"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Сбербанктің» кредиттері Halyk Bank-ке өтеді

15.04.2022
«Сбербанктің» кредиттері Halyk Bank-ке өтеді
28
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

13 сәуір күні Halyk Bank пен Сбербанктің біздің елдегі еншілес банкі келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, цессия шарты бойынша бөлшек бизнес клиенттерінің кредиттік портфелінің бір бөлігі сатып алынды. Яғни «Сбербанкте» ресімделген кредиттердің бір бөлігі Halyk Bank-ке өтеді.

Мәмілеге Қазақстан даму банкінде жеңіл­дікпен кредит беру бағдарламасы бойын­ша ресімделген автокредиттердің бір бөлігі, кепілсіз кредиттердің, кезек күттірмейтін мұқ­таж­дықтарға арналған қарыздардың және ипо­текалық кредиттердің бір бөлігі кіріп отыр. Берілген кредиттер бойынша негізгі қарыздың жалпы көлемі 330 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағ­дай бойынша Сбербанктің тұтыну­шылық қарыздарының кредиттік қоржыны 1,1 трлн теңгеге тең.

«Сбербанк» АҚ Қазақ­стан­дағы енші­лес бан­к­і­­нің басқарма төрағасы Елдар Теңіз­­баев қа­­рыз­­­дар­ды қайта табыстау банк сек­торындағы қа­лып­­ты тәжірибе һәм әдеттегі рәсім екенін атап өтті.

– Өзінің көп жылдық тарихында «Сбербанк» бірнеше рет түрлі сын-қатерлер­мен бетпе-бет келді. Оларды әрдайым сәтті еңсеріп, өз клиенттерінің мүддесін басты назар­ға алды. Біз міндеттерімізді клиенттер алдында да, мемлекет алдында да орындауға тырысамыз. Бүгінгі таңда «Сбербанк» барлық мемлекеттік қаржыны, оның ішінде жеңілдікпен кредит беру бағдарламалары бойынша берілген қаржыны қайтарды. Несие портфелінің бір бөлігін беру қаржы саласында кең таралған тәжірибе. Клиенттердің басқа банкке ауысуы еш қиындықсыз реттеледі. Бұл – серіктес банк үшін несие портфелін ұлғайту мүмкіндігі. Біз атал­ған мәміледен клиенттеріміздің қажет­ті­лік­терін қамтамасыз ету үшін қажетті қосым­ша өтімділікті аламыз, – деді Елдар Теңізбаев.

Halyk Bank-тің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова банк Қазақстан экономикасы үшін жүйе құраушы қаржы инс­титуты ретінде ең алдымен қоғам­ның мүддесі үшін жұмыс істейтінін жеткізді.

– Жеке тұлғалардың несие портфелінің едәуір бөлігін сатып алып, осылайша «Сбер­банк­­ке» өтімділік бере отырып, Halyk Bank Қазақ­­станның банк секторының тұрақ­ты­­лы­­ғын қолдады. Бүгінгі таңда Halyk Bank-ке жеке тұлғалардың қарыздары бойынша берешек қалдығы аударылды және бұл мер­зімі кешіктірілмеген және проблемалық кредит­тер­сіз сапалы портфель екенін атап өткен жөн. Өз тарапымыздан біз «Сбербанктен» Halyk-қа үздіксіз көшу үшін барлық қажетті шараларды қамтамасыз еттік, – дейді Ү.Шаяхметова.

Қазақстан даму банкінің басшысы Руслан Ысқақов қаржы институты жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы шең­берінде игерілген қаражатты мемлекетке қайтарудың кепілі екенін жеткізді.

– Даму банкі – бағдар­лама операторы. Сон­дық­тан бағ­дарламаны іске асырудың бүкіл мер­зімі ішінде оған қатысатын екінші деңгейлі банк­тер­дің төлем қабі­леттілігіне қарамастан, алын­ған қара­жаттың мемлекетке қай­тарыл­ғаны үшін то­лық жауапты болады. Қазіргі уақытта Ресей банк­тері­нің еншілес ком­пания­ларына санкциялар ен­гізі­луі­не байла­нысты жеңілдетілген автокредит­тер бере­­шегін екінші деңгейлі басқа банктерге аудару бо­йынша жедел жұмыс жүр­гізілді, – деді Р.Ысқақов.

Жеке тұлғалардың кредит­терінің көші-қон про­цесі іске қосылды және клиенттер еш­қан­дай қиындықпен бетпе-бет келіп отырған жоқ.

Осы орайда, «Сбербанк» клиенттерінің қолданыстағы қарыздарына қатысты талаптар, атап айтқанда несие бере­шегінің қалдығы, несие беру мерзімі, ай сайынғы төлем және несие мөлшерлемесі өзгеріссіз қалады. Қарызды қайта табыс­тау клиент үшін қосымша шығынға әкеп соқпайды. Сон­дай-ақ қарыз бойынша құқық­тарды басқаға беру, егер қарыз алушы негізгі борыш бойынша ай сайынғы төлемдерді және есептелген па­йыздар бо­йын­ша төлемдерді бұзбаса, оның кредиттік тарихына әсер ет­пей­ді. Кесте бо­йынша ай са­йын­ғы өтеу күні өзгеріссіз қалады.

Егер «Сбербанктің» қарыз алушысы Halyk Bank-тің клиенті болмаса, несие бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін оған Halyk Homebank мобильді қосымшасын жүктеп, тіркеуден өту қажет. Содан кейін оған қарызды өтеу үшін пластиксіз Halyk Bonus Digital цифрлы картасы дереу ашылатын болады. Ай сайынғы төлем сомасы кесте бойынша төлем жасау күні Halyk Bank картасынан/шотынан автоматты түрде алынады. Сондықтан клиент өзінің картакалық немесе ағымдағы шотын үнемі толықтырып отыруы қажет.

13 сәуірден бастап кредиттері Halyk Bank-ке аударылған клиенттер өз қарызының мәртебесін ЖСН бойынша банк сайтында сілтеме арқылы тексере алады.

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: «Сбербанктің» кредиттері Halyk Bank-ке өтеді

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

18 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

18 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

18 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

18 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС