"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Орыс қаруының абыройын аймандай қылды»

Украина майданда жайрап қалған ресейлік қаруларды әлемге паш етуге кірісті. Ресей сарапшылары осының кесірінен жаһандық қару саудасында Мәскеудің оңбай жеңілетінін айтып, ойбайлап жатыр.

22.06.2022
«Орыс қаруының абыройын аймандай қылды»
232
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Moscowtimes.ru порталының хабарлауынша, Украина соғыс кезінде күйреген ресейлік әскери техниканың Батыс елдеріндегі «парадын» ұйымдастыруға кірісті. Алғашқы көрме кеше Варшавада ашылды. Бұл туралы Украинаның Қорғаныс министрі Алексей Резников хабарлады.

Осы арқылы Киев қан-қасап соғыстың одан әрі жалғасып жатқанын серіктестерінің қаперіне салмақ. Әйтпесе, егер олар бұл тақырыптан шаршап, назар бөлуді қойса, қару-жарақ пен қаржылай көмек көрсетуді де кемітеді. Мұндай жағдайда украиналық сарапшылардың байламынша, Украинаға үлкен қауіп төнеді, тіпті соғыста жеңіліп қалуы да ықтимал.

Алексей Резниковтың айтуынша, РФ Президенті Владимир Путиннің тақтан тайдырылуы Украинадағы соғыстың тоқтауына әкелмейді. Әскери жанжал ұзаққа созылатын сипат алды. Министрдің пікірінше, «империяшыл саясатты бір ғана адам емес, бүкіл Кремль жүргізіп отыр және ресейлік генералдар өз танктерінің Лиссабонға дейін жетіп, Еуропаны таптағанын қалайды».

«Біз ресейлік танктердің Еуропаға кіруіне көмектесеміз, бірақ олар Батысқа тек металл сынығы түрінде жетеді. Біз қиратылған ресейлік әскери техниканың көрмесін өткізуді жоспарлап отырмыз. Варшавадан бастадық. Әрі қарай Берлинде, Парижде, Мадридте және ақыр соңында Лиссабонда ұйымдастырылады», – деген Алексей Резниковтің сөзін келтірді Moscowtimes.ru.

Бұл ақпаратты РБК және басқасы басты. Ұқсас көрме Киевтегі Михайлов алаңында 28 мамырдан бастап ашылды. Экспонаттар арасында Т-72Б3 танкінің, БМД-4-тің, радио-электрондық күрес машинасының, «Тигр» жол талғамайтын көлігінің «қу сүлдері» бар.

Украина жағының дерегінше, Ресей 24 ақпанда басып кіргелі бері шамамен 1500-ден астам танкінен, 3606 бронды техникасынан, 752 артиллериялық қаруынан, 98 ПВО, 216 әскери ұшағынан, 181 тікұшағынан, 611 беспилотнигінен, 14 кемесі мен катерінен айырылған. Мәскеу бұл деректі растамады.

Ресейлік әскери эксперт Алексей Храмчихин Киев ұйымдастырып отырған «жойылған ресейлік әскери техниканың көрмесі» басқа міндетке де қызмет ететінін айтады.

«Қынжылтатыны сол, бұл «парад» орыс қаруының беделінен түк қалдырмауы мүмкін. Өйткені бұған дейінгі жылдары Ресей қару-жарағы мамандандырылған көрмелерде көз жауын алып, сұсты көрініп, мысты басып, батыс мамандарының тарапынан да жоғары бағаланатын. Енді халықаралық қауымдастық майданда оның тек қаңқасы ғана қалатынын өз көзімен көреді. «Планетамыздағы ең қаһарлы әрі қуатты әскери техника», «ресейлік технологияның жаһандық үстемдігі» деп дәріптелген аса қымбат Ми-24, Ми-35 тікұшақтары, Су-24, Су-25, өзге де ұшақтарын қарсылас қарапайым «Stinger»-мен, «Javelin»-мен атып түсірді. Броны күшейтілген заманауи сауытты техникаларымызды «NLAW», тіпті украиналық «Стугна» танкке қарсы басқарылатын жеңіл ракеталық кешенмен-ақ қиратып жатыр. Көрмеде осындай соққыдан кейін жаңқадай ұшқан танктің төбе-мұнарасы қойылды деп естідім. Мұндай масқараны көргеннен кейін өзге елдер, соның ішінде дәстүрлі тапсырыс берушілер де ресейлік қару-жарақтан бас тартып, шетелдік өзге өндірушілерді таңдайтыны сөзсіз», – дейді сарапшы.

Бейбітшілік проблемаларын зерттеудің Стокгольм халықаралық институты (SIPRI) қару-жарақтың жаһандық саудасының ахуалы туралы «Arms Transfers Programme» атты баяндамасын жыл сайын жариялап тұрады. SIPRI мамандары жылда бір үрдісті атап өтетін: экспорттаушылар тізімінде лидерлер қатары көп ауыспайды. Бірнеше жыл қатарынан АҚШ, Ресей, Франция және Германия көшбасшы болып табылады. Азия елдерінен тек Қытай ғана үш жыл бойы сегіздікке кіруді қанағат тұтып келеді.

Мысалы, алдыңғы жылы дүниежүзінде жалпы сомасы 22 миллиард 831 миллион долларға қару-жарақ пен әскери техника сатылыпты. Соның 9 млрд 372 млн доллары – АҚШ-қа тиесілі болса, екінші орындағы Ресей 3 млрд 203 млн долларды еншіледі. Бұл ретте Ресейдің қару саудасынан түсіретін табысы соңғы жылдары онсыз да ұдайы азайып келеді. Мысалы, 2018 жылы солтүстік көрші қару сатудан 6 млрд 409 млн табыс көрді. Яғни содан бері екі есе құлдыраған. Биылғы жылы мүлдем нөлге теңесетін түрі бар. Саудаламақ түгіл, өзі Иран, Ирак, Африка елдерінен және басқасынан қару тіленуге мәжбүр. Ендеше Кремль Украинаға қарсы соғыс ашқалы жағдай күрт өзгеруде.

Сарапшылар РФ алдағы жылдары да қару саудасына орала алмауы ықтимал екенін ескертеді. Демек аутсайдерлер қатарына қосылып, көштің соңында салпақтап қалатынға ұқсайды.

Ресейлік «Важные Истории» аналитикалық порталы таяуда, мамыр айында РФ әскери-өнеркәсіптік кешеннің (ӘӨК), қару өндірісінің қазіргі ахуалы туралы «Сможет ли Россия воевать без западного импорта» деген талдауын жариялады. Портал ақылдасқан ресейлік мамандар анонимділік жағдайында біраз сырдың бетін ашыпты. Нәтижесінде, көңілсіз тоқтамға келді: «Ресейдің бүкіл заманауи әскери техникасы «қастық пиғылдағы» елдерден әкелінетін импорттық құрауыштарға тәуелді».

«Әрине, Ресей төл әскери техникаларын шығару үшін қажетті құрауыштарды жеткізудің құпия, жасырын тәсілдерін пайдалануы мүмкін. «Ресейге жеткізілімдер толық доғарылған жағдайда іске қосылатын ӘӨК-ті толықтырудың көлеңкелі схемалары пысықталғаны даусыз. Мәселен, үшінші, төртінші елдер арқылы әкелінуі мүмкін. Кезінде ондай сұр схемаларды Кеңес одағы қолданды. Операцияларды Сыртқы барлау қызметі жүзеге асыратын» дейді әскери экспертіміз. Ол кезде осы мақсатта Еуропада, Азияда жалған ұйымдар арнайы құрылды. Айталық, Франция өздері арқылы КСРО-ға суперкомпьютерлер жеткізілгенін білмей де қалды. Ол техника арқылы қызыл империя жасанды ядролық сынақтар жүргізді немесе өзге елдерде мұнай құбырларын салуға қажетті жеткізілім дегенді жамылып, Жапониядан Toshiba станоктары әкелініп, соның көмегімен суасты сүңгуір қайықтарына арналған шу шығармайтын винттар жасалды», – деп түсіндірді портал.

Бірақ олардың мойындауынша, содан бері Батыс әлемі мұндай көлеңкелі импортпен күреске машықтанды. Мұндай схемаларды жүзеге асыру аса күрделі, ал оны тауып алу оңай.

Ресей ұзақ жыл бойы Қызыл алаңдағы парадтарда паш еткен «Армата» «суперзаманауи» танкінің бірде біреуін майданға жеткізе алмады. «Уралвагонзауыт» қаржылық күйзеліске ұшыраған. Танк өндіретін зауыттар бірінен соң бірі тоқтауда, жұмыс істеп тұрғандары ескі танктерді жөндеумен, мысалы, бронын күшейтумен айналысады екен.

Ұшақ өндірісі де тоқырапты. Ресейлік сарапшылар бұрынғы жылдары жылына 1-2 тасымалдаушы ұшақ және екі бомбалаушы ұшақ шығарылып келгенін, енді ол өндіріс де дағдара бастағанын жеткізді.

Мәселен, Ресей ғылым академиясының Радиотехника және электроника институты ресейлік әскери техниканың, соның ішінде әскери тасымалдаушы ұшақтардың архитектурасына зерттеу жүргізді. Сонда тек әскери ұшақтардың коммуникациялық кешенінде ғана ресейлік өндіріспен ауыстыруға келмейтін 80 бөлшек-компонент анықталған.

Еуропалық сарапшылардың және БАҚ-тың мәліметінше, Мәскеу бүгінде Кеңес кезінен жиналған ескі техника мен оқ-дәрілерді жарыққа алып шығып, майданда пайдалануда. Ал олардың қоры – орасан зор, тіпті шексіз деуге келеді. Салыстыру үшін айтсақ, Қазақстандағы бір ғана Арыста 1960 жылдан бері қордаланған ескі оқ-дәрілерді бейбіт жолмен тегіс жою үшін кем дегенде 5 жыл қажет болмақ.

ҰҚШҰ ұйымының өзіне мүше елдерге әскери көмек сыртында ұсынатын басты бір игілігі – Ресей қаруын жеңілдікпен сатып алу болатын. Егер ондай мүмкіндік жойылса, ҰҚШҰ Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанға қызық болмай қалуы мүмкін.

Жанат Ардақ

Мақалада: "Орыс қаруының абыройын аймандай қылды"

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

2 часа бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

2 часа бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

2 часа бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

2 часа бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

2 часа бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

2 часа бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

2 часа бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

2 часа бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

2 часа бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

2 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС