"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАЛЫНДЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖИЫНЫ

27.05.2014
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен бейсенбі күні Семейдің орталық алаңында республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ІІ қалалық жиыны өтті. Салтанатты шараны білім бөлімінің қолдауымен «Жас жұлдыз» балалар орталығы ұйымдастырды.

Ұйым Елбасының бастамасы бойынша құрылған ҚР балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «Жас Ұлан» — өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухына қалыптастырады. Осындай бағдары айқын ұйымның жұмысы Семей шаһарында 2011 жылы өз жұмысын бастады. Бүгінде  құрамында қаламыздың 5510 озат оқушысы бар. Ұйым жұмысын қадағалап, бастамашы болатын қалалық ұланбасылар Кеңесі де жұмыс істеуде.

Дәстүрлі түрде өткізілетін шараның мақсаты – ұландарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарымызды бағалауға баулу. Сонымен қатар, білімді, тәрбиелі оқушылар арасында «Жас Ұлан» қатарына ену мәртебесінің биіктігін түсіндіру. Қалалық білім бөлімі тәрбие секторының меңгерушісі Сәуле Абдуллақызы ел ертеңі болар ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуде ұйымның алар өзіндік орыны болуға тиіс екенін айтады.

-«Жас Ұлан» — салауатты өмір салтын ұстанған, білімді де тәрбиелі қазақстандықтардың ұйымы. Жасұландық оқушылар “өте жақсы” деген бағаға оқиды, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, үлкенге ізеттілік, кішіге қамқорлық көрсетеді. Ол —  өз Отанының патриоты, ел ертеңі болар азамат. Бүгін алаңда дәл сондай ұландар бас қосып отыр»,- деп ұйымның арқалайтын жүгінің ауыр, беделінің биік, жауапкершіліктің үлкен екендігін Сәуле Абдуллақызы айтып өтті.

Салтанатты жиында белсенді оқушылар патриоттық әндер шырқап, көк туымызды көкте желбіретті. Дамуға бастайтын даңғыл жол – «Мәңгілік Ел» идеясын шараның өзегі етіп, алуан түрлі көріністер көрсетті. Жиынның екінші «Тулар бойынша сапқа тұр» бөлімінде ту топтары арасында сайыс өтіп, 360 жасұландық бақ сынасты.

 

{jcomments on}«Жас Ұлан» ұйымының ІІ қалалық жиыны  үш күнге созылды. Екінші күні топ көшбасшылары арасында  «Бірлігіміз жарасқан»  атты қалалық сайыс өтсе, соңғы күні жағалауда «Алға, Жас Ұлан!» спартакиадасы, «Жаттығу» флеш-мобымен жалғасты.

 

Шара қорытындысында 350 жасұландықтың қатысуымен Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында мерекелік бағдарлама және марапаттау рәсімі өтті.

Ту ұстап, мектептерінің атын қорғауға келген оқушылар ұландар қатарында болғандықтарын мақтан тұтады. Олардың айтуынша, мұнда бос уақытты тиімді өткізуге, түрлі үйірмелерге баруға мүмкіндік бар. Ең бастысы, бас қосқан білімді өрендер өрелі ойларын ортаға салып, пікір алмаса алады.

Әйгерім Сәрсенғали,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

8 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

8 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

8 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

8 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

9 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

9 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС