"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙМАҚТАР ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН

07.06.2014
АЙМАҚТАР ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері президенттерінің Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы туралы келісімшартқа қол қою рәсімі қарсаңында, халықаралық интеграция шеңберінде Қазақстанның Өскемен, Ресейдің Барнаул және Беларусьтың Могилев қалалары арасында ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен 28 мамыр күні «Еуразиялық экономикалық одақ: кәсіпкерлік үшін артықшылық пен болашақ» тақырыбы төңірегінде телекөпір өтті.

Қазақстан, Ресей және Белорусь      елдері  Президенттерінің Еуразиялық экономикалық одақ құру шартына қол қою рәсімі қарсаңында ұйымдастырылып отырған телекөпірге үш тараптың билік, кәсіпкерлік және ғылым-білім саласы өкілдері, яғни, аты аталған аймақтардың басшылары, ауыл шаруашылығы,       индустрия және өндіріс саласындағы кәсіпкерлер, сондай-ақ, студенттік құрылыс жасақтарының өкілдері қатысты. Шара барысында Шығыс Қазақстанның ірі зауыттары, агрошаруашылық өкілдері мен «Өскемен ЭКСПО-2014» көрмесіне қатысушылардың өнімдерінің көрмесі болды.

Қазақстан, Ресей мен Беларусь мемлекеттері арасында тек жылы достық қатынас қана емес, мығым серіктестік байланыс та бекіген. Бүгінгі таңда, шет мемлекеттермен ынтымақтастық және екіжақты тиімді сыртқы экономикалық байланысты кеңейту ШҚО дамуының маңызды бір бағытына айналған. Нәтижесінде Шығыс Қазақстанда Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасымен бірлескен 250-ден астам кәсіп-орын сәтімен жұмыс істеп тұр бүгінде.

 

{jcomments on}Телекөпір барысында Кәсіпкерлер палатасы, «Казмырыш» ЖШС, «СемАЗ» ЖШС, Семей қаласы ет комбинатының өкілдері ЕурАзЭО артықшылықтары, Кедендік Одақ  аясындағы атқарылған жұмыстары тұрғысында әңгіме өрбіді. Бүгінде сауда қатынасы бойынша облыстан Ресейге көлік құрастыру, минералдық өнімдер мен бағалы емес металдар шығарылады. Беларусь еліне химиялық және осы саламен байланысты өнеркәсіпке, көлік құрастыру саласына қажетті өнімдер тасымалданады. Сондай серіктестік қатынастың бір нәтижесі: «СемАЗ» ЖШС мен «Минск трактор зауыты» Республикалық біртұтас кәсіпорны арасында бекітілген лицензиялық келісімшарт негізінде түрлі модификациядағы «Беларусь» тракторларын құрастыру өндірісі қолға алынған. 5 жыл ішінде       зауытта 4900 трактор шығарылды. 2013 жылы кәсіпорында жүк көліктері мен «Урал» шассиіне орнатылған арнайы техника да шығарыла бастады. Мысалы, өткен жылы 56 автокөлік құрастырылған-ды.

 

Аймақтар арасында гуманитарлық салада да байланыс дамыған. Өскемен, Семей, Жаңа Сібір, Томск, Мәскеу, Санкт-Петербург, Минск, Дубна қалаларының жоғары оқу орындары бірлесіп, көптеген ғылыми зерттеулер жүргізуде. Мысалы, Курчатов қаласындағы ҚР Ұлттық ядролық орталығында 15 ортақ ғылыми жоба бар. Сонымен қатар, жастар саясатында да алға жылжушылық байқалады. 2010 жылдан бері ШҚО әкімдігімен Беларусь және Ресейдің студенттік құрылыс жасақтары өзара алмасуда. Алтай аймағы және Беларусь Республикасының Могилев облысымен ықпалдастық аясында 2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстанда жалпы құрамы 40 адамнан тұратын құрылыс жасақтары болып қайтты. Сондай-ақ, ынтымақтас елдермен туризм, спорт  салаларында да серіктестік орнаған. Телекөпір соңында тараптар кәсіпкерлік саласында өзара тиімді ұсы-ныстармен бөлісті.

ШҚО әкімдігінің ақпараттық

орталығының деректері бойынша дайындаған Нұрдәулет КӘКІШЕВ.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

21 час бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

21 час бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

22 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

22 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

23 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

23 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС