"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАҒДАРЛАМА ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

28.05.2022
БАҒДАРЛАМА ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Бір қабатты Шығыс» өңірлік жобасы аясында Зайсан қаласында 2 пәтерлі 35 үйдің құрылысы жүргізілуде.

Аталған бағдарлама аясында 2020 жылдың желтоқсан айында Зайсан қаласының  Сауыр мөлтек ауданында 18 қос пәтерлі 36 тұрғын үй көп балалы отбасыларға берілді. 2021 жылы Сауыр мөлтек ауданында 62 көп балалы отбасы тағы да «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасымен 31 қос пәтерлі 62 тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

— Зайсан ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Әсіресе өңірлік «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы ауданымызда жүйелі іске асырылып, көп балалы отбасылар жыл сайын қоныс тойын тойлап  келеді. Бұл  –  біз үшін зор мақтаныш. Басқа аудандармен салыстырып қарағанда, тұрғын үйлердің саны да, сапасы да бізде көш бастап тұр деп айта аламын. Биыл да 2 пәтерлі 35 үйді қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз. Аталған үйлер орталық ауыз су, газ, электр желілеріне қосылып, кәріз су құбырлары тартылып беріледі, –  дейді  аудан әкімінің орынбасары С.Тлемесов.

Жыл сайын мемлекет азаматтардың әл-ауқатын аттыруға бағытталған түрлі бағдарламалар мен жобаларды нәтижелі іске асырып келеді. Әсіресе шалғайдағы шекаралық аудандардың әлеуетін арттыру соңғы уақытта басты назарға алынып отыр. Шекаралық аудандарды дамытудың арнайы бағдарламасы да жасалды.

– Зайсан ауданы соңғы 2-3 жылда адам танымастай өзгерді. Жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп, қаланың сәні мен салтанаты жарасты. Зайсан қаласына кіреберістегі көп балалы отбасыларға берілген екі пәтерлі үйлер бөлек бір қалашық болды. Қарасаң, көзің тоймайды, қала жылдан-жылға кеңейіп, өсіп, көлемі  артып  келеді. Туған қаламыздың көркейіп, гүлденгені – әр тұрғынның қуанышы, – дейді  қоғам  белсендісі Әділхан Кәкеев.

Тұрғын үйлердің көп салынуы ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының тұрақтылығының айқын көрінісі деуге болады. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы облыста ғана емес, Зайсан ауданында да үлкен танымалдылыққа ие. Аталған бағдарламаның нәтижесінде ауданның демографиялық көрсеткіші жылдан-жылға артып, халық саны өсіп келеді.

– Зайсан – шығыстың  шырайлы алтын қақпасы. Шалғайда орналасса да үлкен қалалардан еш кем емес. Жыл сайын жаңа  нысандар, тұрғын үйлер бой көтеріп, қаламыз күннен-күнге көркейіп, құлпырып тұр.  Биыл да «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасымен жаңа үйлер салынып жатыр. Мен жерлестерім үшін қуаныштымын, әр отбасының баспаналы болуына тілектеспін, – дейді қала тұрғыны Мұрат Жұмағалиев.

Осы пікілерден-ақ тұрын үй құрылысы саласында сәтті іске асырылып келе жатқан бірден-бір бағдарлама «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы деп айтуға толық негіз бар.  Бағдарламаның нәтижесін халық көріп, ризашылықтарын  білдіруде.

– Мен көп балалы анамын. Биылғы жылы кезегім  келіп, жаңадан салынып жатқан 2 пәтерлі 35 үйдің біреуін алмақшымын. Кең, жарық, жаңа үйіміздің болатынына балаларым қатты қуанып жүр. Барша көп балалы отбасыларға осындай қуаныш сыйлап, қоныс тойын тойлау мүмкіндігін берген мемлекетімізге аналық алғысымды білдіремін, – дейді көп балалы ана А.Омарова

Аталған бағдарлама көп балалы аналарды қуантып қана қоймай, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен әсерін тигізді. Құрылыс заттарын сататын дүкендердің сауда айналымы артып, азаматтар жұмыспен қамтылды. Айта кететін жайт, ендігі салынып жатқан үйлер I, II топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жетім балалар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға берілмек.

Е. КЕНЖЕБЕК

Мақалада: БАҒДАРЛАМА ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

17 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

17 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

18 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

18 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

19 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

19 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС