"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АГРАРЛЫҚ СЕКТОРҒА ТЫҢ СЕРПІН БЕРУ ҮШІН…

30.06.2022
АГРАРЛЫҚ СЕКТОРҒА ТЫҢ СЕРПІН БЕРУ ҮШІН…
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жаңадан құрылған Абай облысының орталығы Семей қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен бірқатар министрліктің өкілдері қаладағы бірқатар нысандарды аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.

Абай облысында әсіресе аграрлық секторды дамытуға басымдық беріліп отыр. Нұр-Сұлтан қаласынан келген делегация өкілдері майлы дақылдарды өңдеумен, тазартылған майды өндірумен және шетелге экспорттаумен айналысатын «Qazaq Astyq Group» ЖШС-де болып, өндіріс барысымен танысты.

Қазіргі таңда кәсіпорын тәулігіне 1000 тонна күнбағыс тұқымын немесе 800 тонна зығыр тұқымын өңдей алады. Компанияда 300-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылған. Зауыт өнімдері сыртқы нарықтарға жеткізілетін өсімдік майымен Қазақстан Республикасының ішкі қажеттілігін толықтай қамтамасыз етеді.

— Қазіргі таңда әзірше экспорт жоқ, бірақ біз оны күзге дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жылыту маусымы басталысымен нарықта сұраныс пайда болатынын түсінеміз. Бұл ретте біз өнімнің 20 пайызын ішкі нарық үшін қалдыруға дайынбыз. Тазартылмаған майды тазарту және құюмен айналысатын зауыттарға сатамыз. Жалпы, біздің зауыт бүгінде тазартылмаған май шығарады және темір жол арқылы босатады, зауыттың өзінің құю және тазарту жабдықтары жоқ, бірақ біз біртіндеп оған келе жатырмыз, алдағы жоспарларымызда осындай нақты жобалар бар, — деді «Qazaq Astyq Group» ЖШС бас директоры Николай Ушаков.

Мәжіліс депутаттары мен министрліктердің өкілдері кәсіпорынды аралап, әрбір блоктағы жұмыс барысымен жақынырақ танысты. Қазіргі уақытта мұнда өндіріс қарқыны жоғары.

Сөз орайында ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев компанияның жоғары қуаттылығын атап өтіп, ішкі нарықты молайту үшін өнім шығару көлемін ұлғайтуға кеңес берді. Ал кәсіпорын басшылығы қазіргі күндері шикізат көлемінің жеткілікті екенін айта келіп, өндіріс қарқынын әлі де болса арттыруға толық мүмкіндік бар екенін жеткізді. Бұл ретте заманауи қондырғылар да, білікті мамандар да бар.

Осы күні астаналық меймандар сонымен қатар Семей шаһарына іргелес орын тепкен «Нұр» шаруа қожалығына да ат басын бұрды.

Атағы алысқа жайылған шаруашылық қазіргі таңда асыл тұқымды мал өсіруде. Етті және  сүтті бағыттағы мүйізді ірі қара мал өсіріп қана қоймай, жылқы мен ұсақ малдың да басын көбейтуде. Қысқы мал азығын жыл сайын қожалық шаруалары өздері даярлайды.

Қожалықта көпжылдық шөптер өсіріледі, алқап далаға жақын орналасқан қалалық тазарту қондырғыларынан тазартылған ағынды суларды жеткізу арқылы суарылады. Шаруашылық басшысының айтуынша, бұл судың құрамында көптеген пайдалы минералдар бар. Делегация өкілдері мұндай ерекше суару қондырғысын жоғары бағалады.

— Мұнда біз судың тиімді және өнімді пайдаланылып отырғанын көріп отырмыз. Жалпы, біз қалаларда тұтынылатын және төгілетін барлық суды ұтымды пайдалана алатын фермерлерге заңнамалық түрде көмектесуіміз керек. Мұның барлығы мемлекет тарапынан субсидияланады, жұмыс міндетті түрде жалғасады, — деді Экономикалық реформа және өңірлік даму мәселелері жөніндегі комитеттің төрағасы Альберт Рау.

Кездесуді қорытындылай келе, ол қазіргі уақытта облыста шұғыл түрде шешуді талап ететін және стратегиялық мәселелер бар екенін айтты.

— Келесі жылы бюджет аясында бүгінде басымдыққа ие болған мәселелерге  қаражат бөлінетін болады. Бірінші кезекте, бұл ауылдық елді мекендердегі таза ауыз су, сондай — ақ AMANAT партиясының міндеттемелері — бұл «Ауыл – Ел бесігі» және басқа да жобалар. Облыс бастамашы болған барлық жобаларды біз қолдаймыз және алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет жобасын қарауға бастамашы боламыз. Абай облысын дамытуда әсіресе стратегиялық мәселелер де бар. Қазіргі уақытта облыстың әлеуеті зор. Бірінші кезекте, логистикалық ахуалды жақсарту бойынша шаралар қабылдау қажет. Мысалы, бүгін таңертең отырыста біз су көлігінің жұмысын қалпына келтіруді, Қытай мен Ресей арасындағы жағдайды өте нәтижелі талқыладық. Мұның бәрі стратегиялық сипаттағы мәселелер. Яғни, облыста орта мерзімді кезеңге арналған даму бағдарламасын әзірлеу қажет, — деді өз сөзінде Альберт Рау.

Кездесу соңында делегация өкілдері облысқа Үкімет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін де атап өтті.

Қ.ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Мақалада: АГРАРЛЫҚ СЕКТОРҒА ТЫҢ СЕРПІН БЕРУ ҮШІН...

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 часа бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 часа бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 день бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС