"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Неге Путин Тоқаевтың атын қате айтқанын ресей саясаткері түсіндірді

20.06.2022
Неге Путин Тоқаевтың атын қате айтқанын ресей саясаткері түсіндірді

Евгений Ройзман

11.6k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстанда екінің бірі Петербор форумындағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін қызу талқылап жатыр. Ел ішінен бөлек, Қытайдың да жаңалықтар рейтингінде «Қазақстанның Луганскты мойындамайтыны» туралы ақпарат бірінші орынға шығып кеткен. 

Ресейлік саясаткер, мемлекеттік думада бұрын депутат болған Евгений Ройзман Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің «сөз шарпысуына» өзінше баға беріпті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Петербор экономикалық форумында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның «ДХР» мен «ЛХР»-ды мойындамайтынын ашық айтқан. Одан бөлек Қазақстанға қарсы ақпараттық шабуыл жасайтын ресейлік жекелеген мәдениет және ақпарат саласының насихатшыларына ескерту жасаған. Өз кезегінде Ресей президенті Владимир Путин «ескі әніне» басып, Қазақстан президентінің есімін «Кемелжемелович» деп, қате айтты. Путин Тоқаевтың атын бұрын да дұрыс атамаған кездері бар.

Ресейдің «Живой Гвоздь» ютуб-арнасында таяуда ресейлік Евгений Ройзман атты саясаткері осы оқиғаны сараптап шыққан.

«Тарихшы ретінде сіз (жүргізушіге) Қазақстанның Ресей құрамына қалай кіргенін білесіз. Одан бір кісідей хабарыңыз бар. Мәңгілік көрші әрі ешқашан ешқайда кете қоймайтын қазақтардың наразылығын (Ресейге деген) білесіз. Ол – Солтүстік Қазақстандағы әдейі жүргізілген ашаршылық», — дейді Евгений Ройзман.

Осы кезде саясаткердің әріптесі ашаршылық «Қазақстанның солтүстігінде ғана емес, бүкіл Қазақстанда болғанын, отызыншы жылдары қазақтардың үштен бірі қырылып қалғанын» еске салды.

«Иә, қазақтар саны жағынан өз ұлтымен салыстырып есептегенде, бәрінен көп адам жоғалтқан халық. Ешкім де оны ешқашан ұмытқан емес. Бұл өте үлкен әңгіме. Мені не таңғалдырды? Сол жиында (Петербор экономикалық форумында – авт.) айтылған сөздердің түсініксіз болғаны соншалық, ол сөздер тіпті бір-біріне қарама-қайшы болып та жатты. Екіншіден, Қасым-Жомарт Тоқаев өзін қалай ұстамды, зиялы, ойлы ұстағанына мән беріңіздер. Салыстырып қарасаң, жер мен көктей (Ресей президентімен салыстырып отыр – авт.). Оған (Тоқаевқа – авт.) деген құрмет пайда болды. Оны сол жерде бәрі көрді», — деп жалғастырады сөзін Ройзман.

Ресейлік саясаткер Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақ уақыт бойы Біріккен Ұлттар ұйымында еңбек еткенін, көп тіл білетінін, президенттікке дейін дипломат болғанын, форумда өзін бір елдің басшысы деңгейінде лайық ұстағанын айтады. Ол сонымен қатар, екі елдің басшысының айырмашылығын бәрі көргенін де атап өтеді.

«Иә, оның жағдайы күрделі. Дәл қазір өзін «тәртіпті» ұстауға мәжбүр. Бірақ жалпы бәріне тәртіпті болу керек, негізі. Оған қоса Тоқаевтың шығыс халықтарына тән тәрбиесін байқаймыз. Ол тәртіпті болу керектігін түсінеді. Көпшіліктің алдында оны қорласа да (бұл жерде Ройзман Путиннің Тоқаевтың атын қате айтқанын меңзеп тұр – авт.), ол өзін тәртіпті ұстап отыр. Бірақ меніңше адамның атын дұрыс атамау жағдайлары ешқашан ұмытылмайды. Бұрын шенеунік болған өз басым бір кісідей білемін: кез келген шенеуніктің атын басқа бір шенеунік атын атамай, басқа атпен атаса, «аппарат тілінде» бұл жағдай сенімен ол адамның санаспайтынын, сені көзге ілгісі келмейтінін білдіреді. Кез келген шенеунік үшін бұл өте салмақты сигнал. Бұл – сені құрметтемеудің белгісі», — дейді ол.

Евгений Ройзманның айтуына қарағанда, Путиннің Тоқаевтың атын көпшіліктің алдында қате айтуының осындай астары бар.

«Меніңше, Тоқаев өз позициясын нақты білдірді. Адамша айтты. Екіншіден, Тоқаев «ДХР» немесе «ЛХР» туралы айтылар болса, келесі тақырып Петропавлда да сондай әңгіме қозғалуы мүмкін екенін жақсы біледі. Кезінде бұл тақырыпты естеріңде болса Лимоновтардың көтергенін білесіздер ғой. Тоқаев ойлы адам – бәрі беске білетін әңгімені айтып отыр. Менің ойымша, «ДХР» мен «ЛХР» — Украинаның «денесіне» әдейі салынған жарақат іспеттес. Ол (Тоқаев – авт.) әр нәрсені өз атымен атап отыр», — деп түйеді саясаткер.

 

Мақалада: Неге Путин Тоқаевтың атын қате айтқанын ресей саясаткері түсіндірді

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

2 дня бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

3 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

3 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

3 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

3 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

3 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

3 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС