"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

07.06.2014
МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше Семей қалалық мәслихатының кезекті 30-шы сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімі Айбек Кәрімов, Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Серік-қазы Оразалиев, қала әкімінің орынбасарлары, құқыққорғау,  дербес бөлім басшылары, мекемелер мен қоғамдық ұйымдар өкілдері  қатысты. Халық қалаулылары күн тәртібінде бірнеше мәселе қарады.

Семей қалалық қаржы бөлімінің басшысы Роза Кәкімованың 2013 жылғы қала бюджетінің атқарылуы туралы депутаттар алдында есебі тыңдалды. Роза Құдайбергенқызының айтуынша, өткен жылы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлінген қомақты қаражаттың 99,3%     пайызы игерілгенін атап өтіп, әр салаға бөлінген қаржының халық қалаулылар алдында таразылап берді. Бөлім басшысының баяндамасынан кейін, депутаттар өздерінің көкейінде жүрген сауалдарын жолдады. Мәселен, депутат Риза Молдашева 2013 жылы «Балапан» бағдарламасы шеңберінде қанша қаражат бөлінгенін, оның ішінде жекеменшік балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс бойынша қанша бала орналасқанын, 2014-2015 оқу жылында білім ошақтарында ыстық тамақ мәселесі қалай шешілетіндігі тұрғысында өз сауалын жолдады. Бұл ретте, Роза Құдайбергенқызы өткен жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша 405 млн. теңге қаражат бөлініп, оның игерілгенін атап өтіп, 3 мемлекеттік, 10 жекеменшік балабақша мен мектеп жанындағы шағын орталықтарда жиыны 2940 бүлдіршін балабақшамен қамтылғандығына тоқталды.   Сондай-ақ, ол мектептегі ыстық тамақ мәселесі мемлекеттік сатып алу заңы аясында жүзеге асырылатынын, үстіміздегі жылдың 1 маусымынан бастап өзгертілген Заң негізінде төмен баға ұсынған емес, бұл істе тәжірибелі әрі талапқа сай үміткерлерді таңдайтындығын айтты. Осы сауалға қосымша ретінде білім бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова 5541 бала былтырғы жылы тегін тамақпен қамтамасыз етілгенін, оған жергілікті бюджеттен 124 млн. теңге төленгендігі жөнінде депутаттарды ақпараттандырды.

Шығыс Қазақстан облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Серікқазы Оразалиев ШҚО бойынша тексеру комиссиясы Семей қаласының 2013 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есепті жан-жақты талдай келе, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан оң динамикалық көрсеткішке ие екендігін айтып, алғашқы сауалды түйіндеді.

Екінші ретте, 2012 жылдың 15 қаңтарында мәслихат депутаттарының сайлау алдындағы науқан барысында сайлаушылардан түскен ұсыныстар мен ескертулер  бойынша іс-шаралардың орындалу барысы сөз болды. Бұл мәселе төңірегінде баяндама жасаған қала әкімінің аппарат басшысы  Шаған Жұмақсанов 2012 жылы тұрғындар тарапынан жалпы 140 мәселе көтерілгенін айтты. Оның 92-сі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатыс-ты екен. Ал  ағымдағы жылдың алғашқы бес айында 44 ұсыныс пен ескертулер шешімін тауып, 54 мәселе бойынша түсіндірме жұ-мыстары жүргізілсе, 42 ұсыныс төңірегінде  жұмыс жүргізіліп жатыр екен.

 

{jcomments on}Халық қалаулыларының назарына іліккен тағы бір мәселе өткен жылғы жылу беру маусымы қорытындыланып, 2014-2015 жылғы жылу беру маусымына дайындық барысы болды. Семей қалалық ТҮКШ басшысының міндетін атқарушы Әсет Сүлейменов пен «Теплокоммунэнерго» мекемесінің техникалық директоры Асхат Букатов жылу беру маусымына дайындықтың жүргізіліп жатқандығын алға тартты.

 

Жалпы, жылу мәселесінің толықтай шешімін табатын күні алыс емес сияқты. Қала басшылығы бұл тұрғыдан оңтайлы жол тапқан. Айбек Мүталапханұлының    айтуынша, шаһардағы тозығы жеткен құбырларды ауыстыруға  байланысты құжаттар дер кезінде дайындалып, республикаға жіберілгенімен, республикалық бюджеттен қолдау таппаған. Санаулы күн бұрын облыс орталығында өткен отырыста А.Кәрімов жылу құбырларын толықтай жөндеуге қатысты Еуропалық банктің өкілдерімен келіссөздер жүргізген еді.    Маусым айының соңында бұл іс толығымен шешіледі деп күтілуде.

Сондай-ақ, сессияда ауылдық-елдімекендерде денсаулық сақтау ұйымдарының халыққа қызмет көрсету жағдайы мен техникалық базасын нығайту, қалалық әйелдер ісі жөніндегі және отбасы-демографиялық комиссия құрамын бекіту және тағы басқа мәселелер талқыланды.

 

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

2 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

2 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

2 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

3 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

3 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

3 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

3 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

3 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

4 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС