"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

2023 жылдан бастап Қазақстанда көлікті сақтандыру бағасына өзгеріс енгізілмек

11.05.2022
2023 жылдан бастап Қазақстанда көлікті сақтандыру бағасына өзгеріс енгізілмек
273
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2023 жылдың қаңтар айынан бастап көлікті міндетті сақтандыру құны өзгереді. Бұған дейін сақтандыру бағасы айлық есептік көрсеткіш пен жүргізушінің өтіліне байланысты болса, енді полис тіркелетін аймақтағы жол-көлік оқиғасының санына қарай белгіленбек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасына сілтеме жасап.

Егер көлік Нұр-Сұлтан сынды мегаполисте тіркелсе, сақтандыру бағасы аудан орталығында тіркелген көліктікіне қарағанда қымбатырақ болмақ. Яғни шет аймақта тұратын жүргізушілер үшін сақтандыру арзанға түседі.

«Меніңше, барлық аймақта сақтандыру бағасы бірдей болуы керек. Егер жол сапасы жақсы болса, мұндай өзгеріспен келісетін едім. Мұны әділетсіздік деп санаймын. Бәлкім, белгілі адамдардың қызығушылығы үшін жасалып отыр», – дейді нұр-сұлтандық көлік жүргізуші.

«Егер мен жол апатына түспесем, неліктен көбірек төлеуім керек. Бірнеше жылдан бері жол апатына ұшыраған жоқпын. Бассыздық қой. Көп ақшаны қайдан аламыз», – деп қосты тағы бір жүргізуші.

«Мұндай өзгеріспен келісемін. Себебі қала тұрғындарының табысы жоғары. Бәлкім, табыс үшін салынған жасырын салық шығар», – дейді жүргізушілердің бірі.

Ал сарапшылар мұндай жаңашылдықтың сақтандыру полистері үшін тиімді екенін айтады. Баға өскен сайын полистердің табысы да артады.

«Егер баға расымен өссе, полистердің жауапкершілігін де арттыру мәселесі көтерілу керек. Бұл мәселе 2018 жылы да қозғалған. Осы кезде жол апатынан зардап шеккен көлікке төленетін өтемақының максималды көрсеткішін 600 АЕК-ден 1 200 АЕК-ге дейін көтеру туралы айтылған. Алайда адам қаза тапқанда, жол апатынан алынған жарақат кезінде берілетін өтемақы мөлшері өсті», – дейді «Жол апатынан кейінгі мәселені реттеу бюросы» ЖШС директоры Сергей Ставицкий.

Сарапшылар бағаны өсіру туралы айтқанда ортадағы тепе-теңдікті сақтау керек дейді. Яғни сақтандыру құны көтерілсе, полистерге артылатын жауапкершілік те өсуі қажет.

«Қазір сақтандырушылар төлейтін өтемақының шекті мөлшері 600 АЕК, 1 837 800 теңге. Мысал ретінде айтайын, 2012 жылы 3 миллион теңге болған көлік қазір 10 миллион теңге. Көлік бағасы 3 есеге артқан. Қосалқы бөлшектер де қымбаттайды. Бірақ сақтандырушылар төлейтін ақша 19 жылдан бері өзгеріссіз тұр. Ортада тепе-теңдік болу керек. Сақтандыру бағасымен бірге жауапкершілік те өсуі қажет», – деп қосты Сергей Ставицкий.

Мамандар тіркелетін орынға қарай баға тағайындалса, жүргізушілер мұндай жаңашылдықты айналып өтетін амалдарды іздейді дейді. Мысалы, көлігін шалғай аймаққа тіркейді.

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

 "Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады

Мақалада: 2023 жылдан бастап Қазақстанда көлікті сақтандыру бағасына өзгеріс енгізілмек

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

21 час бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

21 час бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

21 час бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

2 дня бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

4 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

4 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

4 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

5 дней бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС