"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТОП ЖАРҒАН 100 ҮЗДІК СТУДЕНТ

02.06.2022
ТОП ЖАРҒАН 100 ҮЗДІК СТУДЕНТ

Семей қаласының Абай атындағы музыкалық-драма театрында Шәкәрім университетінің 100 үздік студентін марапаттауға арналған салтанатты кеш өтті. Білім, ғылым, спорт және қоғамдық бағыттар бойынша жоғары нәтиже көрсеткен Шәкәрім университетінің 100 студенті марапатталды.

Салтанатты шара шымылдығын ашқан Басқарма төрағасы — ректор Бауржан Ердембеков:

— «Үздік 100 студент» жобасы – еліміздегі ауқымды жоба. Университетімізде күндізгі бөлімде 5000-ға жуық студент болса, солардың басым көпшілігі жобаға қатысты. Факультеттер арасындағы белсенділік бойынша ветеринария және агроменеджмент факультеті көш басында тұр.  Жыл бойы білім ордасындағы барлық шараларға белсене қатысқан білімді, тәрбиелі, кешегі күні Мағжан сенген жастарға құрмет көрсетпекпіз. Осы жастар Абай облысының іргетасын қалайтын болады. Жаңа облысымызды осы жастарымыздың күшімен құруымыз керек, облыс болдық деп бос даурықпай, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеген өңірлерді қуып жетуіміз керек. Шәкәрімнің осындай  жастары тұрғанда Абай облысын құру бізге оңайға түседі. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан студенттеріміз болашақта да үлкен жетістіктерге жететіндігіне сенімдімін,- деді.

Бауыржан Амангелдіұлы бұл шараның «атам театры» саналатын Абай театрында өтуінің де өзіндік мәні бар екенін, жастар киелі сахнаның құдіретін, қадірін түсінуі керектігін де айтып өтті.

Айта кестек, жоба аясында бірнеше мың студент top100.shakarim.kz сайтына тіркеліп, өз жетістіктерімен бөлісті. Оқу жылының соңында диагностикалау жүйесінде академиялық, ғылыми-зерттеу, шығармашылық және спорт бағыттары бойынша статистика дайындалып, оқ бойы озық шыққан даралар анықталды.  Мыңнан тұлпар шыққан жүз қатысушыға сахна төрінде құрмет көрсетіліп, ТОП-20 студент “Үздік студент” төсбелгісімен марапатталды. Университеттің ең белсенді білім алушысы Нұрбол Сүлейменов жүз мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық,  арнайы алғыс хат пен “Үздік студент” төсбелгісіне ие болды. Сонымен бірге дарындыларға  Шәкәрім шаңырағы серіктестері де сый-құрмет көрсетті. Зейнолла Сәнік атындағы қоғамдық қор — 10, республикалық QazBilim орталығы — 5, “Qalam” жобасы 5 шәкіртақыға демеуші болды.

Кеш барысында ағымдағы жылы Шәкәрім университетінде ашылған 12 жаңа мамандандырылған дәрісхана, зертханалар  бейнесюжет арқылы таныстырылды.

Үздік студенттердің құрметіне республикалық өнер байқауларының жеңімпаздары әуезді әндері мен “Wasabi”, “Virus” би топтары тамаша билерін тарту етті.

Жасмина БЕРЕКБОЛОВА,

Шәкәрім университеті студенті

Мақалада: ТОП ЖАРҒАН 100 ҮЗДІК СТУДЕНТ

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

15 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

15 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

15 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

1 день бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

1 день бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

1 день бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

1 день бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС