"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Таяқтың ек ұшы бар: Қазақстанға келген 400 мың Ресей азаматтарының 40 мыңы Қазақстан құжатын алды

13.06.2022
Таяқтың ек ұшы бар: Қазақстанға келген 400 мың Ресей азаматтарының 40 мыңы Қазақстан құжатын алды

Жыл басынан бері Қазақстанға 400 мың Ресей азаматы келді. Олардың 40 мыңнан астамы жергілікті ЖСН нөмір алды. Яғни бұл азаматтар қазақстандық банктерде есеп-шот ашып, кәсіп жүргізе алады. Осы тұста таяқтың екі ұшы бар екенін ескеру керек. Бір жағынан егер шет елдік компания өз кәсібін Қазақстанда жүргізіп, қажетті жұмысшыларды жергілікті жерден алса, салық төлесе мемлекет үшін пайда. Ал егер ресейлік азаматтар келіп, қазақстандық компанияларға жұмысқа орналасатын болса бұл тиімсіз. Өйткені өзіміздің қаракөздер екі қолға бір күрек таппай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

«Президентіміз әрине тапсырма беріп отыр, Ресейден келетін бизнес үшін барлық қолайлы жағдайды жасаңдар деген. Бірақ оның екінші салдары бар. Біз жағдай жасай беретін болсақ, Ресей осы арқылы санкцияны айналып өту қадамдарын жасауы мүмкін. Ал оны ЕУ, АҚШ байқауы мүмкін. Сондықтан санкцияның бір ұшы бізге тиіп кетуі мүмкін. Сондықтан барынша сақ болуымыз қажет», — дейді сарапшы Мақсат Халық.

ТМД елдерінің өзге мемлекеттермен тауар айналымы бір жылда үш есе көбейді. Соның ішінде экспорт көлемі 42 пайызға артқан. Осылайша импорт пен экспорт арасындағы сальдо 200 миллиард доллардан асты. Бұл туралы ұйымның мемлекетаралық статистикалық комитетінің төрағасы Константин Лайкам мәлімдеді. Оның айтуынша, алыс берістегі сальдо ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық валютасын тұрақтандыруға өз септігін тигізді.

Сондай-ақ, былтыр ТМД елдерінде жалпы ішкі өнім 4,7 пайызға өскен. Алдын ала болжам бойынша биыл алғашқы тоқсанда да көрсеткіштер жоғары. Экономикалық өсімге әлемдегі қымбатшылық өз септігін тигізді. Енді инфляцияны тежеу үшін ТМД елдері ынтымақтастықты одан әрі арттыруға мүдделі.

«Өткен жылы ТМД елдерінде инфляция 9,1 пайыз болды. Негізінен азық-түлік қымбаттаған. Егер әр мемлекет тек қара басының қамын жеп, оқшауланатын болса, мәселенің шешілмейтіні анық. Ал егер жан-жағымен жағымды қатынас орнатып, алыс-берісті арттырса, жоғын көршіден алып, артығын сатып отырса қиындықты оңай еңсеруге болады», — деді ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінің төрағасы Константин Лайкам.

Мемлекет нарықта бағаны күштеп ұстағаннан көрі халықтың табысын арттыруға мән беруі тиіс. Яғни баға нарығына тікелей араласпауы керек. Үкімет тек өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынасты жүйелеп, жолға қоюы тиіс. Экономикалық сарапшы Мақсат Халық осындай пікірде. Оның айтуынша мамырда инфляция 13,5 пайыздан 14-ке жетті. Азық-түлік инфляциясы 17-ден 19 пайызға өсті. Бұл халықтың төлем қабылетін төмендетіп жатыр. Ал биліктің еңбек ақыны индексациялаймыз дегені 4-10 пайыз арасында ғана.

Мәселен 60 мың айлық алатын адамның жалақысына 4 пайыз қосылса 2 жарым мың теңгеге ғана көбейеді. Онсызда айлығы шәйлығынан аспайтын адам үшін бұл теңізге тамған тамшыдай ғана болмақ.

«Ұлттық қордан осы жылдың өзінде артық қаражат бөлінді. Мысалы 2,6 триллион теңге аудару керек еді ұлттық қордан. Биыл 4 триллион теңгеден астам қаржат аударды. Бірақ индексациялауға 110 миллиард теңге ғана бөлді. Сондықтан 4 триллионның ең болмаса 10 пайызын халықтың табысын, әлеуметтік төлемдерін индексациялауға жұмсау керек деп ойлаймын», — деді сарапшы Мақсат Халық.

Мақалада: Таяқтың ек ұшы бар: Қазақстанға келген 400 мың Ресей азаматтарының 40 мыңы Қазақстан құжатын алды

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

1 день бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

3 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

3 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

3 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС