"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЛТАЙ ТӨРІНДЕ АЙТЫС ӨТТІ

05.07.2022
АЛТАЙ ТӨРІНДЕ АЙТЫС ӨТТІ
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптаның соңында алты алаштың ата жұрты — төр Алтайдың баурайындағы Катонқарағай ауданында өткен «Алтайдай жер қайда?!» атты халықаралық айтыстың бас жүлдесін Ардабек Ақбаба алды.

Халықаралық айтыс додасына Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген атақты айтыскерлер қатысты. Айтыстың жалпы жүлде қоры 20 млн теңге болды.

Бірінші орынды қызылордалық ақын Мұхтар Ниязов қанжығаласа, екінші орынды Еркебұлан Қайназаров пен Рүстем Қайыртайұлы бөлісті. Қазірет Бердіхан мен өзбекстандық ақын Талғат Орынбеков үшінші орын алды.

Айтысқа сонымен қатар Әсем Ереже, Шұғайып Сезімхан, Қалижан Ділдашев, Жарқын Жұпархан және басқа да танымал от ауызды, орақ тілді айтыскерлер қатысты.

Айта кетер болсақ, сөз барымтасындағы саңлақтардың қарымын Ұлықбек Есдәулетов, Серік Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Алмас Ахметбек және Серік Құсанбаев сынды салмақты ақындар бағалап, қазылық етті.

Қазақтың ақсүйек өнерін тамашалуға Катонқарағай ауылындағы стадионға үш мыңға жуық көрермен жиналды.

Айтыстың жүргізушісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, танымал ақын Жүрсін Ерман ашық аспан астындағы тұмса табиғат бүгінгі айтыскерлердің шабытына арқау болғанын айтты.

— Бүгінгідей ашық аспан астында, тау бөктерінде айтысты өткізу тамаша идея болды. Себебі мұндай тұмса табиғат ақындарға зор шабыт сыйлайды. Қазір айтыстың деңгейі әлдеқайда жоғары. Өйткені айтыскерлердің көбі ғылым бағытында жүр. Бұл, әлбетте, айтыстың интеллектуалдық деңгейін өсіреді. Бүгінгі жастардың да айтысқа бетбұрысы ерекше. Айтыстың болашағы зор. Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан секілді шетелдердегі қандастарымыздың да қызығушылығы артып келеді. Мұндай фестивальдар алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенемін, — деді Ж.Ерман.

Ұлттық өнердің өңірде насихатталуына Катонқарағай ауданының Тұрақты дамыту қоры бастамашылық етті. Көзделген басты мақсат өңірлердегі айтыс өнерінің шығармашылық әлеуетін дәріптеу болатын.

Аудан басшысы да ақындардың қадамына құт тілеп, жиналған халыққа алғысын жеткізді.

— Жалпы, бұл күн ауылымыз үшін ерекше. Төл өнерімізді насихаттап жүрген арқалы ақындар Катонқарағайда бас қосып жатыр. Айтысты көруге жиналған ауыл тұрғындарының, қонақтардың ықыласы ерекше. Мұндай фестивальдар алдағы уақытта міндетті түрде өңірімізде жалғасын табады, — дейді пікір білдірген Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиқан.

Сондай-ақ ойдың тұнығын, сөздің шымырын теріп, көрерменді қуантқан қатысушы айтыскерлерге де қаржылай сыйақы табыс етілді.

Динара НҰРЛЫБЕК,

«Семей таңы»

Мақалада: АЛТАЙ ТӨРІНДЕ АЙТЫС ӨТТІ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

14 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

15 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС