"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Асхат Аймағамбетов: Офицерлер дайындау – ортақ міндет

Елімізде әскери-патриоттық тәрбиеге мән берілмек

20.05.2022
Асхат Аймағамбетов: Офицерлер дайындау – ортақ міндет
271
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Отандық университет түлектері әскери қызметтен өткен жағдайда, жоғары білім алу үшін берілген мемлекеттік грантты үш жыл бойы өтеу мерзімінен босатылуы мүмкін. Бұл жайында Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында ҚР ғылым және білім министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

Министр өз жазбасында, бүгінде жоғары оқу орындарында «мемлекет есебінен оқыған» студенттерге грантты «өтеу талабы қойылатынын» ескертеді. Ғылым және білім министрлігінің ұсынысы жүзеге асар болса, министр Аймағамбетовтың пікірінше, «бұл оқуға түсушілерді ынталандырып, әскери қызметке деген қызығушылықты арттыруы тиіс».

Ғылым және білім министрі Facebook желісіндегі парақшасында, кеше, яғни мамырдың 19-да ҚР қорғаныс министрлігімен бірлесіп «мектептерде әскери-патриоттық тәрбие беру, еліміздің әскери жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау және әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мәселелерін талқыладық» деп жазды 20 мамырда.

«Еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отансүйгіштікке тәрбиелеу, жастарды алғашқы әскери дайындықтан өткізу және офицерлер даярлау – ол ортақ міндет. Ал осы бағытта біздің министрлік өте маңызды рөл атқарады», — деп жазған министр Аймағамбетов, жастардың арасында әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысын арттыруды «Мемлекет басшысы тапсырғанын» алға тартып, ҚР ғылым және білім министрлігі атынан «Президенттің тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған» бірқатар ұсынысын жария етті.

Оның ішінде, мысалы, әскери борышын өтеген университет түлектері мен «Кадет» сыныбын бітірген түлектер грант алу үшін, оларға 5% квота бөлу жөнінде де айтылған. «Бұл жыл сайын 3000-нан астам студент» деп көрсеткен ғылым және білім министрі, аталған шара «мерзімді әскери қызметті өткерудің тартымдылығын арттырады» деп қосады.

Асхат Аймағамбетов, сондай-ақ: «Әскери қызметте немесе бітімгершілік және басқа да арнайы операцияларға қатысып, қаза тапқан әскери қызметшілердің балаларына университеттерде оқуға гранттар беру туралы норманы енгізуді» ұсынады.

Сол сияқты, еліміздегі мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген жастардың қазір «білім алуға мүмкіндіктері көп емес» деген ол, алдағы уақытта әскери борышын өтеп жүргендерге арнап «жаппай онлайн курстар ашылады» деп отыр. «Біз, сондай-ақ сарбаздардың оқу нәтижелерін қайта тексеруге және қысқа мерзімді курстардан өтіп, біліктілік емтиханын тапсырып, оларға жұмысшы мамандығын алғаны туралы диплом беруге дайынбыз», — дейді Асхат Аймағамбетов.

Министр тарапынан айтылған «тағы бір маңызды бастама»: әскери бөлімдердің кейбіреуінде колледждер ашу тұрғысында. «Осы мәселе бойынша талдау жүргізіліп, нақты шешім қабылданады», — деп жазады ол.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге негізделген іс-шаралар қатарында еліміздің Ғылым және білім министрлігі тарапынан ұсынылған өзекті мәселенің бірі – жоғары оқу орындарындағы «әскери кафедраларды оңтайландырып, қайта  қарау» тұрғысында.

«Бізді олардың жұмысының сапасы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері алаңдатады» деп жазған Асхат Аймағамбетов, «студенттерге нашар білім беріп, сапаны көтеруді ойламайтын әскери кафедраларды жабу қажет» деп есептейді. Министр, сондай-ақ, әскери кафедралардың барлық қызметкерін «қайта аттестациядан өткізу керек» деп отыр.

Сол сияқты, егер отандық кадет сыныптарының түлектері әскери-техникалық бағыттағы жоғары оқу орындарында білім алуға ниетті болса, онда Ғылым және білім министрлігі оларға арнап квота бөлу мүмкіндігін қарастырмақ. Министрдің мәліметінше, қазір елімізде жалпы білім беретін мектептердегі кадет сыныптарында 22 мыңнан астам оқушы білім алады. Кадет сыныптарының жұмысы «НҚА-да регламенттеледі» деген Асхат Аймағамбетов, «оқу бағдарламалары, ынталандыру пакеттері және басқа да мәселелер Қорғаныс министрлігімен бірлесіп  шешіледі» деп жазады.

Ғылым және білім министрі, сонымен қатар, «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша да сөз қозғап, бұл тұрғыда «оқу бағдарламасын тәжірибеге бағытталған білім мен машық алу бағытында жаңартудамыз» деп көрсетеді.

«Біз Қорғаныс министрлігінен 5 күндік әскери-дала оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін оқу полигондарын беруді сұрадық, бұл «алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің бағдарламасында бар» деп жазады Асхат Аймағамбетов.



Мақалада: Асхат Аймағамбетов: Офицерлер дайындау – ортақ міндет

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

20 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

20 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

20 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

21 час бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС