"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЯРЛЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР

17.05.2022
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЯРЛЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптаның соңында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов шаһардағы «Зооветинститут», «103-103А», «№3 аудандық қазандық», «5-интернат» қазандықтарына барып, жылыту маусымына дайындық пен ыстық су беру жұмыстарының барысын тексерді.

«Зооветинститут» қазандығын 14,1 Гкал/сағ қосымша бу қазандығын орнатумен қайта құру жоспарлануда. Жобалаушы — «Семипалатинскгражданпроект» өндірістік кооперативі. Құрылыс — монтаж жұмыстарының құны 1887,1 млн теңгені құрайды. Сараптама ағымдағы жылдың 31 мамырында дайын болады деп күтілуде. Бұл орайда батареялық циклонын ағымдағы жөндеуге қалалық бюджеттен 8 млн-ның үстінде ақшалай қаражат бөлінді. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталмақ.

Өткен жылы «AmirZhoba» ЖШС-мен шарт жасалды. Жоба шеңберінде жалпы қуаты 60 Гкал/сағ қазандықтарды орнатумен «103» қазандығын қайта жаңарту жоспарлануда. Сараптаманы алу мерзімі ағымдағы жылдың қыркүйек айы. Әзірлеуге конкурс өткізу үшін материалдар дайындалып, ұйымдастырушыға жіберілді.

Қалалық бюджеттен су жылытқыштарын ағымдағы жөндеуге арнайы қаражат бөлінді. Жұмыстар алдағы айда басталмақ.

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» МКК РК-3 турбогенератор орнатумен 130 Гкал/сағатқа кеңейту» ТЭН әзірленуде. Мердігер ұйым — Нұр-Сұлтан қаласы «Жол көлік кешенінің басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты» ЖШС. Шартты орындау мерзімі – биылғы жылдың желтоқсан айы.

«ШҚО Семей қаласындағы «Теплокоммунэнерго» МКК РК-3 қайта жаңарту» жобасы құрылысының үшінші кезегі түзетілуде.

Мердігер ұйым «Азияэнергопроектмонтаж» ЖШС. Қалалық бюджеттен ағымдағы жөндеуге жалпы сомасы 55 305,898 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді. Жұмыстар алдағы маусым айының алғашқы күндері басталады деп күтілуде. Күз түскенге дейін аяқтап үлгеру қажет.

Сондай-ақ «5-интернат» қазандығын жөндеу де жоспарлануда. Қалалық бюджеттен ағымдағы жөндеуге жалпы сомасы 6 646,596 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді.

Жұмыстар алдағы маусым айында басталып, қыркүйектің алғашқы жұлдызында аяқталады деп көзделуде. Бұл жұмыстардың барлығы да қала әкімі Бақытжан Байахметовтің тікелей қадағалауында болады.

Ерлан АЙҚЫНҰЛЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЯРЛЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

13 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

13 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

17 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС