"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Мұғалім студенттердің шашын тақырлап алып тастаған: Елордадағы колледждердің бірінде дау шықты

Ол бұл әрекеті үшін жұмыстан қуылды.

18.05.2022
Мұғалім студенттердің шашын тақырлап алып тастаған: Елордадағы колледждердің бірінде дау шықты
845
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Нұр-Сұлтанда колледж студенттері сабақ үстінде жаңа «шаш үлгісін» жасатқан. Білімгерлердің шашты тақырлау туралы бастамасын тарих пәнінің мұғалімі қолдапты. Ол бұл әрекеті үшін жұмыстан қуылды. Ал студенттер сүйікті ұстаздарын қайтару үшін петиция құрып, телеарнадан көмек сұрады, деп хабарлайды  «Еуразия» арнасы.

Студенттер өз әрекеттерін ұсақ тентектік деп түсіндірді. Айтуларынша, олар Отан қорғаушылар күні қарсаңында биыл әскерге шақырылғандарды осылайша қолдамақ болған. Енді соған бола адамды жұмысынан айыру нағыз әділетсіздік, деп бас көтерді студенттер. Әрі жаңа «шаш үлгісіне» балалардың ата-аналарына да қарсы болмаған.

«Әкем тым болмағанда ерге ұқсадың, деді. Ал анам оңды көзқараспен қарады», — дейді 1-курс студенті Әділ Жаңабай.

 «Менің алдыңғы шаш үлгім ешкімге ұнамайтын. Каре еді. Маған бәрі шашыңды қысқарт дейтін. Әрі жігіттердің 7-мамырға орай бастаған идеяларын қолдағым келді», — дейді білімгер Әмір Құсайын. 

Студенттердің айтуынша, жұмысқа небәрі бір жарым ай бұрын келген жас ұстаздың арқасында олардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы жақсарған. Мұғалімді жұмыстан шығармау үшін олар петиция құрып, 80 қол жинап үлгерген. Алайда колледж әкімшілігі кәмелетке толмаған білімгерлер арасында мұндай қылыққа жол беруге болмайтынын қатаң түрде ескертті. Мұғалім де өз еркімен жұмыстан кетіпті.

«Студенттердің петиция құрғаны рас. Бірақ бұл педагогтің қалауы екенін түсіндірдік, оны күштеп алып қала алмаймыз. Барлығы екіжақты келісіммен болды. Студенттерді түсінемін. Мұғалім оларға дос сияқты болып кеткен шығар. Бірақ меніңше, бұл ұстаз бен студенттің қарым-қатынасынан гөрі достыққа көбірек ұқсайды»,- дейді колледж директорының оқу-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары Ләззат Ибраева.  

Ал тарих пәнінің мұғалімі білімгерлермен дос болғанның еш айыбы жоқ деп санайды. Десе де, Әділ Нұржанов челленджді сабақ үстінде жасау оңды шешім болмағанымен келіседі.

«Өз еркіңмен арыз жазбасаң, сені бір баппен шығарамыз, жеке ісіңе кіргіземіз деп қорқытты. Бірақ менің кеткім келмейді. Студенттеріме оларды бітіріп шығаратыныма уәде бердім. Балаларды жақсы көремін», — дейді Әділ Нұржанов. 

Мұғалім колледжден кету туралы арыз жазғанына өкінеді. Ал студенттер өзге білімгерлер мен ата-аналардан қол жинауды жалғастыруда.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

4 минуты бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

18 минут бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

29 минут бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

33 минуты бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС