"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА МАУСЫМ АШЫЛДЫ

11.06.2022
ЖАҢА МАУСЫМ АШЫЛДЫ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялағаны белгілі. Осы ретте Шығыс Қазақстанда әр түрлі әлеуметтік топтардағы балалардың сауығуына, жазғы демалысына және бос уақытын тиімді өткізуге үлкен көңіл бөлінуде.

Жақында Ұлан ауданының Төменгі Тайынты ауылында орналасқан «Үміт» балалар үйінің «Царская Долина» лагерінде жазғы сауықтыру маусымының ресми ашылуы өтті.

Балалар мен педагогтерді қалалық мәслихат депутаты және Amanat партиясының атқарушы хатшысы Арайлым Есімбекова құттықтады.

— Балалар, сіздерді жазғы маусымның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге денсаулық, жақсы демалыс тілеймін. Жаңа оқу жылына күш жинап қайтыңыздар,- деп ақжарма тілегін білдірді Арайлым Есімбекова.

Жаңа маусымның ашылу салтанатына қатысушалар «Үміт» балалар үйі тәрбиеленушілерінің өнерін тамашалады.

Мерекелік жиын «Тайынты кештері» ойын-сауық бағдарламасына ұласты. Балалар түрлі сайыстарда өзара жарысып, бұл күнді көңілді өткізді.

— Біз жыл сайын осы әдемі жерге келіп, әр жолы жаңа бір нәрсе ойлап табамыз. Лагерьде ешкім бос отырмайды, біреу спортпен шұғылданады, түрлі ойындар ойнайды, кітап оқиды. Мен, негізінен, би билеуге мүмкіндік беретін іс-шараларды жақсы көремін, — дейді балалар үйінің тәрбиеленушісі Кристина Шатух.

Сауықтыру лагерінің жетекшісі Гүлжан Салықбаеваның айтуынша, балаларға таза ауада демалу өте маңызды, әрі бұл — міндетті шара.

— Біздің лагерь тамаша жерде орналасқан, айналасын таулар мен көлдер қоршап жатыр, әдемі қарағайлар өсіп тұр, мұндағы табиғат алақандағыдай көз алдымызда. Күзгі және қысқы демалыс кезінде балалардың демалуға уақыты аз, ал жаз — барлық балалардың асыға күтетін жыл мезгілі. Лагерьдегі балаларға бәрі ұнайды, оларға шығармашылық әлеуетті дамыту үшін барлық мүмкіндіктер берілген. Олар барлық іс-шараларды өздері ойлап табады, ал біз оларға көмектесеміз, — дейді Гүлжан Салықбаева.

Іс-шараның соңы балалар би кешіне жалғасты.

Ерлан АЙҚЫНҰЛЫ,

«Семей қаласы»

Мақалада: ЖАҢА МАУСЫМ АШЫЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

1 день бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

1 день бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

1 день бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

2 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

2 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС