"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СҰРЫПТАУ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

05.07.2022
СҰРЫПТАУ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өскемен қалалық әкімдігінде ҚТҚ жинау, шығару, кәдеге жарату және қайта өңдеу жүйесі жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс орталығында біраз уақыттан бері қалдықтарды бөлек жинау жүйесі қолға алынған. Аталмыш жоба аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау үшін қосымша 1274 контейнер орнатылып, 8 жаңа қоқыс тасығыш жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта ҚТҚ-ны сұрыптау желісінің құрылысы аяқталуға жақын.

Әкімдіктегілердің айтуынша, сұрыптау желісін іске қоспас бұрын гректің Sabo S.A. компаниясы іске қосу және бағдарламалау жұмыстарын орындауы керек. Бұл жұмыстар шамамен 2 ай ішінде орындалады. Желі іске қосылғаннан кейін полигондағы қалдықтарды ішінара сұрыптау үдерісі де жолға қойылмақ.

— Қалада қоқыс жинау алаңдары жөнделді. Десе де оларды жинау және шығару мәселесі нақты шешімін тапты деп айта алмаймыз. Қоқыс шығарушы компаниялар өздеріне алынған міндетті толығымен дұрыс орындамайды. Ауладағы контейнерлер толып, уақтылы шығарылмайды, — деп баса айтты қала әкімі.

Осыған орай қала әкімі қысқа мерзімде Өскеменде ҚТҚ басқару бағдарламасын және бекіту алгоритмін әзірлеуді тапсырды. Бағдарламада қоқыс жинаудың барлық нүктелері көрсетілуі керек, олардың әрқайсысына контейнерлер саны жазылады. Қоқыс тасушылар үшін оңтайлы маршруттар мен жүйелілікті дамыту қажет. Барлық бағыттар қоқыс шығарушы компаниялар арасында конкурстық негізде бөлінуі тиіс. Қазақстанның басқа қалаларынан да компаниялар тартылуы мүмкін.

— Қазір қоқыс шығаруға келісімшарт жасау — әркімнің заң бойынша міндеті. Бірақ, менің ойымша, біз қазір адамдардан бірдеңе талап етуге моральдық құқығымыз жоқ. Біз стандарттар әзірлемейінше, жұмысты ретке келтірмейінше, қаланы жеткілікті контейнерлермен жабдықтамайынша тұрғындардан ештеңе талап етіп, айыппұл сала алмаймыз, — деп атап өтті Жақсылық Омар.

ҚТҚ басқару бағдарламасын және конкурстық рәсімдерді әзірлеу ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр. Осыдан кейін әзірленген алгоритмдер бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілмек.

Айта кету керек, 2024 жылдың соңына дейін Қ.Қайсенов кентінен сегіз шақырым жерде қала үшін жаңа санитарлық полигон салу жоспарлануда. Мұнда қалдықтарды биологиялық өңдеу кешені жұмыс істейтін болады.

Ерасыл КЕНЖЕБЕК

Мақалада: СҰРЫПТАУ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

23 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

23 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС