"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТАЛАБЫ ҚАТТЫ…

31.05.2022
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТАЛАБЫ ҚАТТЫ…
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласы әкімдігінде Қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Қоғамдық кеңестің қазіргі құрамында үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қоғам белсенділері және басқа да қаланың белгілі азаматтары – барлығы 21 адам бар. Бұрын кеңес құрамында 13 адам болса, қазір айтарлықтай кеңейіп, 80 пайызға жаңарған. Заңнамаға сәйкес, қоғамдық кеңес мүшелері 2 реттен артық сайлана алмайды.

Жиында Қоғамдық кеңес төрағасы Шаған Жұмақсанов атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады. Кеңес төрағасының айтуынша, қазіргі құрамдағы кеңес ұйымдастыру мәселелерін талқылау үшін бірнеше рет отырыс өткізген. 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, өндірістік, бюджеттік, әлеуметтік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы 4 комиссия құрылды. Кеңес мүшелері сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларын және жол жөндеу жұмыстарын бақылау шараларына белсенді қатысты.

Кеңес отырысында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов бюджет қаражатын тиімді пайдалану және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу үшін қоғамдық бақылаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

— Қоғамдық кеңестің құрамына лайықты, беделді тұлғалар сайланды, олардың әрқайсысы нақты саладағы кәсіби мамандар. Сіздердің білімдеріңіз, тәжірибелеріңіз кеңес алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Семей қаласының бюджетіндегі қаражат едәуір ұлғайды, оның дұрыс, тиімді жұмсалуы үшін қоғамдық бақылау қажет, — деді Бақытжан Байахметов.

Қала басшысы жер телімдерін бөлуде және жол құрылысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу қажеттігін, сондай-ақ жерді өздігінен иемденіп алуға, бейберекет құрылыс салуға жол берілмеуі керектігін ерекше атап өтті.

— Қандай да бір рұқсат құжаттарынсыз көп пәтерлі үйлер салу жағдайлары болды. Біз көшелердің белгілі бір учаскелерін кеңейте алмаймыз, өйткені ол жерлерде кейбір коммерциялық нысандар салынып, тіпті жолды жауып тастаған жағдайлар да кездесті. Біз кәсіпкерлікті дамытуға қарсы емеспіз, бірақ бәрі заң талаптарына сәйкес болуы керек, — деді қала әкімі.

Бақытжан Баяхметовтің айтуынша, жол жөндеу, көшелерді тазарту жұмыстары сапасыз жүргізілген жағдайда қоғам өкілдері шаралар қолдануы тиіс. Жауапсыз мердігерлердің жетегінде кетпей, қажет болған жағдайда, оларға өз міндеттерін тиісті деңгейде орындату маңызды.

Қала басшысы шаһардың сәулеттік келбеті, үйлердің қасбеттерін жөндеу, қазандықтар мен басқа да жылу көздерінің қуатын арттыру, су құбырларын жүргізуге қатысты жоспарланған жұмыстардан хабардар етті. Бақытжан Кәкенқажыұлы осы жобалардың барлығына көлемді қаражат бөлінетінін, оларды жүзеге асыру барысында да, аяқталғаннан кейін де Қоғамдық кеңестің бақылауын күшейту қажеттігін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Заңға сәйкес, Қоғамдық кеңес дегеніміз – министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын консультативтік-кеңесші, бақылаушы орган.

Қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты – қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру. Қоғамдық кеңестердің ұсынымдары заңнамада көзделген шешімдерді қабылдайтын және уәжді жауаптар беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарауы үшін міндетті болып табылады.

Данара НҰЛЫБЕКҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТАЛАБЫ ҚАТТЫ...

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

8 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

9 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС