"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Полиция қызметкерлері» 76 жастағы зейнеткердің пәтері мен 10 млн теңгесін алаяқтықпен алып қойған

29.06.2022
«Полиция қызметкерлері» 76 жастағы зейнеткердің пәтері мен 10 млн теңгесін алаяқтықпен алып қойған
317
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қостанай қаласының 76 жастағы тұрғыны интернет-алаяқтар кесірінен 23 миллион теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Наш Костанай» басылымына сілтеме жасап.

Зейнеткерге әлдекім белгісіз нөмірден телефон соғып, өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған. Белгісіз біреу оның есеп шотында ақшасы бар екенін, алаяқтар оны ипотекаға рәсімдемек болғанын айтқан.

«Олар менен ипотека рәсімдеп пе едіңіз деп сұрады, ал мен ондай нәрсені бұрын естімеген едім. Өзімнің жеке үйім тұрғанда, маған ипотека неге керек дейсіз. Бейтаныс жігіт маған банкке баруым керек екенін айтты. Мен оның сөзіне алданып, солай істедім. Онымен қоймай, маған өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған адам хабарласып, Артур есімді адам хабарласатынын ескертті. Біраз уақыттан кейін ол жігіт хабарласып, қаржы полициясында жұмыс істейтінін айтты. Содан соң ол менің депозиттегі ақшам бойынша жұмыс істейтінін, алаяқтар ақшамды алып кетпеуі үшін не істеу керек екенін айтып отыратынын ескертті», — дейді зардап шеккен әйел.

Алаяқтардың құрбаны болған зейнеткер олардың барлық нұсқауын кезең-кезеңімен орындап шыққан. Олар зейнеткерге не істеу және не айту керек екенін түсіндіріп отырған. Ол өз шотынан 10 миллион теңге көлеміндегі қаражатты алуы керек болады. Банкте әйелдің қолына 6 миллион теңге беріледі.

«Ақшаны алған соң ол жалған қызметкерге телефон соғып, ақшаның қолында екенін айтқан. Содан соң алаяқ оған ақшаны аудару үшін қайда бару қажеттігін түсіндіреді, зейнеткер бәрін сол айтқандай істейді. Келесі күні әлгі бейтаныс азамат жәбірленушіге тағы телефон соғып, банк бөлімшесіне қайта барып, қалған ақшаны да алып, терминал арқылы өзіне аударуын айтқан», — деп хабарлады криминалдық полиция.

10 миллион теңгені алып алған алаяқтар онымен тоқтап қалмай, жаңа схема ойлап тапқан. Олар енді зейнеткерге үйі сатылымға шығып кеткенін айтады. Сондықтан баспанасыз қалмас үшін еш саудаласпай тезірек үйін сатып жіберуі керек-міс. Сөйтіп зейнеткердің үйін сатып алушы да бірден табыла кетіп, оған 85 шаршы метрлік жеке үй 13 миллион теңгеге сатылады. Үй сатудан түскен ірі ақшаны да ол алаяқтардың шотына аударған. Ал алданып қалғанын түсінген сәтте зейнеткер полицияға хабарласады.

Қостанай облысының баспасөз қызметінде атап өтілгендей, бүгінгі таңда Қостанай облысында интернет-алаяқтыққа қатысты 574 іс тіркелген.

Мақалада: "Полиция қызметкерлері" 76 жастағы зейнеткердің пәтері мен 10 млн теңгесін алаяқтықпен алып қойған

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

8 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

9 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

12 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС