"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨҢІР ДАМУЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

19.04.2022
ӨҢІР ДАМУЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ӨҢІР ДАМУЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазіргі таңда «AMANAT» партиясы өкілдері өңірлерді аралап, халықпен кездесулер өткізуде. Мұндай жүздесулер өткен аптаның соңында еліміздің шығысында да жалғасын тапты.

Шығыс Қазақстан облысына арнайы сапармен келген «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов жергілікті тұрғындармен, зиялы қауым өкілдерімен, партия белсенділерімен және студент жастармен бірқатар кездесулер өткізіп, Жаңа Қазақстанды құру міндеттеріне сәйкес Президент Жолдауын іске асыру және партияны жаңғырту мәселелерін бірлесіп талқылады.

Партияның атқарушы хатшысы «Ардагерлерді ардақтайық!» және «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында өткен іс-шараларға қатысты.

Алдымен Абайдың «Жидебай — Бөрілі» қорық-мұражайына атбасын тіреген «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Абай ауданының ақсақалдарымен жүздесті.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 16 наурыздағы тарихи Жолдауында үш жаңа облыс құрылатынын айтты. Абай облысының орталығы Семей қаласы болады. Бұл тарихи әрі әділетті шешім, ең алдымен, өңірдің дамуына қуатты серпін беріп, оның тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды, — деді өз сөзінде Асхат Оралов.

Өз кезегінде ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Төлеген Жанғалиев бұл Семей тұрғындары көптен күткенін шешім болғанын атап өтті.

— Біз Президенттің Жолдауын мұқият тыңдадық және оны толық қолдаймыз. Әсіресе Абай облысын құру жөніндегі шешіміне айрықша қуандық. Бұл шешім – Мемлекет басшысының хакім Абайға және шығыс жұртына деген құрметінің белгісі. Осында отырған ақсақалдар жағымды жаңалықты естіген күннің ертеңінде Мемлекет басшысына алғысын айтып, телеграмма жолдады, — бұл ретте деді Төлеген Жанғалиев.

Аталған жиын барысында ел өміріндегі елеулі жаңалықтар мен партияның алдағы жоспарлары жайында да кеңінен сөз болды.

Мұндай жиын Семей қаласында да өтті. Жергілікті зиялы қауыммен өткен кездесуде тарихи мұраны сақтау, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және өнерді дамыту мәселелері талқыланды.

— Абай облысын құру – Президенттің дана да, дара шешімі болды. Біздің облыс Жаңа Қазақстанды құруға, соның ішінде рухани, мәдени, әлеуметтік, экономикалық аспектілерге қомақты үлес қосатынына сенімдіміз, — деді филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов.

Сондай-ақ атқарушы хатшы Ұлы Отан соғысының ардагері, жергілікті көнекөз қария 100 жастағы Александр Атавин, партия ардагерлері Оралхан Сартаев пен Владимир Халиннің үйлеріне де барып, амандық-саулық сұрасты.

Асхат Оралов аға буын өкілдеріне қамқорлық жасау мақсатын көздейтін «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы 2014 жылдан бастап жүзеге асып келе жатқанын айтып өтті. Осы уақыт аралығында ел аумағында 45 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. Онда зейнет жасындағы 60 мыңнан астам адам бос уақытын тиімді өткізуде.

Бұдан соң «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы «Gold King» спорттық-сауықтыру кешенінде параспортшылармен жүздесіп, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау және қолжетімді қалалық орта құру мәселелерін талқылады.

Осы күні Асхат Оралов Шығыс Қазақстан облысының партия активімен кездесіп, «AMANAT» партиясын жаңғыртудың басымдықтарын талқылады.

Бүгінде өңірде 300-ге жуық бастауыш партия ұйымына біріктірілген 52 мыңнан астам партия мүшесі бар. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың 290 депутатының 85,6 пайызы – «AMANAT» партиясының өкілі. 104 ауылдық округте өткен сайлау қорытындысы бойынша «AMANAT» партиясының атынан қатысқан кандидаттардың 82 пайызы жеңіске жеткен.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысы бойынша партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2,5 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Негізінен, облыс тұрғындары әлеуметтік қолдау, жер телімдерін бөлу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты өтініш білдірген. Сонымен қатар наурыз айынан бастап мобильді қоғамдық қабылдаулар шалғай ауылдарға барып, жұртшылықпен кездесулер өткізді.

Асхат Оралов белсенді жастармен де жүздесті. Кездесу кезінде өскелең ұрпақты жергілікті жерлерде толғандыратын негізгі мәселелер талқыланды.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысындағы жас депутаттар корпусында «AMANAT» партиясына мүше 35 жасқа дейінгі 43 отандасымыз бар екен.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: ӨҢІР ДАМУЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

21 час бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

21 час бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

21 час бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

21 час бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

22 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

23 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС