"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҒА МЕДБИКЕНІҢ ЖҮГІ АУЫР

19.06.2022
АҒА МЕДБИКЕНІҢ ЖҮГІ АУЫР
570
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Адам үшін өмір мен денсаулықтан артық құндылық жоқ. Сол денсаулығымыз сыр бере қалса, ақ желеңді жандардың көмегіне жүгініп, тағдырымызды сеніп тапсырамыз. Қиындығы да, қуанышы да мол мамандық иелері — медицина саласы қызметкерлерінің еңбегі әрдайым жоғары бағалануға тиіс.

Дәрігер мамандығы — адамнан кәсіби құзыреттілік, жанқиярлық және жомарттық сынды ерекше қасиеттерді талап ететін кәсіп. Адамның ең басты байлығы — оның денсаулығы, өмірі осынау мамандық иелерінің кәсібилігіне де байланысты.

Дертіне шипа іздеген науқастың сауығып кетуіне алдымен дәрігер жауапты болса, одан кейінгі медбике екендігі хақ. Әсіресе аға медбикеге жүктелген жауапкершілік жүгі тіптен ауыр деуге болады. Біз сөз еткелі отырған Айнұр Әлібекқызының еңбек жолы осы пікірімізге  дәлел бола алады.

Айнұр — Ақсуат өңірінің тумасы. Көп балалы отбасында тәрбиеленген. Бородулиха ауданындағы медицина колледжін тамамдаған соң 1993 жылы Семейге келіп, сол кездегі орталық қалалық ауруханада еңбек жолын бастапты. Содан бергі 29 жыл бойы адам жанының арашашысы болып абыройлы еңбек етуде.

Қазіргі таңда заманауи тұрғыдан қайта жаңарып, жаңғырған Семейдегі Жедел медициналық жәрдем ауруханасында табан аудармастан қызмет атқарып келе жатқанына 20 жыл болыпты. Қазіргі таңда осы аурухананың кардиология бөлімшесінің аға медбикесі, жүрек сырқатын емдейтін қолы алтын шипагер.

– Медбикелер – медицинаның негізгі күші, дәрігердің сенімді серігі. Науқас келіп түскеннен аман-есен сауығып, аяғына нық тұрып кеткенге дейін жанашырлық танытып, қолынан келгенше аянбай ем-шаралар жасайды. Науқастың денсаулығына дәрігерден кем жауап бермейді. Дәрігер науқасты тексеріп, тағайындауын берген соң, әрі қарайғы бар жұмысты медбике орындайды. Науқас жан өмір мен өлімнің арасында тұрғанда әрбір секунд маңызды. Сырқаттың бойындағы әрбір өзгерісті қалт жібермей қадағалап, оны дәрігерге жеткізу де медбикенің басты міндеті. Ол үшін, әлбетте, медбике кәсіби білікті маман болуы керек. Науқастың дәрі-дәрмегін уақтылы беріп, ем қабылдау барысын, төсек-орнын, ас-ауқатын, жалпы, халін бақылап отыратын медбикелердің еңбегі ұшан-теңіз. Ешбір заманауи құрылғы, роботтар медбикенің қызметін атқара алмайды, — дейді Айнұр Әлібекқызы.

— Медбике науқастың көңілін де таба білуі керек. Себебі дәрігер тек дәрі-дәрмек, қандауырмен ғана емес, жылы сөзімен де, ынта-ықыласымен де емдейді. Әсіресе кардиология бөлімшесінде ем қабылдайтын жандарға ерекше ықылас таныту керек дер едім. Себебі жүрегінде кінәраты бар науқастар тым сезімтал келеді. Оның үстіне «Тек алғыс қана ал – көсегең көгереді!» деп кішкентайымнан анамның жадыма құйып өсіргені бар. Дертіне шипа іздеген жандар мен олардың туыстарына қолдан келген көмегімді аянып қалған емеспін, — дейді кейіпкеріміз.

Аға медбике орта және кіші медицина қызметкерлерінің өз міндеттерін орындауын бақылайды. Әрбір қызметкермен кәсіби тұрғыда жеке жұмыс жүргізіп, бағыт-бағдар беру – оның басты міндеті. Құжаттарды жүргізу, дәрігерлермен жұмыс істеу, өзі жетекшілік ететін медбикелер мен тазалықшылардың міндеттерін реттеп, жұмыс тәртібі мен кестесін қалт жібермей қадағалау – күнделікті жұмысы.

Білікті маман кардиология бөлімшесіндегі әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, науқастарды күтіп-қарауды үйретуге де уақыт табады. Қолы қалт етсе, бөлімшенің медбикелеріне білгенін үйретіп, тәжірибесін бөліседі, кәсіби деңгейін көтеруден жалыққан емес.

— Айнұр Әлібеқызының мамандығына деген сүйіспеншілігі, адалдығы баршамызды тәнті етеді. Қызметіне асқан жауапкершілікпен қарайды. Бүгінгі таңда медицина саласына да талап күшейтілді. Қазіргі күні адамдар әлдеқайда сауатты әрі өз құқықтарын біледі. Сондықтан да науқастардың тілін тауып, алғыс-батасын алып жүрген әріптесімізді біз де жоғары бағалаймыз, — дейді Айнұр Әлібекқызының әріптестері.

Әлемді дендеген коронавирус індетінің тез таралуы медицина қызметкерлерін ширата түскені белгілі. Осы вируспен күресте өз ісінің майталманы Айнұр Әлібекқызы алдыңғы шептен табылып, бөлімшеге түскен науқастардың тез сауығып кетуіне күш-жігерін сарқа жұмсап, зор еңбек сіңіріпті.

Жас мамандарға білгенін үйретуден, тәжірибелі маман бола тұра оқып-үйренуден жалықпайтын Айнұр Әлібекқызы – отбасында сүйікті жар, аяулы ана. Жұбайы темір жол саласында қызмет атқарады. Ал перзенттері — ұлы мен қызы — мектеп оқушылары.

— Барлық әріптестерімді кәсіби мерекелері — Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Кәсіби шеберліктеріңіз шыңдала берсін, сіздерге мықты денсаулық, отбасылық бақыт, амандық тілеймін! Емделушілеріңіздің алғысына бөлене беріңіздер, әр күндеріңіз қуанышқа толы болсын! — дейді Айнұр Әлібекқызы.

Ерлан АЙҚЫНҰЛЫ,

«Семей таңы».

Мақалада: АҒА МЕДБИКЕНІҢ ЖҮГІ АУЫР

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

13 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

13 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

16 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

16 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

17 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

17 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

18 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

18 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

18 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

18 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС