"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Мешіт – имандылықтың ұясы»

13.04.2022
«Мешіт – имандылықтың ұясы»

«Мешіт – имандылықтың ұясы»

Ұлық та қасиетті жұма күні, яғни 1 сәуірде ШҚО Бесқарағай ауданы Глуховка ауылында жаңа мешіттің салтанатты ашылуы болды. Халықтың көптен күткен арманы орыдалды десек те болады. Мешіт – ұлы мәдениеттерге, адамгершілік пен ізгілікке, рухани құндылықтарды қасиеттей білуге тәрбиелейтін қасиетті орын. Мешіт қанша ғасыр тұрса, сол уақыт бойы сауап жазылып тұратынын ұғынған жұртшылық, қарапайым азаматтар мешіттің іргетасының қалынуына ат салысып қол ұшын созды. Ең бірінші ауыл халқы аса ұйымшылдықпен қаржы жинап берген болатын. Сондай-ақ Семей қаласының тұрғыны Самалов Дулат Мырзағажыұлы да демеуші болып, мешіттің салынуына кірпіш алып берді. Ауыл тұрғындары Оресбаев Абзал мен Жұмаділов Болат ағаларымыз кірпіштерді тасып беріп отырды. Осылайша мешіттің қабырғасының қалануына өз үлестерін қосты. Алла үйінің ашылуына жиналған ауыл тұрғындары Жаратқаннан нығмет тілеп, игі іске бастамашы болған, атсалысқан азаматтарға алғыс жаудырумен болды.

«Мешіт – имандылықтың ұясы»

Салтанатты жиында ауылымыздың имамы Касымханов Қуаныш Адилкаривич құран оқыды. Ауданнан келген имам Сасенов Серікжан Аманұлы халықты құттықтап, сауапты іс жасағандарына алғысын білдіріп, мақтау қағазын табыстады. Мешіттің бой көтеруіне бас демеуші болған  Қалиханов Марат, Токашев Оралбек,  Рахимовтар әулеті, Арнур, Абдулсамат, Шаланов Төкен ағамыз балалары мен достарымен көмек қолын созды.  «Әке көрген оқ жонар» дегендей ата жолын жалғаған азаматтардың сауапты ісіне құрмет көрсетілді. Сонымен қатар Исагалиевтер әулетіне,  «Глуховка орта мектебінің» оқушылары мен ауыл жастарына алғысымызды білдіреміз.

Салтанатты ашылу рәсімінде ауылымыздың бұрыңғы  әкімі Тастенбеков Алмас Танибекович құттықтау сөз сөйледі. Осындай ізгі тілектерден кейін мешіттің ашылуына арнайы сыйлықтар табыс етілді. Ауылымыздың жаңа әкімі  Сабырбаев Айдос Бахтиярұлы кілем табыстады. Сонымен қатар, нұр үстіне нұр жаудырған Шалановтар әулеті фәләқ сүресі жазылған картинканы сыйға табыс етті. Ашылу рәсімінің ең жауапты әрі маңызды сәті мешіттің лентасын қию сәті қуаныштың шарықтаған белгісі болды. Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, қазақтың жөн-жоралғысын көрсетті. Құрметті меймандар мешіттің ішін аралап шықты.  Мешіттің ауданы 150 кв.м. Іші кең, әрі жарық. Шара соңында ауыл тойханасында арнайы ақ дастархан жайылып, құран  қатым түсірілді.  Рамазан айы осындай үлкен қуанышпен басталды.

«Мешіт – имандылықтың ұясы»

Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері дәстүрлі дініміз өркендеу жолына түсті. «Дін – қоғамның тәрбиесі және айнасы» деген қанатты сөз бар. Қазіргі таңда жаңадан ашылып жатқан мешіттердің саны жыл санап артып келеді. Имандылық ордасы саналатын мешіттердің ашылуы елдегі ынтымақ пен бірліктің сақталуына зор септігін тигізеді. Ендеше осындай қасиетті орынға баратын иманды ұрпақтарымыз көп болсын деген тілек білдіремін!

 «Глуховка орта мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Жұмағалиева Назымгүл Жұмағалиқызы

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: «Мешіт – имандылықтың ұясы»Бесқарағай ауданы Глуховка ауылы

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

10 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

10 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

10 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

1 день бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

1 день бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

1 день бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

1 день бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

1 день бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС