"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қаңтар қырғыны кезінде Шымкентте полицейлер 20 адамды атып өлтірген

22.04.2022
​Полицейлер Шымкентте 20 адамды атып өлтірген
449
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қаңтар қырғыны кезінде Шымкентте полицейлер 20 адамды атып өлтірген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратурадағы бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті. Осылайша құзырлы органдар, жергілікті әкімдік үш жарым айдан бері жасырып келген шындық ресми түрде жария етілді.

— Қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні Шымкент әкімдігіне қарулы шабуыл жасалды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен полиция қызметкерлері айналысты. Оларға көпшілігі отты қарумен қаруланған үш мың адамнан тұратын топтың қысымына төтеп беруіне тура келді. Полиция қызметкерлері тек резеңке оқ пен жарық пен шу шығаратын гранаталарды қолданды. Бірақ бұл шаралар қылмыскерлерді тоқтата алмады. Қайта олардың өздерінің жазаланбайтынына сенімі күшейіп,  жаппай агрессия мен қатыгездікке барды, — деді Елдос Қилымжанов.

Прокурордың айтуынша, бастарын қатерге тігіп, қарулы топтың  үш бірдей шабуылының бетін қайтарған полицейлер ақыр аяғында отты қару қолдану туралы шешім қабылдаған. Нәтижесінде 20 адам атып өлтірілген.

Дәл осындай жағдай Тараз қалалық әкімдігі мен Жамбыл облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратына жасалған шабуыл кезінде де болған.

— 500 адамнан тұратын қарулы топ ғимаратқа оқ атып, соның салдарынан полиция қызметерлері қаза тапты. Тәртіп сақшылары топқа қарсы оқ атып, 11 қылмыскер өлтірілді. Медициналық сараптама қорытындысы көрсеткендей, 9 шабуылдаушы алкогольдік, екеуі есірткінің уытына мас болған,- дейді Қилымжанов.

Бұған дейін Шымкентте 4 және 5 қаңтар күндері болған оқиғалар кезінде 19 азамат қаза тапқаны ақпарат құралдарында айтылғанымен, оны не әкімдік, не құзырлы органдар растаған жоқ. Олар мұны тергеу мүддесімен байланыстырды.

Жаңаөзен мен Маңғыстау толқып, Алматыда жұрт жаппай митингіге жиналып жатқан кезде Шымкентте де дүрбелең басталды. 4 қаңтарда түнгі сағат 12-лердің шамасында қалада ғаламтор байланысы өшірілді. Осы күні кешкісін Шымкент қалалық әкімдігіне мыңдаған халық жиналып, жиын соңы жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Ертеңіне қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан  мемлекеттік телеарнадан оқиға кезінде азаматтардың әкімдіктің алтыншы қабатына дейін қиратып кеткенін мәлім етті.

5 қаңтарда әкімдіктің айналасын әскерилер қоршауға алды. Бірақ кешкісін әкімдікке тағы да жиналған мыңдаған наразы топты олар жуасыта алмады. Бұл күні де жаппай тәртіпсіздіктер, ғимараттарды өртеу, қирату орын алды. «Көрме» орталығы қатты бүлінді.  «Метро» сауда орталығы тоналды.

Осы оқиғалардың кезінде және одан кейін таратылған ақпараттар ала-құла болды. Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан оқиға кезінде адам өлімі болғанын айтқанымен, олардың нақты санын жасырып қалды. Осы кездері «жоғалып, табылған» қала әкімі Мұрат Әйтенов 9 қаңтарда өткізген брифингте 17 тәртіп сақшысы түрлі деңгейде жарақат алғанын,  төртеуінің жағдайы ауыр екендерін, ал, қаза болғандардың жоқтығын хабарлады. 5 қаңтарда «Хабар 24» телеарнасынан жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Шымкентте полицияның 59 көлігі зақымдалғаны, оның біреуінің толықтай жанып кеткені туралы ақпарат қайта-қайта берілді. Ал 15 қаңтарда Бас прокуратураның өкілі Серік Шалабаев орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Шымкентте 21 полиция автокөлігінің зақымдалғанын хабарлады. 59 бен 21-дің арасы қайда жатыр?

18 қаңтарда адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы үйлестіру кеңесінің мүшесі Шахноза Хасанова жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Шымкенттің мәйітханаларына 18 адамның жеткізілгенін мәлім етті. Бұдан кейін оқиға кезінде тұтқындалған азаматтардың туыстарымен кездескен қала прокурорының орынбасары Нұржан Сейдалиев қаза тапқандардың санын 19 деп мәлімдеді. Енді міне, Бас прокуратура 20 деп отыр.

Шымкентте қаңтар оқиғасын зерттеу үшін қоғамдық комиссия  құрылғанымен тәуелсіз зерттеу жүргізу мүмкін болмады. Қоғам белсенділерінің айтуынша, бастаманы прокуратура қолдамаған, қажетті құжаттармен танысуға рұқсат етпеген.

Дереккөзі: Ойнет

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: ​Полицейлер Шымкентте 20 адамды атып өлтірген

Ұқсас жаңалықтар

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

01.11.2026
Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

Қазіргі уақытта адамдардың күнделікті өмірі цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. Телефондағы жеке мәліметтер, банк шоттары, әлеуметтік желілердегі жазбалар мен хат-хабарлар адамның...

Толығырақ...Details

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

01.11.2026
Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жаңа Көрме орталығының құрылыс барысымен танысты. Нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында Түркістан облысының...

Толығырақ...Details

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

01.11.2026
Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

Семей қаласында заманауи үстел теннисі орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Павлодар облысының тартуы саналатын спорт кешені «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып,...

Толығырақ...Details

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

01.11.2026
Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізу және аграрлық өндірістің климат өзгерістеріне төзімділігін нығайту бағытындағы жүйелі...

Толығырақ...Details

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

16 часов бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

1 день бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

2 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

2 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

2 дня бұрын

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

3 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

3 дня бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

3 дня бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

4 дня бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС