"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

XVIII ЕҢБЕК МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

31.05.2022
XVIII ЕҢБЕК МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Жасыл ел» — 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама. Бүгінгі күні бұл жоба жастар үшін патриоттық мектепке айналып отыр. Бағдарламаның негiзгi мақсаты — жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру, елді мекендерді жасыл желекпен көмкеру, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезiмдерiн дамыту. Бағдарламаның тағы бір тиімді тұсы — жастарды еңбекке баулу. 

Өткен сенбі, 28 мамыр күні Семей қаласында «Жасыл ел»  еңбек жасақтарының XVIII маусымының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Арайлым Есімбекова, «Зеленстрой» ЖШС директорының орынбасары Мұратхан Скенов, «Жасыл ел» еңбек жасағының жетекшісі Мақсат Карибаев, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Данияр Жүнісов және «Жасыл ел» еңбек жасақтарының белсенділері қатысты.

— «Жасыл ел» — жастарды еңбексүйгіштікке, адал еңбек етуге шақырады. Мысалы, жасақтың Семей орманы резерватында жаз бойы істеген еңбегінің нәтижесі күзде көрінеді. Мұның өзі еңбекке баулудың бір көрінісі. Бұл жасақта болған қаншама жас бастама көтеріп, биік мінберлерден сөз сөйлеп, қатарластарын өзінің артынан ерте алатындай дәрежеге жетті,- деді Айдар Серікқазыұлы.

Қала әкімінің орынбасары сонымен қатар бұл шараның Шәкәрім университеті шаңырағында өтуінің де өзіндік мәні бар екендігін атап өтті. Жасақ құрамында болған осы білім ордасының белсенді студенттері көшбасшы атанып, бірнеше мәрте республикалық деңгейде жүлделі орындарға ие болған.

Салтанатты шарада сөз алған AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Арайлым Есімбекова рухани тұрғыда ғана емес, материалдық жағынан да бұл бағдарламның пайдасы зор екендігіне тоқталды:

— «Жасыл ел» жасақтарында көптеген мүмкіндігі шектеулі, көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан жастар, істі болған азаматтар да жұмыс істейді. Жастар жазғы маусымда еңбек етіп, отбасына көмектесуге мүмкіндік алады. «Жасыл ел» жастарға жасалған үлкен мүмкіндік деп санаймын,- деді ол.

Қаланы абаттандырумен айналысатын «Зеленстрой» ЖШС директорының орынбасары Мұратхан Сәкенов белсенді жастарды жұмысқа шақырды. Жұмысқа орналасқан жастар бағдарлама шеңберінде қаланы көркейтуге атсалысады.

Былтырғы жылы «Үздік отряд командирі» номинациясының жеңімпазы атанған Абай аудандық «Жасыл ел» жасағының өкілі Нұрасыл Кенжеғалиұлы жұмыстың қиындығы мен қызығы қатар жүретінін айта келіп, өз жасағының жетістіктерін мақтанышпен жеткізді.  Ол «Жасыл ел» жасағының атқарған жұмысын жастардың қоғамға қосқан үлесі деп санайды.

Айта кетейік, биылғы маусымда облыс бойынша 1200 жас жұмыспен қамтылмақ. Бұрын жасылелдіктердің жалақысы 50-60 мың теңге болса, ағымдағы жылы 90-95 мың теңгеге көтерілген. Еңбек маусымының соңында дәстүрлі түрде 10 аталым бойынша үздіктер марапатталатын болады. Облысымыз «Онлайн штаб» және «Жыл серпіні» аталымдары бойынша  екі жыл қатарынан республикада дараланып, жеңімпаз атанған.

Жалынды жастардың басын қосқан тағылымды шара соңы Шәкәрім университеті студенттерінің концертіне ұласты.

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында жастардың күшімен 17 жылда сан мыңдаған ағаш отырғызылды, қала, ауыл-аймақ жасыл желекке оранды.

«Жасыл елдің» XVIII маусымында еңбек ететін жастардың ісіне сәттілік тілейміз!

Мерей СЕЙІЛХАНОВА,

Шәкәрім университеті студенті

Мақалада: XVIII ЕҢБЕК МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС