"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Не әкімдіктің, не полицияның шамасы келмейді»: астаналық тұрғындар «INVICTUS» фитнес-орталығының жұмысына шағымданды

Көпқабатты үй астынан ашылған спортзалдың музыкасы балалардың зәре-құтын қашырады

05.05.2022
«Не әкімдіктің, не полицияның шамасы келмейді»: астаналық тұрғындар «INVICTUS» фитнес-орталығының жұмысына шағымданды
153
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде тұратын тұрғындар соңғы бірнеше айдан бері тыныштықта өмір сүруден қалған. Өйткені, үйдің төменгі қабатынан ашылған «INVICTUS» фитнес-орталығы күні бойы музыканың дыбысын төмендетпейді екен. Полиция мен әкімдіктен көмек сұраған тұрғындарға мамандар «қолымыздан түк келмейді» деп жауап беретін көрінеді.

«Сказочный мир» тұрғын үй кешенінде тұратын Альбина Әтеннің екі ұлы бар. Үлкені мектеп оқыса, кішісі әлі жасына толмаған. Жас ананың шақалағы күндіз ұйқыдан қалған: фитнес-орталықтан шыққан музыка мен темір-терсектің дүрсілінен сәби шошып оянады екен. Ал, үлкен ұлы дәл осы себептен сабағын оқи алмайды. Соңғы айда оның үлгерімі күрт нашарлап кеткен.

«Фитнес-клубтың музыкасы, адамдардың жаттығып жатқаны, ауыр темірлердің «гүрс» еткен дыбысы біздің үйімізге, әсіресе ұлымның бөлмесіне қатты естіледі. Тұрғындар осы мәселені айтып, клуб әкімшілігіне бардық. Алайда, бізді түсінудің орнына ондағы қызметкерлер: «қайда барып арыздансаңдар да бәрібір» деді. Яғни, оларға көп шығын шығарып, дыбыс изоляциясын орнатқаннан, шағым түскенде айыппұл төлеп құтылған ғана тиімді болып отырған сияқты», — дейді Альбина Әтен.

Фитнес-орталық тарапынан дұрыс диалог орнамаған соң үй тұрғындары бірігіп, Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне арыз түсірген. Департамент мамандары фитнес-клубқа сараптама жасай келе, бұл мекеме шынымен де дыбыс нормаларын өте өрескел бұзып отырғанын анықтаған.

«Алайда, осыған қарамастан, яғни дыбыс нормасы бірнеше есе артық болса да, полиция бұл орталыққа айыппұл сала алмайды, оны жоспардан тыс тексере де алмайды. Өйткені, қазір шағын және орта кәсіпкерлердің жұмысын рұқсатсыз тексеруге мораторий жарияланған», — дейді үй тұрғыны.

Қалалық санитарлық-эпидемологиялық департаменттің баспасөз қызметі тұрғындардың өтініш айтқанын растап, олардан арыз түсе сала мамандар бірден нысанға барғанын хабарлады.

Альбина Атен айтқандай, департамент мамандары фитнес-клуб дыбыс нормасынан асыра жұмыс істеп отырғанын растап, құжатпен бекітіп берген.

«Біз бұл проблемадан хабардармыз. Шағын және орта кәсіпке қойылған мораторийге байланысты біз тексеруге рұқсат алу үшін республикалық санитарлық-эпидемологиялық бақылау жүргізу комитетіне хат жаздық, комитет Денсаулық сақтау министрлігіне хат жазып, министрлік кезектен тыс тексеру жүргізу үшін бұйрық шығаруы керек. Біз бұл мәселені назарда ұстаймыз», — деп хабарлады астаналық департаменттің баспасөз қызметі.

Альбина Әтен музыка мен темірдің дүрсілінен зардап шектім десе, осы үйде тұратын Нұрия Өмірзақованың жағдайы одан да күрделі. Оның пәтеріне музыка дыбысы аса қатты естілмесе де, фитнес-орталықтан шығатын жағымсыз иістің бәрі вентиляциялық құбыр арқылы ас бөлмеге тікелей жетеді екен.

«Қыста терезені аша алмай әбігерге түсеміз, жазда ас үйде тамақ ішу мүкін емес, тердің сасық иісінен құтыла алмай отырмыз», — деп шағымданды ол.

Бұл ретте, Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі ДСМ жауабын ала сала, фитнес-клубқа тексеру жүргізетінін хабарлады. Сондай-ақ, тексеру қорытындысы БАҚ өкілдері мен тұрғындарға да міндетті түрде хабарланады деп сендерді.

Ал, Альбина Әтен шағын және орта бизнеске қойылған мораторийдің шарттарын өзгертуді ұсынып отыр.

«Бізді ешкім тексере алмайды» деп басқа азаматтардың өмірі мен денсаулығына ешкімнің нұқсан келтіруге құқығы жоқ. Ал, дәл қазір заң бұзушылықты қарастыратын мерзімдер өте ұзақ. Тексеруге келгенше біздің денсаулығымызға зиян тие береді. Денсаулық комитеті мен полицияда ешқандай өкілеттілік жоқ. Қолдары байлаулы. Соттың істерді қарау мерзімі ұзақ», — дейді ол.

Тұрғындардың тыныштығын бұзған «INVICTUS» фитнес-орталығы тілшіміздің қоңырауна жауап берген жоқ.

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

 "Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады

Мақалада: «Не әкімдіктіңне полицияның шамасы келмейді»: астаналық тұрғындар «INVICTUS» фитнес-орталығының жұмысына шағымданды

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

15 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

15 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

19 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС