– Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері мен сот шешімдерінің күшін жою негізінде жеті шаруа қожалығының, заңды және жеке тұлғалардың жалпы көлемі 14,9 мың гектар пайдаланылмай жатқан жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Алдағы уақытта бұл жерлер конкурстық негізде ауыл шаруашылығы айналымына тартылады, – деді Құдайберген Сейілханов.

Бөлім басшысының айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беруге төрт конкурс өткізілген. Жыл соңына дейін жер қатынастары бөлімі жалпы көлемі 74,816 мың гектарды құрайтын 52 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін көрмеге қойып, сатуды жоспарлап отыр.

Қала шегінде жер телімдерін жалға беру құқығын сатуға келетін болсақ, жыл басынан бері сегіз аукцион өткізілген.  Алынған қаражаттың жалпы сомасы 169 млн теңгені құрады.

– 2020 жылдың 1 қарашасында қала аумағы 2,7 млн гектарды құрады. Ауыл шаруашылығы жерлері – 1 миллион гектардан сәл астам, оның ішінде егістік – 11,8 мың гектар. Елді мекендердің жерлері 249,2 мың гектар. Жайылымдық жер – 1,3 млн гектар, оның ішінде полигондар – 981 мың гектар, – деп нақтылады Құдайберген Сейілханов.

Өз тілшіміз

Мақалада: БОС ЖЕРЛЕР

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

12 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

12 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

14 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

14 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС