"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕДИЦИНА МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

19.06.2022
МЕДИЦИНА МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
105
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстанда маусым айының әр үшінші жексенбісі  — Медицина қызметкерлерінің күні. Бұл күні елімізде денсаулық сақтау саласы мамандары ерекше сый-құрметке бөленеді. Бұл мереке — медицина қызметкерлері үшін ғана емес, бүкіл халқымыз үшін де ерекше мейрам. Дәрігерлердің еңбегі ерен екенін әсіресе пандемия кезінде айрықша сезіндік. Уақытпен санаспай, науқастың жанын сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, жанын сала еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандар қандай құрметке болса да лайық.

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Өскеменде салтанатты іс-шара өтті. Облыстық мәслихаттың хатшысы Денис Рыпаков пен облыс әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов Шығыс Қазақстанның үздік медицина қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты,- деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Мереке күні   жоғары кәсібилігімен және адами қасиеттерімен ерекшеленген дәрігерлер, фельдшерлер мен медбикелер, санитарлар мен жедел жәрдем қызметкерлері алғыс пен құрметке бөленеді. Барлық медицина қызметкерлерін ШҚО мәслихатының хатшысы Денис Рыпаков та құттықтады. Мәслихат хатшысы ең алдымен бар өмірін халық денсаулығын сақтауға арнап, қазірде құрметті демалыстағы және әлі күнге дейін еңбек етіп, кәсіби тәжірибесін жастарға үйретіп жүрген сала ардагерлеріне алғыс білдірді.

— Жүрек қалауымен өз өмірін денсаулық сақтау саласына арнаған барлық медицина қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймын! Адамдар өз өмірі мен денсаулығын сіздердің қолдарыңызға сеніп тапсырады. Ұзақ жылдар бойы жанкешті еңбегімен, мамандығына адалдығымен, баға жетпес тәжірибесімен адамдарға қызмет етіп келе жатқан денсаулық сақтау саласы ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіремін, — деді облыстық мәслихат хатшысы.

Облыстың денсаулық сақтау саласының үздік мамандары медальдармен, Құрмет грамоталарымен, төсбелгілермен және алғыс хаттармен марапатталды.

«Еңбек ардагері» төсбелгісімен Глубокое ауданының орталық ауруханасының перзентхана бөлімінің меңгерушісі Людмила Логейко, облыстық фтизиопульмонология орталығының хирург дәрігері Сағи Қожабаев, Риддер қалалық ауруханасының отоларингологі Серік Жамантаев, сондай-ақ «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» белгілерімен Өскемен қаласының №2 емханасының пульмонолог дәрігері Ольга Говорухина, Бородулиха ауданы ауруханасының отоларингологі Ольга Мокроусова, мамандандырылған балалар үйінің медбикесі Майра Сүлейменова, Көкпекті аудандық ауруханасының медбикесі Алмаш Мамабаева, Семей қаласының жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Дәулет Секербаев марапатталды.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғаны белгілі. Мәселен, облыс әкімінің бастамасы бойынша 5 жыл ішінде 36 млрд теңге қаржыға халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 3 мыңнан астам заманауи жабдық сатылып алынды, бұл — жоғары технологиялық медициналық техника көлемін 2,5 есеге ұлғайтуға мүмкіндік берді. Алайда тіпті ең заманауи жабдықтар мен жаңа технологиялардың дәрігерсіз ешқандай пайдасы болмайды, өйткені, кез келген басқа саладағы сияқты, медицинада ең маңыздысы – білікті әрі жауапкершілігі жоғары  мамандардың болуы.

— Мереке қарсаңында барлық медицина қызметкерлеріне мықты денсаулық, қиыншылығы мен сауабы қатар жүретін  еңбектеріңізге табыс тілеймін. Сондай-ақ ұйымдастырушыларға бүгін, пандемиядан кейін екі жыл өткен соң, бәрімізді жинап, осындай ерекше мереке ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын, — деді №4 қалалық аурухананың бас дәрігері Сергей Попов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы сонымен қатар, Медицина қызметкерлері күніне орай, 5 номинациядан тұратын байқау жариялады, оған Шығыс Қазақстанның барлық медициналық ұйымдары қатысты.

— Жас маман ретінде мен бүгін «Жастық шақ. Жаңашылдық. Талант» аталымы бойынша жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын. Бұл — мен үшін үлкен мотивация, — дейді облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Ботагөз Тоқтарбекқызы.

Естеріңізге сала кетейік, 5 жыл ішінде облыс бойынша 5,5 мыңнан астам маман біліктілігін арттырудан өтті, оның ішінде 341 дәрігер шетелде кәсіби шеберлігін жетілдірді. Осы бағдарлама жалғасын тауып, ағымдағы жылы халықаралық орталықтарға тағы да 100-ден астам адамды оқуға жіберу жоспарланып отыр.

Бұл шаралар арқылы Шығыс Қазақстан әр адамға сапалы және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсете алатын облысқа айналары анық.

«СТ» — ақпарат

Мақалада: МЕДИЦИНА МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

48 минут бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

23 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

23 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

23 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

23 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС