"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Берік УӘЛИ: МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ СЫН САҒАТТА ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ БОЛДЫ

13.01.2022
Берік УӘЛИ
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

#КүшімізБірлікте

– Құрметті Берік Уәлиұлы, Мемлекет басшысының кейінгі шешімдері мен үндеулері бойынша блогосферада әр түрлі сипаттағы жазбалар жарияланып жатыр. Бүгін осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасадыңыз. Тарқатып айтып берсеңіз.

– Иә, Президенттің шешімдері мен үндеулері бойынша блогосферада әр түрлі сипаттағы түсіндірмелер көбейіп кетті. Осыған байланысты бүгін арнайы мәлімдеме жасау қажет деп санадым. Себебі Қасым-Жомарт Тоқаев – мемлекетіміздегі ең жоғары лауазымды тұлға және Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы. Сондықтан Мемлекет басшысы дербес шешім қабылдайды. Конституциялық құрылымға нұқсан келтіруді көздеген содырлардың Қазақстанға шабуыл жасаған қайғылы күндері де солай болған. Қасым-Жомарт Кемелұлы отандастарымызға арнаған өзінің үндеулерін кеңесшілердің көмегінсіз әдеттегідей өзі жазды. Осы сәтті пайдалана отырып, тағы да айтқым келеді: Мемлекет басшысының жұмысы туралы ақпаратты таратып, түсіндіруге Президенттің Баспасөз хатшысынан басқа ешкімнің хақысы жоқ. Яғни, мен ғана ресми ақпарат тарата аламын.

– Бірнеше күн бойы елімізде болған төтенше оқиғалар мен террорлық әрекеттер жағдайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әрбір шешімін бүкіл халық, тіпті шетелдік ақпарат құралдары да жіті бақылап отыр. Мұндай қиын кезде Жоғарғы Бас қолбасшыға да оңай емес. Президенттің жұмысын баспасөз қызметі таратып жатқан ақпараттардан оқып, құлағдар болып отырмыз. Ақордадан күні-түні ақпарат түсіп жатыр. Осы күндері Баспасөз қызметі негізгі ньюсмейкер болғанын жасыра алмаймыз. Мемлекет басшысы қандай жағдайда жұмыс істеп жатыр?

– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Маңғыстауда басталып, 4 қаңтарда ауқымы кеңейіп, соңы террорлық шабуылға ұласқан сәттен бастап Ақордада жұмыс істеуде. Мемлекет басшысы күні-түні нон-стоп режимінде жұмыс істеп, елдегі жағдайды толық бақылауында ұстап отыр. Өздеріңіз де көріп отырсыздар, жағдай шиеленіскен тұста елді тұрақтандыру үшін дер кезінде батыл шешімдер қабылдап, халыққа эфир арқылы үндеулерін жолдап отырды.

 

– Өзіңіз айтып отырған 4 қаңтар күні кешке қарай жағдай күрделеніп, елді үрей биледі. Дәл сол сәтте Ақордада қандай оқиғалар болды?

 

– Сол күні түнгі сағат 11-лерде Президент елде қалыптасқан жағдайды халыққа баяндап, Үндеу арнайтыны белгілі болды. Жұмысқа барлығымыз шұғыл түрде, 10 минутта жеттік. Шынын айту керек, Мемлекет басшысы сол жерде компьютерде мәтін теріп отырған хатшысына сөйлейтін сөзін ауызша айтып тұрды. Баспасөз қызметі камераларды қойып, дыбысын реттеп, жылдам ұйымдастырып, Қасым-Жомарт Кемелұлының мәлімдемесін таспаға түсірдік. Президенттің халыққа арнаған сөзін бірден республикалық телеарналарға жолдадық.

Сол бірінші Үндеуінде Мемлекет басшысы: «Азаматтық және әскери мақсаттағы қызметтік ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды!» — деп нақты, шегелеп айтты.

Сол сәттен бері Президенттен бастап бәріміз әлі жұмыста жүрміз. 5 күн болды. Ақордада түнеп, жұмыс істеп, бір сөзбен айтқанда, сол жерде ақпарат таратып жатырмыз. Басшылық резиденцияда елдегі жағдайды бақылап, күні-түні шұғыл шешімдер қабылп, дер кезінде халыққа жеткізіп отырды. Мемлекет басшысы: «Осындай сын сағатта халықпен бірге боламын», — деді және сөзінде тұрды.

 

– Жаңа 2022 жылдың алғашқы күндері тарихымыздағы қиын күндер боп есте қалатыны анық. Президенттің қиын шақта жылдам әрі батыл түрде шешім қабылдағанын халық жақсы қабылдап, қолдау білдіріп жатыр. Осы күндері болған Мемлекет басшысы жұмысының хронологиясын толығырақ айтып берсеңіз.

 

— Иә, дұрыс айтасыз. Бұл күндер – шынымен де естен кетпейтін тарихи сәттер. Айтып өткенімдей, Қасым-Жомарт Кемелұлы бірден жағдайды толық бақылауына алды. 5 қаңтар күні шамамен түнгі сағат 2-лерде Маңғыстау облысы мен Алматы қаласына Төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Таңғы сағат бес  жарымда мені Президент кабинетіне шақырды да, сағат 7:00-де шұғыл жиын өтетінін, өзі Премьер-министр Асқар Маминнің отставкасын қабылдағанын айтты. Мемлекет басшысы маған жиын басталған сәтте Ақорданың ресми сайтына Үкіметтің отставкасы туралы бірден ақпарат шығаруды тапсырды. Әлихан Смайыловты Үкімет басшысы міндетін атқарушы ретінде тағайындайтынын айтты. Осы ақпаратты жариялау керек, одан кейін 15 минуттан кейін Мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринды тағайындау туралы, тағы 15 минуттан кейін ҰҚК бірінші орынбасары Мұрат Нұртілеуді тағайындау туралы Жарлықтарды уақтылы жариялауға тапсырма берді. Сосын маған: «Сағат қазір алты болды. Бір сағатың бар, пресс-релиздеріңді әзірлей бер», — деді. Сол тапсырмаға сәйкес біз сайтымыз арқылы ақпараттарды уақтылы халыққа тараттық.

Президент елдегі жағдай ушығып бара жатқаннан кейін сол күні түс ауа Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы облысына Төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады.

Сол 5 қаңтар күні түс ауа Қасым-Жомарт Кемелұлының Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы болғаны белгілі болды. Эфир арқылы халық алдына шығып, екінші Үндеуін жариялайтынын айтты. Сол Үндеуінде Президент: «Бұзақы топтардың әрекеттері жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көріп отырмыз. Бұл қаржыландырылған бүлікшілердің жан-жақты ойластырылған жоспары екенін дәлелдейді. Бұл – қаскөйлердің қитұрқы әрекеті. Сондықтан Мемлекет басшысы және бүгіннен бастап Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде барынша қатаң әрекет етемін. Бұл – өмірін қорғап қалуға өтініш білдірген көптеген азаматтарымыздың қауіпсіздігіне қатысты мәселе. Бұл – мемлекетіміздің қауіпсіздігіне тікелей қатысты. Халық мені қолдайтынына сенімдімін. Қандай жағдай болса да мен елордада боламын. Халықпен бірге болу – менің Конституциялық міндетім», — деп қадап айтты.

Бұл Үндеу сол 5 қаңтар күні кешкі алты жарымда барлық телеканалдарда жарияланды.

Осы мәлімдемеден кейін Қазақстан Президенті Республиканың барлық аймағына Төтенше жағдай енгізу туралы Жарлықтарға қол қойды. Кешке қарай Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер басшыларымен телефон арқылы сөйлесті.

Ал түнгі он бір жарымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде алғашқы отырысын өткізді. Жиында Президент: «Бұл – қауіп қана емеc, бұл – мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіру, азаматтарымызға шабуыл жасау. Олар менен, Мемлекет басшысы ретінде, тез арада өздерін қорғауды сұрайды. Азаматтарымыздың игілігін, қауіпсіздігі мен тыныштығын ойлау – менің Конституциялық міндетім. Сондықтан ҰҚШҰ-дағы әріптестеріме білдірілген өтініш – уақтылы әрі толығымен дұрыс қабылданған шешім», — деп мәлімдеді.

Қауіпсіздік Кеңесінің отырысынан кейін шамамен сағат 12 жарым — 1 кезінде Президент бірқатар аса маңызды кадрлық өзгерістер жасады. Атап айтқанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған Кәрім Мәсімовтің орнына Ермек Сағымбаевты және Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы етіп Сәкен Исабековті тағайындады. Мұны батыл шешімдер деп қабылдауға болады. 6 қаңтар күні Үкіметке 10 нақты әрі шұғыл тапсырма берді. Сол жерде бәрі қамтылған.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі Агенттік пен Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа кадрлар тағайындау жөнінде шешім қабылдады. Сол күні түстен кейін Түркияның Президентімен телефон арқылы сөйлесті.

7 қаңтар күні таңғы сағат 7:00-де Қасым-Жомарт Кемелұлы Лаңкестікке қарсы штабтың отырысын өткізді. Сол күні түскі сағат екі жарым кезінде Қазақстан халқына кезекті Үндеуін жасады. Сол Үндеуінде Президент: «Террористер мемлекеттік және жеке азаматтардың дүние-мүлкіне әлі де залалын келтіріп, азаматтарға қарсы қару қолдануда. Құқық қорғау органдары мен армияға ескертусіз оқ атуға бұйрық бердім. Күштік құрылымдар бұл міндетті моральдық және техникалық тұрғыдан орындауға дайын», — деді.

Халық осындай батыл мәлімдеме күтіп отырса керек, бірден қолдап кетті. Көпшілік күткен шешуші мәлімдеме болды деп ойлаймын.

8 қаңтарға қараған түні Мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасына елдегі ахуалды әлемдік қауымдастыққа ағылшын тілінде бірнеше твит жария етті. Ал таңертең сағат сегіз жарымда Лаңкестікке қарсы штабтың кезекті отырысын өткізді. Күндіз Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы Юрий Ильинді қабылдады. Түскі үзіліс кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей және Беларусь елдерінің президенттерімен телефон арқылы сөйлесті. Сол күні «террористік актілердің салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 10 қаңтарда жалпыұлттық аза тұту жариялансын», — деген Өкімге қол қойды. Ертең қаралы күн. Ту төмен түсіріліп, қаза болған азаматтарды еске аламыз. Ал кешке қарай бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады.

9 қаңтарда таңғы 8-де Мемлекет басшысы Лаңкестікке қарсы штабтың кезекті отырысын өткізді. Осы отырыста тәртіпсіздіктердің салдарынан келген шығындарды қалпына келтіру үшін Үкіметтік комиссия құруды тапсырды.

Бұлардың арасында күштік құрылымдардың бірінші басшыларын қабылдап, олардың ақпаратын, есебін тыңдап жүр.

Қазір есептеп қарасақ, Мемлекет басшысы 4 қаңтардан бері 100 сағаттан астам уақыт демалыссыз, үзіліссіз жұмыс істеп жатыр екен. Өздеріңіз байқап отырғандай, соңғы аптадағы Президенттің жұмыс хронологиясын қарасаңыз, берілген тапсырмалар мен қабылданған шешімдері, өткізген жиналыстары күндізгі жұмыс уақытына байланбай, күнде де, түнде де үздіксіз болып жатыр.

 

– Осындай қарқынмен еңбек етіп жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шын мәнінде күні-түні елдегі жағдайды өзі бақылап отыр. Алда бұдан көп қыруар шаруа күтіп тұр. Мемлекет басшысы қашан демалады?

 

– Елдегі ахуалды көріп отырсыздар. Ең ауыр кезеңі артта қалған сияқты. Конституциялық заңдылықтар барлық аймақта қалпына келіп жатқанын Мемлекет басшысы мәлімдеді. Әрине, бұл жағдай Президенттің елдің қауіпсіздігін кірпік қақпай қорғағанының нәтижесінде оңалып келеді. Өзінің Үндеуінде осы кезде қолдау білдірген барша қазақстандыққа шынайы алғысын білдірген болатын. Менің білуімше, осы күрделі күндері Қасым-Жомарт Кемелұлы тәулігіне 1 немесе 2 сағат қана көз шырымын алып жүр. Тіпті бір-екі күн бұрын таңғы жиналыстың алдында «бүгін 2 сағат демалдым, бұның өзі жақсылықтың белгісі», – дегені бар.

 

– Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы туралы сұрағым келеді. Бітімгерлік күштердің миссиясы қандай болмақ?

 

– Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгерлік күштерінің негізгі миссиясы – стратегиялық нысандарды күзету. Стратегиялық нысандарды ОДКБ әскерлері қорғағандықтан, біздің Қарулы Күштерімізге террористер көп шоғырланған Алматы қаласы мен Алматы облысында еркін қимылдап, олардың көзін жоюға әрекет етті. Жағдай тұрақталған соң миссиясы аяқталады. Бірден өз елдеріне қайтады.

Осы сәтті пайдаланып айта кетейін, ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен ОДКБ-ның кезектен тыс сессиясы онлайн форматта өтеді. Сол жиында Президент еліміздегі ахуал бойынша әріптестеріне толыққанды мәлімет береді. Ақорданың ресми сайтынан ақпарат күтіңіздер. Президент айтқандай, жалған ақпараттарға сенбей, тек қана ресми мәлімет көздеріне сеніңіздер дегім келеді.

«Хабар24» арнасы

9 қаңтар 2022 жыл

Ұқсас жаңалықтар

«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

30.06.2025
«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

Semeytany.kz – Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауылдың тұрғындары көкөніс пен жеміс ағаштарын қырып бара жатқан құрттарға қарсы шұғыл шара қабылдауды...

Толығырақ...Details

Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

30.06.2025
Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

Semeytany.kz – Ақтөбе облысында өткен «Айбын-2025» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Абай облысының командалары үлкен жетістікке жетті. Қазақстан Президенті –...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

30.06.2025
Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

Облыс әкімі Берік Уәли Үржар ауданына жұмыс сапары барысында Жанай ауылында болды. Елдімекенде осы ауылдың тумасы Серікбол Омаровтың жеке қаражатына...

Толығырақ...Details

Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

30.06.2025
Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

Бүгін Үржар ауданының Таскескен ауылында дәстүрлі «Ауыл – ел бесігі» атты мәдени-спорттық фестиваль басталды. Белгілі меценат Талғат Сақанның ұйымдастыруымен, облыс...

Толығырақ...Details

Көлік салығын төлеу қатаң бақылауда

30.06.2025
Көлік салығын төлеу қатаң бақылауда

Абай облысында көлік салығын төлемегендерге қатысты шаралар күшейтілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Түсіндіру жұмысы және...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Таза жағалау» акциясы өтті

27.06.2025
Абай облысында «Таза жағалау» акциясы өтті

Semeytany.kz – Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды тазалық акциялары ұйымдастырылды. Соның бірі – 27 маусым...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

18 часов бұрын

Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

18 часов бұрын

Алакөлді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды

18 часов бұрын

Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

18 часов бұрын

Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

18 часов бұрын

Көлік салығын төлеу қатаң бақылауда

18 часов бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясы өтті

3 дня бұрын

Абай облысында БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті

3 дня бұрын

Оқу-ағарту министрі Семейдегі білім нысандарын аралады

3 дня бұрын

Семейдегі аспалы көпірдің бір бөлігінде асфальт төсеу аяқталды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС