"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Депутаттардың көзінше Путинмен қорқытты»: Бір топ қазақ орыс сыныбын аштырғысы келеді

Құл ғой нағыз, қожайынын Путин санаған! Міне, біздің биліктің 30 жылда бір ұлтты екі тілге - екіге бөлген қастандығы!

01.05.2022
«Депутаттардың көзінше Путинмен қорқытты»: Бір топ қазақ орыс сыныбын аштырғысы келеді
1.4k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәуірдің 30-ы  Нұр-Сұлтан қаласындағы №93-мектебінің бір топ ата-анасы мектептен орыс тілінде оқытатын аралас сынып ашуға қатысты мәселе көтерген деп хабарлайды Семей таңы ақпараттық порталы Malim.kz сайтына сілтеме беріп.

Аталған мәселеге байланысты мектеп басшылығы ашық жиын өткізген. Жиынға Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса, Жанарбек Әшімжан, Аманжол Әлтай, Мақпал Мыса және ақын Дәулеткерей Кәпұлы, Қазақ тіл қоғамының мүшесі Серік Ерғали, Химия ғылымдары бойынша PhD докторант, ұстаз Аятжан Ахметжанұлы Нұр-Сұлтан қаласында №90 мектеп-гимназияның директоры Аятжан Ахметжанұлы қатысқан.

Екі жақ біраз керілдескенімен нәтижесінде мәмілеге келіпті. Алайда жиын соңында бір ата-ана жиынды толық видоеға түсіріп алғанын және оны Ресей президенті Путинге жолдайтынын айтып қорқытқан.

Бұл туралы Аятжан Ахметжанұлы былай деп жазды: «Бүгін бір мектепті қазақ етіп сақтап қалу үшін жиналыс болды. Мәжіліс депутаттары қатысты.

Бұндайға ысылдық қой, заңдық тұрғыда біраз ата-аналарды орнына қойдық.

Тіл жанашырлары біраз лекция оқыды. Қырғын дау болды. Әлім келгенше бала құқығы бұзылмайтынын заң бойынша түсіндіріп, басқа мектепке баратынын айттым. Бұл мектеп таза қазақ боп қалады деп кесімді сөз айттым. (Бір ресми мен шешетіндей). Ең өкініштісі орыс сыныбын талап етіп отырған кілең қазақ. Сол қазақтың бірі жиналыстан шыққасын есік алдында тұрып, бүгінгі сөйлеген сөздердің бәрін түсіріп алдым. Толық видео жасадым. Ресейге, Путинге тіке жіберем дейді. (қазақ әйел). Депутаттарымыздың көзін бақырайтып қойып, Путинмен қорқытты. Баратын жеріңе бар дедім күйіп кетіп… Не дейін…».

«Масқара! Мен оны айтқан кезде мұғалімдер бөлмесінде жұртпен сөйлесіп тұрған едім, кейін есіттім. Сұмдық қой! Құл ғой нағыз, қожайынын Путин санаған! Міне, біздің биліктің 30 жылда бір ұлтты екі тілге — екіге бөлген қастандығы!» дейді Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса.

Бұл мәселе қоғамда қызу талқыланып жатыр. Осыған байланысты белсенділер былай пікір білдіріпті.

Серік ЕРҒАЛИ, Қазақ тілі қоғамының мүшесі:

 – Тіл мәселесі майданға айналып барады… Жасыратыны жоқ. Бүгін ғана астаналық жаңа ашылғалы отырған 93-мектептің тағдыры көкпарға түсті. Оншақты қазақ келіншегі келіп, өздерінің құқықтарын алға салып, орыс сыныбын ашуды талап етті. Бұл жайтты алдын ала естіген зиялы қауым, бір топ мәжілісмен және қалалық шенділер, тіл жанашырлары бірігіп, іріткіге қарсы тұруға тура келді. Әлгі оншақты келіншек қазақша жақсы түсінеді, жартысы сөйлейді, бірақ балаларын орыс сыныбына беруге барын салды. Ортасында бір жігіт бар. Байқағаным және бір келіншектің айтуынша, күйеуі офицер екен, соған қарағанда барлығы да қазақ әскерінің қызметшілері секілді.  Кезек пе кезек сөйлеп арындарын басқандай болдық. Әсіресе Аятжан Ахметжанұлының сөзі нақты әрі шешімге толы болды: заң бойынша радиусы 2 шақырымға дейінгі маңайдағы кез келген мектеп таңдай беруге болады екен. Сотта бұл жағынан жеңе алмайсыңдар деп Аятжан маңдайға ұрғандай етіп айтты. Ал бұлар жаңадан салынған Браво тұрғын үй кешенінің жанындағы 1200 орындық мектепті иеленгісі келеді. Үй ішінен үй тіккісі келеді. Төрт келіншектің есімдері — кәдімгі Жәмилә, Самал, Әйгерім, Шолпан! Рулары – уақ, қыпшақ, арғын, біреуі руын білмейді – ресейлікпін дейді. Бұлар – біздің соңғы 30 жылдық тәуелсіздік дәуірінің ұрпағы. Бұларды кінәлауға бола ма?! Меніңше жоқ. Оларға бір сұрақ қойып, үш аргумент айтуларын сұрадым: Неліктен баласын орысша оқытпақ? Бүгінгі бұл оқиға, парламентте майшаммен қарауға тұратын мәселе барын аңғартты!«Депутаттардың көзінше Путинмен қорқытты»: Бір топ қазақ орыс сыныбын аштырғысы келеді

Фото: Серік Ерғалидың парақшасынан алынды.

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

       "Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады

Мақалада: «Депутаттардың көзінше Путинмен қорқытты»: Бір топ қазақ орыс сыныбын аштырғысы келеді

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС