"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ОРБИТА» ЛАГЕРІНДЕ 80-НЕН АСТАМ БАЛА ДЕМАЛАДЫ

11.06.2022
«ОРБИТА» ЛАГЕРІНДЕ 80-НЕН АСТАМ БАЛА ДЕМАЛАДЫ
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мектептегі сабақтар аяқталып, оқушылардың көптен күткен жаз мезгілі де келіп жетті. Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, бос уақыттарының пайдалы, көңілді өтуіне барлық жағдайды жасау ата-аналардың, білім мекемелерінің, сонымен қатар жергілікті органдардың да міндеті. Жаз кезінде балалардың көпшілігі лагерьлерге баруға асығады. Қазіргі күндері оқушылардың жазғы уақытын қызықты өткізу, денсаулықтарын нығайту мақсатында Семей қаласына қарасты демалыс лагерьлерінде дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Апта ішінде қала әкімі Бақытжан Байахметов «Орбита» сауықтыру лагеріндегі дайындық жұмыстарының барысын тексеріп қайтты.

Семейде қала сыртындағы білім бөліміне қарасты «Түрксібке — 50 жыл», «Жас қанат» және «Радуга» сауықтыру лагерьлері маусым айының ортасынан бастап ашылады. Жазғы кезеңде №8 балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін «Достық» спорт лагері мен «Орбита» лагері жұмыс істейтін болады. Ал «Лесная сказка» лагері жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне арналған.

Қазіргі уақытта лагерь ғимараттарын жөндеу, сумен жабдықтау жүйесін дезинфекциялау, өрт қауіпсіздігі, аумақты абаттандыру және басқа да дайындық шараларына байланысты мәселелер пысықталуда. Қызметкерлер құрамы да жасақталу үстінде.

Мектеп жанындағы лагерьлерде дәстүрлі форматта балалардың демалысы мен еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары дайындалды, «Балалар мен жасөспірімдерді жұмыспен қамту картасы» жобасы іске асырылуда. Қосымша ұйымның мекемелерінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында мамандандырылған оқу алаңдары жұмыс істейді. Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында «Жұлдыз» күндізгі лагері (200-ге жуық бала), биологиялық орталықта 500-ден астам баланы қамтитын «Бақытты бала» эколагері» жұмыс істейді. Бағыттар бойынша үйірмелер мен спорт секциялары 25 аула клубында жұмыс істейтін болады.

«Орбита» ауылдық сауықтыру лагері табиғи және микроклиматтық жағдайлары қолайлы Озерки ауылдық округінде Қаштақ ауылында орналасқан. Жаз мезгілінде онда 5 жастан 17 жасқа дейінгі 80-нен астам тәрбиеленуші демалатын болады.

Лагерьдің тыныс-тіршілігі балалар үйінің педагогикалық кеңесінде бекітілген күн тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. Лагерьдің алғашқы ағымы 10 маусымда басталады.

Мұнда асхана, волейбол, баскетбол және футбол алаңы, спорт және балалар алаңы, бассейн, монша, 4 жатын ғимараты, шаруашылық корпустар, медициналық пункт, оқу залы және кинозал бар.

Балалар лагерінде педагогтер, қосымша білім беру педагогтері, медицина қызметкерлері, психолог және дене шынықтыру нұсқаушылары жұмыс істейтін болады.

Лагерь бағдарламасында квестер, шығармашылық сайыстар, қызықты викториналар, спорттық турнирлер, туған өлкенің көркем жерлеріне саяхаттар, соның ішінде виртуалды экскурсиялар бар.

 

Динара НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

 

Мақалада: «ОРБИТА» ЛАГЕРІНДЕ 80-НЕН АСТАМ БАЛА ДЕМАЛАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

6 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

6 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

10 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС