"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЕЛ ІШІНДЕ

17.05.2022
КОНСТИТУЦИЯҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУЛЕР БОЙЫНША БАҒЫТ-БАҒДАР
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЕЛ ІШІНДЕ

 

Өткен аптада Семей қаласына Парламент Мәжілісінің депутаттары Әмірхан Рахымжанов пен Жанат Омарбекова іссапармен келді. Қала әкімі Бақытжан Байахметов өңірге халықпен кездесу үшін келген депутаттарды қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырып, ағымдағы жылға жоспарланып отырған жұмыстар туралы баяндады.

Депутаттардың жастармен кездесуі Шәкәрім университеті мен Alikhan Bokeikhan University-де өтті. Сондай-ақ Абай атындағы театрда Жанат Омарбекова театр ұжымымен және мәдениет саласының қызметкерлерімен жүздесті. Кездесулерде Парламент Мәжілісінің депутаттары Мемлекет басшысы ұсынған конституциялық өзгерістер мен алдағы референдумның маңыздылығын және оған қатысу жаңа Қазақстанды құруға бағытталған шара екенін атап өтті.

Жиында айтылғандай, ел Президенті ұсынған конституциялық өзгерістер республикалық референдумға шығарылады, яғни оларды қабылдау тікелей жалпыхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Референдум сияқты демократиялық институтты қолдану, негізгі заңға түзетулер елдің болашағына айтарлықтай әсер етеді. Конституциялық реформа жалпыұлттық сипатқа ие.  Ол жаңа мемлекеттік модельді құрады.

Өзара іс-қимылдың жаңа моделіне көшу Парламенттің қарқынды жұмысын, заң жобаларын жедел қарауды талап етеді. Мәжілісті қалыптастырудың аралас моделін енгізу, Парламенттің бақылау функцияларын кеңейту — осы және басқа да конституциялық өзгерістер Парламенттің рөлін едәуір күшейтіп, мәртебесін арттырады.

Ұсынылып отырған түзетулер азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктеріне қатысты болады. Азаматтардың, Бас прокурордың және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жүгіну мүмкіндігімен Конституциялық соттың құрылуы олардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуын едәуір күшейтуге мүмкіндік береді.

Депутаттардың халықпен кездесулерінде басқа да мәселелер айтылды. Мысалы, мұқтаж жандарға көмек көрсетуде еріктілердің жетіспейтіні жайлы мәселе қозғалды. Бақытжан Байахметов өзінің орынбасарына бұл мәселені анықтап, волонтерлік қызмет жұмысын күшейтуді тапсырды. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ Галето көшесінде демалуға арналған орынның жоқ екенін айтып, жақын жерден саябақ салуды ұсынды. Бұл мәселе алдағы уақытта қарастырылатын болды.

Қала тұрғындарымен кездесулерден кейін депутаттар AMANAT партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдады.

Мәжіліс депутаттары Әмірхан Рахымжанов пен Жанат Омарбекова Қарағайлы шағын ауданында болып, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығының құрылыс жұмысымен танысты.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мақалада: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЕЛ ІШІНДЕ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

22 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

22 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

22 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

23 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

24 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

24 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС