"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

28.04.2022
ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

AMANAT партиясының Семей қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Байахметов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға көмек сұрап келген азаматтар түрлі мәселелер көтерді.

Зейнеткер Анатолий Решетняк «Бобровка» саяжай кооперативіне қатысты мәселелермен келіпті. Ол кооператив инфрақұрылымы, коммуналдық қызмет тарифтері, жолдарды жөндеу, жарықтандыру мәселелерін бұған дейін де бірнеше рет көтерген. Зейнеткердің сауалдарына  жан-жақты жауап беріліп, әкімнің орынбасары Димитрий Гариковке жүгіну ұсынылды. Сондай-ақ өтініш берушінің мәселелерін егжей-тегжейлі қарау үшін жергілікті жерге комиссия барып, тексеру жүргізетін болады.

Семей тұрғыны Серік Асылбеков — бала кезінен 2 топтағы мүгедек. Оның анасы Роза Асылбекова 12 жыл бойы отбасымен бірге баспана ала алмай жүргенін жеткізді. 2010 жылдан бастап «1 және 2 топ мүгедектері» санаты бойынша кезекте тұр, кезек нөмірі — 520. Өтініш иесіне ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңнамасы аясында жауап берілді. Қала әкімі сондай-ақ тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысына тұрғын үйді субсидиялау мүмкіндігін қарастыруды және заңда белгіленген мерзімде партия филиалына ақпарат беруді тапсырды.

Иртышская көшесінде тұратын Сәуле Мамедова пәтеріндегі электр сымдарын алып тастап, есептеуіштің жұмысын реттеп беруді өтінді. Бұл мәселе оң шешімін тапты.

Қымбатхан Кәрімбеков — 3-топтағы мүгедек, Чернобыль ардагері, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген. Өтініш иесін оңалтудың жеке бағдарламасы жоқ. 72 397 теңге көлемінде зейнетақы алады. Қымбатхан Кәрімбеков қала әкімінен баспана алуға көмек көрсетуді сұрап келіпті.

Айта кетейік, мәслихаттың 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 63/458-VI шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына сәйкес, ағымдағы жылдың сәуір айында оған, Жеңістің 77 жылдығына орай, «Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан тұлғалар» санаты бойынша 100 000 теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Ал тұрғын үй мәселесі бойынша Чернобыль ардагеріне ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңнамасы аясында түсінік берілді. Қала әкімі тұрғын үй инспекциясының басшысы Диана Шаяхметоваға Қымбатхан Кәрімбековті жеке қабылдап, өтініштің мерзімін қарастыруды тапсырды. Мерзімі өткен жағдайда, заңнама бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген Чернобыль ардагері ретінде тұрғын үй сатып алуға кезекке қою үшін кеңес беріліп, жұмыс нәтижелері туралы заңда белгіленген мерзімде партия филиалына ақпарат беру тапсырылды.

Гүлмира Балташева қызы Жансая Төлеубайқызын жұмысқа орналастыруға көмек көрсетуді сұрады. Жұмыспен қамту бөлімі, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің мәліметінше, Жансая Төлеубайқызы №8 емханаға және «Баст» АҚ-ға мейірбике лауазымына жұмысқа жіберілген. Бірақ медициналық сертификатының болмауына байланысты жұмысқа қабылданбаған. Ол сертификат алу үшін оқуға жазылды.

Семей тұрғыны Мақсат Құсатаев Алматинская көшесіндегі су құбырын жүргізу жұмыстарына қатысты сұрақ қойды. Қала әкімі Бақытжан Байахметов ТҮКШ бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаевқа Дальняя ауданындағы Алматинская көшесін сумен жабдықтау жұмыстарын бақылауды тапсырды. Сонымен қатар Мақсат Құсатаев Семей қаласы бюджетінің ашықтығы тақырыбын қозғады. Қала әкімінің орынбасары Дархан Жөргекбаев пен экономика және қаржы бөлімінің басшысы Роза Құдайбергенқызына Семей қаласының әкімдігі мен мәслихатының ресми сайттарында бюджеттің орындалуының ашықтығын және барлық қажетті ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге тапсырма берілді.

Қабылдауда болған азаматтардың мәселелері қала басшының назарында болады.

 

Анар АХМЕТҚАЛИЕВА,

«Семей таңы»

Мақалада: ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

3 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

3 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

3 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

4 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

4 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС