"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШАҒЫН АУДАНДАРДЫ ДАМЫТУҒА — ЕКІ МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ

30.06.2022
ШАҒЫН АУДАНДАРДЫ ДАМЫТУҒА — ЕКІ МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде алты шағын ауданды дамытуға 2 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Нахаловка, 14 шағын аудан, 905-құрылыс ауданыдарының, Цементшілер, Степной, Западный кенттерінің тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Кездесу басында қала әкімі тұрғындарды ағымдағы жылы атқарылған жұмыстармен, алда тұрған міндеттермен туралы таныстырды.

— Біз тұрғындармен кездесулерден соң Семей қаласының 2022 жылға арналған әлеуметтік тәуекелдер картасын әзірледік. Аталған картаға сәйкес, 199 мәселе бюджеттен қаржыландыруды талап етеді, — деді Бақытжан Байахметов.

Қалада ең өткір тұрған мәселе — қала инфрақұрылымының тозуы. Шаһар басшысы соңғы жылы оны жақсарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті.

Бақытжан Байахметов аталған шағын аудандардың даму болашағы туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Цементшілер кентінде ұзындығы 2,8 шақырым болатын 5 көше жөнделетін болады. Нахаловка ауданында Береговая көшесін орташа жөндеу жоспарланған. Западный кентінде Батыс өнеркәсіп торабына апаратын 2,7 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 14 шағын ауданда және 905-құрылыс ауданында Бозтаев көшесі, 1 «а» мекенжайы бойынша өрт сөндіру бөліміне кіреберіс жолдарды орташа жөндеу жоспарланған.

ШАҒЫН АУДАНДАРДЫ ДАМЫТУҒА - ЕКІ МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ

Екінші жер үсті «Южный» жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта іргетас салынуда, көпірдің металл құрылымдары қосылуда.

Таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары да жалғасуда.

— Аталған шағын аудандарда 6 мыңнан астам тұтынушыға қызмет көрсетіледі, олар «Үлкен» су тоғанынан сумен қамтамасыз етіледі. Су құбыры желілерінің негізгі бөлігі 70-ші жылдары салынған және су құбыры желілерінің тозуы 66,4%-ды, кәріз желілері 72,7%-ды құрайды. Қаланың сол жағалау бөлігіндегі ауыз судың сапасын жақсарту мақсатында Еуропа қайта құру және даму банкі аясында Западный кентіндегі Строительная көшесіндегі 3-ші тұйық көшеге су құбырын қайта жаңарту жүргізілді, — деді Семей қаласының әкімі.

Степной кенті тұрғындары кентті орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу туралы мәселені бірнеше рет көтерген болатын. Осы мәселені шешу үшін ағымдағы жылы «Восток-котлы» ЖШС-мен шарт жасалған. Жұмыстарды 2 кезеңде орындау жоспарлануда.

ЦТП-518 және кварталішілік жылу желілерін жаңғыртуға 2022 жылғы 24 наурызда  сараптама қорытындысы алынған. Жобаны іске асыру кезінде Цементная, Спартак, Физкультурная, Рысқұлов көшелеріне жөндеу жүргізіледі.

Көше жарығын жаңғырту жұмыстары да жалғасуда.

— 2023 жылы аталған аудандарда жарығы жоқ тағы 11 көшені жарықтандыру жоспарлануда, оның ішінде Батыс кентінде 4 көше — Багряная, Широкая, 5-Щорс, Западный кенті 5 тұйық көшесі; Цементшілер кентінде  3 көше — Рахимов, Жастар тұйық көшесі 1, Батыс өнеркәсіп торабы көшесі;  Нахаловкада 3 көше — Лесопильная, Синицын, 2 Стальский тұйық көшесі; Степной кентінде  Машиностроительная көшесі, — деді осы жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы Бақытжан Байахметов.

Аумақтарды қазіргі заманғы қала құрылысы нормаларына сәйкес ұтымды игеру мақсатында ағымдағы жылы сол жағалау аймағының (14, 15-шағын аудандар) және Цементшілер кентінің егжей-тегжейлі жоспарын түзету жоспарлануда.

Қаланың басым мәселелерінің бірі абаттандыру болып табылады.

Қала басшысының айтуынша, ағымдағы жылы 14-ықшам аудан 4, 5, 6, Первомайская 32 А, 2 Школьная 1б; Галето 51, Спартак 23 және 21 көшелері бойынша 2 аула (8 үй) абаттандырылатын болады. 2 балалар алаңы (Степной кенті және Физкультурная көшесі 9/1) және 1 спорт алаңы (Физкультурная көшесі 9/1) орнатылады.

Білім беру саласын дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді.

Степной, Западный және Нахаловка кенттерінде жалпы білім беретін мектептер жоқ. Оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айында Степной кентінде 300 орындық жалпы білім беретін мектептің құрылысы жоспарлануда. Ағымдағы жылы №№10; 11; 22; 32; 39 мектептерге кабинеттер сатып алу жоспарлануып отыр.

Кездесуде қала басшысы жолаушылар тасымалы саласына да егжей-тегжейлі тоқталды.

— 2024 жылға дейін 6 шағын ауданды дамытуға 2 млрд теңгеден астам қаражат жұмсау жоспарланып отыр. Нагорная көшесінен Докучаев көшесіне дейін Широкая көшесіндегі 518, 507 ЦТП және магистральды құбыр желілерін, су құбыры желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады. Қашаубаев көшесі, 2 А, Строительная көшесі және Цементшілер кенті көшесіндегі тұрғын үйлердің су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ, 10 көшені жарықтандыру, 4 көшені орташа жөндеумен қамту, 3 ауланы абаттандыру және балалар алаңын орнату жоспарлануда, — деді қала әкімі.

Бақытжан Байахметов тұрғындарды атқарылып жатқан жұмыстарды қоғамдық бақылауға белсенді қатысуға, кемшіліктер анықталған жағдайда, мердігерлерден оларды жоюды талап етуге шақырды.

Жиыннан соң қала басшысы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақалада: ШАҒЫН АУДАНДАРДЫ ДАМЫТУҒА - ЕКІ МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

8 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

8 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

8 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

8 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

10 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

10 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС