"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Адамдарды қаңғыбас иттерше өлтірді: 200-ден аса украиндықты құтқарған азамат қазақстандық төлқұжаты қалай көмектескенін айтты

20.05.2022
«Адамдарды қаңғыбас иттерше өлтірді: 200-ден аса украиндықты құтқарған азамат қазақстандық төлқұжаты қалай көмектескенін айтты
8.9k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Константин Гудаускас – қазақстандық журналист және құқық қорғаушы. Елден кетуге мәжбүр болған отандасымыз соңғы үш жыл Украинада тұрады. Ресей Украинаға басып кірген кезде ол Киев облысының Буча қаласында болған. Соғыс ошақтарынан екі жүзден аса адамды құтқарған ол жантүршігерлік көріністерді көзбен көрген. Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында ерікті ресейлік әскерилермен кездесуі, көрген сұмдық оқиғалары және құтқару операцияларында қазақстандық төлқұжаттың өзіне қалай көмектескені жайлы айтып берді, — деп хабарлайды Семей таңы ақпараттық порталы.

Кімде кім сұрамасын “қазақпын” деп жауап беремін

Константин Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында дүниеге келген. Туған жерін мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан даланың заңдары мен дәстүрлері сақталған ауыл деп сипаттап берді. Қазақтар мен Қазақстан жайлы әсерлі сөйлейді. Сөздерінен отанына деген ерекше махаббаты сезіледі.

“Қазақ дәстүрінің рухымен ер жеткеніме әрқашан мақтанамын. Ана сүтімен бірге, ауылдағы ата-әжелеріміздің қарауында өстік. Ауылдағы өмір үлкен қалалардағы өмірден әлдеқайда ерекшеленеді. Кімде кім менен сұраса да, “қазақпын” деп жауап беремін.

Бастапқыда қатты таңғалады, бірақ сөйлесе келе кім екенімді түсінеді. Барлығына, соның ішінде Украинадағы азаматтарға былай деймін “ата-аныңыз кім екені маңызды емес, кім болып өскеніңіз маңызды. Бұл – сіздің отаныңыз, ұлттық ерекшелігіңіз. Мен Қазақстанда туып өстім, сондықтан мен қазақпын”, – дейді ол әсерленіп.

Елден кету себебі

Гудаускас бірнеше жыл бұрын өзіне қатысты туындаған мәселелерден соң елден кетуге мәжбүр болған.

Ол – Тұтқындарға қатысты құқық қорғау коалициясының республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі. Осы бірлестіктің сайлауда бақылаушы орган болуына байланысты бірқатар сот отырыстары өткен. Көп адамның, қоғамның араласуымен жеңіп шыққан.

“Мені елден кетуге мәжбүрледі. Отанымды жамандамаймын, бізді солай тәрбиелеген. Сондықтан қазіргі уақытта елде ірі саяси өзгерістер болады деп үміттенемін.

Бұл мені ренжіп, не болмаса ашуланып кетті дегенді білдірмесе керек. Себебі, Отан – ол сенің анаң, яғни сен өз Отаныңа ренжіп, оны ұятқа қалдыра алмайсың. Өзіміздің үйімізде орын алып жатқан жағдайларды үшінші тараптың қатысуынсыз өзіміз шешуіміз қажет”, – дейді ол.

Отандасымыз қазақстандық төлқұжатынан бас тартпаған. Осы себепті соғыс басталғана құжат адамдарды құтқаруда көмектесті дейді. Сөзінше, Украинада эвакуациямен айналысып жатқанда өзіне ұсыныс жасағандар болған.

“Қаласам, Еуропалық азаматтықты ала аламын, себебі әкем литвалық. Мен – өз даламың баласымын. Ол менің отаным және мен одан ешқашан бас тартпаймын”, – дейді ол.

Төрт рет оқ атылды, бір рет жараландым, миым шайқалды

Соғыс басталған түні Украина үшін не істей аламын деп ойландым дейді Константин. Соғысты Буча қаласында “қарсы алған”.

“Қазір Киевте тұрып жатырмын. Бірақ дәл қазір Львовқа бірнеше күнге келдім. Соғысты Буча қаласында қарсы алдым деуге болады. Таңғы сағат 4:30-да Гостомель әуежайына ресейлік десант түсті. Бұл менің үйімнен 1,5 км жерде еді. Мен бәрін өз көзіммен көрдім. Қабылдау қиын болды.

Бірден жақын танысыма хабарластым, ол Қырымның татар қызы. Украина үшін не істей аламын деп сұрадым. “Сенде қазақстандық төлқұжат бар, соны қолданып көрейік, оккупацияланған территориядан іздестіріліп жатқан отбасыларды шығару керек” деді. Бұлар барлау ісінде жұмыс істейтін азаматтардың отбасылары еді. Балалар мен әйелдерді шығар керек болды. Осылайша бірінші күннен таңнан бастап адамдарды эвакуациялаумен айналыстым. Төрт рет оқ атылды, бір рет жараландым, бір рет миым шайқалды. Құдайға шүкір ата-бабаларымның рухы маған демеу болды”, – дейді ол.

Қазір Константин гумманитарлық көмек жасаумен айналысуда.

“Қасыма басқа да қазақ қарындастарым қосылды. Адамдарға палау жасап, бауырсақ пісіріп, гумманитарлық көмек берудеміз. Кейбіреулер нағыз палауды бірінші рет жегендер, біздің тағамдарымызға қатысты жақсы әсерлерін бөлісуде. Мұның бәрі тек өз тарапымыздан қаржыландырылады”, – деді отандасымыз.

"Адамдарды қаңғыбас иттерше өлтірді: 200-ден аса украиндықты құтқарған азамат қазақстандық төлқұжаты қалай көмектескенін айтты
Константин Гудаускас, жеке архивтен

Еуропаға кетіп, украиндықтарға жаным ашып отыра бере алар едім

Константиннен не себепті соғыс жағдайында адамдарға көмектесуді ойладыңыз деп сұрадық.

“Терезенің сыртында адамдардың қыршыннан қиылып жатқанын көргенде, не туралы ойлай аласың? Үйіңнің үстінен бомба жарылып өткенін күтіп, жайдан жай өліп қала салу керек па еді? Өмір мән мағынаға толы болуы керек. Оның мағынасы мынада: сенің өмірің басқа адамдардың өмірін құтқарып қалса тамаша. Сонда оның мәні бар. Басқаның бәрі – паразитизм.

Мен де басқалар сияқты киімімді жинап, кетіп қалуыма болар еді. Еуропаға кетіп, украиналықтарға жаным ашып отыра бере алар едім. Пост жазып, лайк басып отыра беруге де болады. Бірақ мені бұлай үйреткен жоқ. Ақсақалдардың тәрбиесі бойынша, егер қайғыны, қиындықты көрсең оны шешуге, көмектесуге міндеттісің деп өсірді”, – деп жауап берді ерікті .

Ресей әскерлерімен алғашқы кездесу: адамдарды қаңғыбас иттерше өлтірді

“Ең алғашқы кездесу 24-і күні болды, яғни соғыстың басталған уақыты. Ол кезде басқа тапсырмалары болды, блок бекеттер болмады. Мен аяғы ауыр, балалары бар әйелдің артында келе жаттым. Оларды әйелім мен балаларым деп таныстырдым.

Әскерилерге: Киевтен келдім, үйіме снаряд құлады, құжаттарым жойылды деп айттым. Осының барлығын сол жерде ойдан шығаруға тура келді. Ауыл Киев қаласынан 45 шақырым қашықтықта болатын. Қазақстанның азаматы екенімді растайтын құжаттарымды көрсетіп, ол жақта отбасымның бар екендігін айттым. Осы желеу әңгімемен мені ары-бері өткізді. Бірақ кейін мен шындықты айтатын болдым. Яғни, маған әлеуметтік желілер арқылы өздерінің туыстарын, ата-әжесін, балаларын шығарып беруімді сұрайтын халыққа көмектесмін дейтін болдым”, – деп есіне алады Константин.

Окупация уақытында бас-аяғы 203 адамды құтқарған қазақстандық олардың ішінде мәдениет өкілдері, балалар мен қарттар болғанын айтады.

Әйелдер жылап, тізерлеп, жалбарынған сәттер де болды

Әскерилер ішінде: буряттар, краснодарлық десанттар болды, ал Псков қаласының десанттары ең қатігездері еді дейді қазақстандық.

“Ресейде қаңғыбас иттерді өлтіретіні сияқты қырды адамдарды. Адам далада келе жатса, баласы бар ма, жоқ па, әйел, ер адам, баласымен болсын, жасы үлкен әжелерге дейін барлығын өлтіретін. Яғни, олардың түсінігінде бұл жерде нацистер, фашистер өмір сүреді. Мен бұл жерде үш жылдан бері тұрамын, үш жыл бойы орыс тілінде сөйлеймін. Бұл мәселеде осы уақытқа дейін ешқандай қиындық болған емес. Бұл – пропаганда.  Қазақстанда тұратындар, Ресейдің телеарналарын көреді. Бассыздық қой, қарап тұрсаңыз. Мұның барлығы өтірік.

Сен бұл елге бейбіт көзқараспен келген болсаң, украиндықтар да қазақтар сияқты өте қонақжай, ішер асыңызды, жататын орныңызды да ұсына алады. Бірнеше ондаған жылдар бойы Ресей сегментінде жүрген пропаганда, өтірік дәл осындай рашистер тәрбиелеп шығарды. Әйелдер жылап, тізерлеп, жалбарынған сәттер де болды. Бұл қандай мәдениет екенін, бұл адамдар қандай тәрбиемен өскенін мен түсінбеймін. Бұның барлығы да түбегейлі түрде тоқтатылуы қажет. Ресей мұндай қаруға ие болмауы керек”, – дейді ол.

Бастан неше түрлі жағдайлар өтті деген ол адамдардың бойында үлкен қорқыныш, үрей биледі дейді. Тіпті блок бекеттерге келген уақытта өздерінің есімдерін атай алмай қалатын жағдайлар болған.

“Бір жігіт дәл осындай қорқынышпен блокбекеттегі тексеріс кезінде өзінің бұтына жіберіп қойған. Әрине, аспанда үнемі ұшақтар ұшып, снарядтар атылып, оқ жаудырып жатқан уақытта кімнің де болсын бойын қорқыныш билеп алады. Майдан алаңын өтіп, украиналықтардың бекеттеріне жеткен уақытта барлығы көз жастарына ерік беретін”, – дейді ол.

Менен «Өліп қалудан қорықпайсың ба?” деп сұрайтын

“Менің бойымда бір кемшілігім бар. Бала күнімнен, мектеп кезінен қорқыныш дегенді білмеймін. Алты жасымызда жылқы табыны тұрған қоршауды ашып, атылып шыққан жылқыларды жалынан ұстап мініп алатынбыз. Құласаң бітті, жылқының астында қаласың. Жылқыға жүгенсіз, жайдақ мінемін. Аяққа тұрып, жүріп үйренбес бұрын атқа мініп үйрендім. Біздің ауыл Ақтөбеден 127 шақырым жерде орналасқан. Ауылда тек қана бір дүкен болды, дүкенге тек сіріңке секілді ұсақ-түйек заттар үшін ғана баратынбыз. Себебі тұрмысқа қажеттінің барлығы үйде болатын. Сондықтан ешқандай қорқыныш жоқ. Қорқыныш деген не – ешкімнің өміріне араша бола алмай қорқынышта өлу. Орыстар мұны сезді. Менен «Өліп қалудан қорықпайсың ба?» — деп сұрайтын”, – дейді Константин.

"Адамдарды қаңғыбас иттерше өлтірді: 200-ден аса украиндықты құтқарған азамат қазақстандық төлқұжаты қалай көмектескенін айтты
Константин Гудаускас, жеке архивтен

Егер дәл осындай жағдай Қазақстанда қайталанса, қару алып өлтіруге аттанамын..

Менің соғысқа дейінгі және одан кейінгі өмірім бар дейді Константин. Айтуынша, бәрінен де орыстарға деген жеккөрініш сезімі қалып кете ме деп қорқады.

“Себебі мен мына өзімнің көзіммен көрген нәрсені ұмыту да, кешіру де мүмкін емес. Қарусыз, еш кінәсі жоқ адамдарды өлтіріп жатты. Кезінде фашистік немістер еврейлерге жасағаны сияқты, орыстар да украиндықтардың қолына байлауыш  байлап жүргізді. Бір жағдайды айтып берейін. Әйелі, күйеуі және ересек баланы көрдім, яғни бір отбасы. Ресейліктердің бекетіне жетпес бұрын ер адамның басынан атты, құлаған ер азаматтың үстіне әйелі құлады. Артынша ересек баланы атты, көлікпен қайта келіп, өлі-тірі арасында жатқан әйелді атып кетті. Осының барлығын өз көзіммен көрдім. Адамдар тек қашып шыққысы келген еді. Олардың барлығы әскери емес, қарапайым халық”, – деп есіне алады ол.

Отандасымыз қолыма қару алып, мен де халықты қорғауға шығып кету туралы ойлар болатынын айтады.

“Егер дәл осындай жағдай менің елімнің басына туса, сөзіме сеніңіз, мен бір секунд та ойланбастан, қолыма қару алып қарсы өлтіруге аттанамын”, – дейді ол.

Соғыс болып жатқан уақытта Константин Украинда қалып, ерікті ретінде көмегін жалғастырмақ. Ал соғыс біткенде отанына, үйіне қайтып оралғысы келетінін жасырмады.

“Бірінші кезекте жылқыға отырып, өзімнің жайлауымда беймарал жүргім келеді. Сол жерде ары қарай не істейтінімді, адамдарға, отаныма пайдалы болатындай не істеуге болатынын ойластырамын”, – деді ол біраз уақыт кідірістен соң.

Stan.kz

Мақалада: "Адамдарды қаңғыбас иттерше өлтірді: 200-ден аса украиндықты құтқарған азамат қазақстандық төлқұжаты қалай көмектескенін айтты

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

4 часа бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

4 часа бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

6 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

24 часа бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС