"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Jusan Қазақстандағы алғашқы балаларға арналған инвестициялық қосымшаны шығарды

02.06.2022
Jusan Қазақстандағы алғашқы балаларға арналған инвестициялық қосымшаны шығарды

Қазақстанда инвестициялық миллионерлердің дәуірі басталған іспетті, жақын арада олардың есімдері мен оқиғалары да белгілі болса, таңғалмаңыз. Бұлай дейтін себебіміз – енді болашақ жас инвесторлар жаңа Jusan Junior  қосымшасының көмегімен тегін түрде инвестициялауды үйреніп, қаржылық сауаттылығын арттыра алады.

Жас қазақстандықтарға арналған банктің жаңа өнімі 1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай іске қосылып отыр. Осы ретте Jusan Junior балалар мен жасөспірімдерге арналған алғашқы инвестициялық қосымша екенін атап өткен жөн.

“Қазіргі клиенттеріміз бен жас буынды Балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Балалар – еліміздің болашағы! Ал болашақтың қандай болары біздің балаларға берген тәрбиеміз бен баулыған өнер-біліммен тікелей байланысты. Jusan Invest-тің міндеті – жас таланттардың қаржылық табысына негіз болу. Ол үшін біз Jusan Junior жаңа мобильді қосымшасын іске қосып отырмыз. Бұл қосымшаның көмегімен балалар қаржы мен инвестицияның көп қырлы әлемін қызықты әрі қолжетімді түрде оқып үйрене алады”, – дейді Jusan Invest басқарма төрағасы Максим Кабанов.

Қосымшаның жан-жақтылығының арқасында балалар өз дағдыларын шыңдай түседі. Атап айтсақ, олар қаржы үнемдеуді, жеке бюджетті жоспарлауды, қор нарығында инвестициялауды және алаяқтарды ажыратуды үйренеді.

“Балалар үшін салауатты орта қалыптастырып, білім алуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар олардың ертеңгі күні қаражатын тиімді басқарып, болашақта ұтымды пайдалана алуы үшін қаржы жинау мен еселеуді үйрету маңызды. Jusan Junior-мен бірге өскелең ұрпақ ақша үнемдеуді, жинауды, еселеуді, табыс тауып және оқып-түйгендерін ата-анасымен бөлісуді үйренеді деген үміттеміз”, – дейді Jusan Invest-тің ірі клиенттермен жұмыс жөніндегі директоры Жамиля Сәрсенбаева.

Қосымша жас қолданушылардың қызығушылықтарына, сұраныстары мен даму мүмкіндіктеріне негізделе отырып әзірленді. Олар қаржылық сауаттылықты Jusan академиясындағы балаларға бейімделген видео сабақтардан үйренеді. Әр кезеңнен кейін балалар тестілеуден өтеді. Ал оқып-түйгендерін балалар тәжірибе жүзінде түрлі ойындарда пайдалана алады: мұндағы “Миссиялар” бөліміндегі тапсырмаларды орындау арқылы олар түрлі жеңілдіктерге ие болады. Қосымшаны әзірлеушілер тапсырмалар үнемі жаңартылып тұратынын және оны орындағаны үшін берілетін “жетістіктерге” бағалы сыйлық ұтып алуға болатынын айтады.

“Қосымшаны құрастыру барысында біз қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған барынша сапалы өнім жасау мақсатында балаларды фокус-топтарға шақырғанбыз.  Jusan Junior қосымшасының негізгі функциясы – білім беру, дегенмен мұнда алған біліміңді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беретін шынайы құралдар да бар. Яғни, теориялық негіздерді тәжірибеде шыңдауға болады. Мұнда демо-ақша деген әңгіме жоқ, балалар барлық операцияларды ересектер секілді жүргізе алады”, – дейді Jusan Invest бөлшек сауда департаментінің директоры Леонид Югай.

Бұл Jusan-ның қор нарығын қолжетімді ете түскенін көрсетеді. Енді әрбір қазақстандық акцияларды 10 жастан бастап (ата-ананың ресми рұқсаты мен арнайы шот ашылған жағдайда) сатып алып, қайта сата алады.  Балаларға арналған Jusan Junior қосымшасында қор нарығындағы тәуекелі төмен бағалы қағаздар ұсынылған. Алайда бұл мұның барлығы ата-ананың бақылауынан тыс жүзеге асырылады деген сөз емес: ересектер әрдайым балалардың шотын қадағалап, олардың мәмілелерін қабылдап немесе бас тарта алады.

10 мен 16 жасқа дейінгі балалар үшін балалар қосымшасы қолжетімді, ал 16 жастан асқандар қолданушылар балалардың да, ересектердің қосымшасын пайдалана алады.

Айта кетсек, Jusan Junior-дың тұсаукесері “60 секундта ойлан, тап” интеллектуалды ойының шынайы форматында өтті. 6 жастан асқан қонақтар Jusan сарапшыларымен бірге білімін сынап, қаржылық сауаттылығын арттырып, уақытты көңілді де пайдалы өткізді. Бұған қоса әрбір қатысушы танымал неміс авторы Бодо Шефердің «Пес по имени Мани» кітабына ие болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген  07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 “Jusan Bank” АҚ лицензиясы.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген  25.06.2021 ж. № 3.2.239/16 “Jusan Invest” АҚ лицензиясы.

Мақалада: Jusan Қазақстандағы алғашқы балаларға арналған инвестициялық қосымшаны шығарды

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

35 минут бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

38 минут бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

41 минута бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

18 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

18 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

21 час бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

21 час бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

21 час бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС