"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ІІМ басшысы генерал Серік Күдебаевты қызметінен босатты

25.04.2022
ІІМ басшысы генерал Серік Күдебаевты қызметінен босатты

Полиция генерал-майоры Серік Күдебаев

305
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ішкі істер министрі бұған дейін Алматы облысы Полиция департаментін басқарған генерал-майор Серік Күдебаевты қызметінен босатты. Бұл туралы Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Сәуірдің басында әлеуметтік желілерде Күдебаевтың қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық іске қатысы бар деген ақпарат тараған болатын. Бұған бас прокуратураның Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының ҰҚК және Полиция департаменттері ғимараты және Алматы әуежайының қараусыз қалуына қатысты тексеру жариялағаны туралы мәлімдемесі себеп болған. Ведомство басшылары күдікті деп танылғаны айтылды.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы Серік Күдебаев туралы білу үшін Ішкі істер министрлігіне жүгінді. Қазір қайда, ішкі істер органдарында қызмет ете ме, қандай қызметте деген сауалға ведомство генерал ішкі істер органдарынан босатылғанын хабарлады.

«Ішкі істер министрлігі бұйрығы бойынша Күдебаев Серік Мырзақұлұлы қызметінен босатылып, ішкі істер органдарынан кетті», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Күдебаев 26 қаңтарда Алматы облысы бойынша ПД басшысы қызметінен кеткен болатын. Ол кезде Ішкі істер министрлігін Ерлан Тұрғымбаев басқарды, оның орнына 25 ақпанда Марат Ахметжанов тағайындалды. Министрлердің қайсы Күдебаевты жұмыстан босатып, бұйрыққа қол қойғанын ведомство нақтылаған жоқ.

Сондай-ақ, біз Ішкі істер министрлігінен қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде Күдебаев қайда болғанын, оның осы оқиғалар кезіндегі тәртіп орнату жұмысын ведомство қалай бағалайтынын және оның Алматы облысы ПД ғимаратынан шығып кету фактісін тергеу туралы сұрадық. Алайда министрлік бұл сұрақтарды басқа мемлекеттік органға жолдауды сұрады.

«Қаңтар кезінде жасалған қылмыстар бойынша соталды тергеп-тексеру Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық жедел-тергеу тобының үйлестіруімен жүзеге асырылады», — деді ІІМ өкілдері.

Бұған дейін Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарлары мен Талдықорған полиция басшысы қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: ІІМ басшысы генерал Серік Күдебаевты қызметінен босатты

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне,...

Толығырақ...Details

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

31.10.2026
Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

Білім – қоғамның дамуы мен елдің болашағын айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында азаматтардың білім алу құқығына кепілдік...

Толығырақ...Details

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

30.10.2026
Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

Еңбек ету, мамандық таңдау, атқарған жұмысы үшін лайықты ақы алу – әр адамның негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында...

Толығырақ...Details

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Абай облысында кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын, ашықтығы мен әлеуметтік жауапкершілігін бағалауға бағытталған «Адал кәсіпкер – 2026» өңірлік байқауының қорытынды марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

30.10.2026
Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары 29–30 қазан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

23 часа бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

23 часа бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

23 часа бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

2 дня бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

2 дня бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

2 дня бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

2 дня бұрын

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

2 дня бұрын

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС