"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖҮЙЕЛІ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

19.05.2022
ЖҮЙЕЛІ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Приречный ауылдық округіндегі көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты.

Округтегі ең ірі ауыл шаруашылық тауарын өндіруші — «Агрофирма Приречное» ЖШС. Биылғы жылы компания егіс алқаптарының құрылымын бірнеше есе кеңейтті. Мәселен, өткен жылы дәнді дақылдар 309 гектар аумаққа егілген болса, биыл олардың ауданы 162 пайызға өсіп, 500 гектарды құрады.

Картоп егу 150 пайызға өсіп, 309 гектар аумақты құрады. Қырыққабат, сәбіз және мал азықтық дақылдар көбірек егілді.

— Бұл кәсіпорынның тарихы тереңде жатыр және қазіргі заманға сай жұмыс істеп келеді. Сұранысты ескере отырып, бұл жерде қаламыздың және өңірдің тұрғындарына қажетті дақылдар егістігі кеңеюде. Қазіргі таңда біз қаланың астық пен ұнға деген қажеттілігін толығымен қамтып отырмыз, енді картоп та өзімізде өсірілуі тиіс, — деп атап өтті Бақытжан Байахметов.

Семей қаласы әкімінің айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігі үшін көкөніс дақылдары көлемін ұлғайту маңызды. Қазіргі таңда көкөністерге деген ішкі қажеттіліктер 50-70 пайызды қамтып отыр. Шаруа қожалықтарына жүйелі негізде қолдау көрсету қажет.

— Бірінші кезекте, инфрақұрылымды ретке келтіру маңызды. Біз арнайы мемлекеттік бағдарламалар арқылы инвесторлар тартуды, сондай-ақ ауылдық өндірістік кооперативтерге қолдау көрсетуді жоспарлап отырмыз. Өткен жылы Семей қаласындағы шаруа қожалықтарының иелеріне 2 миллиард теңгеден астам сомаға қайтарымсыз субсидиялар берілді. Биылғы жылы мемлекет тек ақшамен ғана емес, тағы басқа да қажетті қолдау көрсетуді жалғастырады.

Мысалы, Семейдегі май экстракциялық зауыты шаруа қожалықтарының өнімін қабылдай алады. Олар өнімін өткізу үшін нарықты алыстан іздемейді, — деді Бақытжан Байахметов.

«Приречное Агрофирмасы» — қаланың көкөніс қоймаларына көкөністерді төмен, белгіленген бағамен тұрақты жеткізетін санаулы кәсіпорындардың бірі. Өткен жылы кәсіпорын үш мың тоннадан астам әр түрлі ауыл шаруашылық өнімдерін, оның ішінде картопты келісін 82 теңгеден жеткізді. Биыл агрофирма әлеуметтік бағамен көкөніс жеткізуді үш жарым мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Семей қаласының әкімі асыл тұқымды репродукторды кеңейту жөніндегі инвестициялық жобамен де танысты.  Оны іске асыру мерзімі 2025 жылға жоспарланып отыр. Жобаның құны 150,0 млн теңгені құрайды.

Агрофирма қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын өсіретін асыл тұқымды мал зауыты мәртебесіне ие. Кәсіпорынға 42169,2 гектар ауыл шаруашылығы алқаптары бекітілген. Мал азығы базасы асыл тұқымды мал басын азықпен толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінде шаруашылықта үш мыңнан астам асыл тұқымды мал басы бар.

Осы инвестициялық жобаны іске асырғаннан кейін мал басы көбейіп, сапалы элиталық ет өнімдері өндіріледі және жыл сайын жалпы салмағы 130 тонна асыл тұқымды  500 мал басы  232,2 млн теңгеге саудаланатын болады деп күтілуде.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мақалада: ЖҮЙЕЛІ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

7 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

7 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

11 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС