"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАРҚАКӨЛДЕ МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ҚОЛҒА АЛЫНУДА

05.07.2022
МАРҚАКӨЛДЕ МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ҚОЛҒА АЛЫНУДА
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шекара шебінде жатқан Марқакөл ауылдық округінің әкімі Рүстем Кемешов елді мекендерде атқарылып жатқан істер жайлы баяндап берді. Қазіргі кезде Марқакөл ауылдық округінде игі істердің барлығы айқын байқалып отыр.  Әрине, әзірге шешілмеген, қордаланып, кезегін күтіп тұрған  түйткілді мәселелер де аз емес.

Ең бастысы, нақты істер қолға алынып, жұрттың жұмыспен қамтылуы, өндіріс пен ауыл шаруашылығының дамуы бағытындағы алға басуларды жұрт көріп отыр. Қазіргі кезде округтегі таза сумен қамтамасыз ету, балабақшамен, мектеппен қамту, жұмыс орындарын ашу, халық денсаулығын оңалту бағытында емханаларды жаңарту және жаңадан салу сияқты жаңалықтар шынымен көңіл көншітерліктей.

Бүгінгі күні жер көлемі 228 645 гектар округтегі 6 елді мекенде 3376 адам тірлік кешіп жатыр. Жыл басынан бері «жұмыссыз» деп тіркелген 25 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, 35 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Округте сегіз әлеуметтік қызметкер 39 қарт пен мүгедек адамға үйде қызмет көрсетіп отыр. Ал аз қамтылған жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге қайырымдылық айлығында және қажеттіліктеріне қарай нақты көмек көрсету ұйымдастырылған.

Марқакөл ауылдық округіне 2022 жылы 179 158 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Осы уақытқа дейін соның 28 345 мың теңгесі игерілді. Бұл қаражатқа көшелердегі жарықтандыру желілерін ұстау, Марқакөл ауылының көшелері мен саябақтардағы ағаштарды, бағандарды ағарту жұмыстары, көшелерді абаттандыру, қатты қалдықтарды жинау және оларды шығару жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта Марқакөл ауылының ішкі жолдарын, ішкі су құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Биыл округ бюджетіне түсуге тиіс кірістер көлемі 13 млн 900 мың теңгеге жоспарланған болса, қазіргі уақытта жиналған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер 9 млн 400 мың теңгені құрап, жоспар 68 пайызға орындалып отыр. Құнсыздану үрдісін болдырмау, экономиканы қолдау мақсатында және ішкі нарықты жанар-жағармаймен және халық тұтынатын арзан азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етудің маңыздылығын ескере отырып, кәсіпкерлермен өзара түсіністік жағдайында екі жақты келісім, меморандум жасау қажеттілігі күшейіп отыр.

Ауылдық округте тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ететін 14 азық-түлік дүкені бар. 2022 жылы осы дүкендер иелерімен 19 түрлі маңызды азық-түлік тауарларының бағасын межелі мөлшерден асырмау жөнінде жаңа меморандум жасалды. Осылайша, округте баға тұрақтылығы орнықты.

Қазіргі таңда округ дүкендерінде негізгі тұтыну тауарларының бағаларын тежеу, үстеме бағасын 15 пайыздан асырмау қатаң қадағалануда. Нанның бағасы 170 теңгені құрайды.

Жер салығын арттыру мақсатында 2022 жылы жеке тұлғалардың уәкілетті органда тіркелмеген, бірақ  пайдаланып  отырған жер учаскелерін тексеру мақсатында комиссия құрылып, 6  ауыл бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Округ аумағында 63 жеке кәсіпкерлік нысаны тіркелген, оның 47-сі жұмыс істеп тұр. Үстіміздегі жылы бір азық-түлік дүкені ашылды, алдағы уақытта тағы екі дүкен ашу жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы әңгімелер болсақ, округ бойынша жылдан-жылға мал тұқымын асылдандыру жұмыстары қарқын алып келе жатыр. Сүт өндіру көлемін арттыру бойынша «Нұралы» шаруа қожалығында қабылдау пунктін ашу жұмысы жүзеге  асырылмақ.

Ауылдық округ бойынша «Казводхоз» су реттеушісі А.Қонақбаевтың және жеке кәсіпкер Б.Иқамбаевтың ұйымдастыруымен «Шұбар ешкі», «Шет Теректі» алқаптарында бірқатар тұрғындар бидай, арпа, сұлы, көпжылдық шөп егіп, тың бастама бастады. Сөйтіп, олар 300 гектарға жуық алқапты, ал «Марқакөл-А» шаруа қожалығы 100 гектардан астам егістік жерді игерді. Былғары Табыты ауылының тұрғындары жеке егістіктеріне және «Рүстем» шаруа қожалығының басшысы Қ.Еңкебаев 200 гектар жерге күнбағыс егіп, күтіп-баптауда.

Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» мен «Аграрлық несие» корпорациясы қосылып, бір аграрлық несие корпорациясына айналғанын білеміз.  Бұл ұйым несиені 6 пайызбен береді, көп балалы отбасының бір мүшесінде шаруа қожалығы немесе жеке кәсіпкер куәлігі болған жағдайда, ол несиені 4 пайызбен ала алады.

Округ бойынша сарып ауруына «оң» нәтиже көрсеткен  233 бас ірі қараның  221-і жойылды, ал 12 бас ірі қара оқшауланды. Ветеринария мамандарымен бірлесе отырып, ауыл тұрғындары мен шаруа қожалығы басшыларына сарып ауруына қарсы егу жұмыстарын жүргізу үшін «РВ-51» вакцинасын өз қаражаттарына сатып алу қажеттілігі ескертіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әр елді мекенде мал табыны ұйымдастырылып, жыл басынан бері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 408-бабына сәйкес малды бағу ережесін бұзған 35 адамға айыппұл салынды.

Марқакөл ауылында көше жолдарына құм-тас қиыршықтарын төсеу бойынша жоспардағы жұмыстары аяқталмаған 7 көшеге 50 млн теңге қаражат бөлініп,  сметалық құжаттар дайындалды. Су құбырларын қосымша көшелерге жалғау жұмыстарына 52 млн теңге қаржы бөлінген соң, сметалық құжаттар дайындалып,  ашық конкурсқа шығарылады.

Марқакөл ауылының тұрғындарын жер астындағы артезиан суымен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы «Үш құдық» жер телімінде ұңғыма орнатылып, 2,5 метр тереңдікте ұзындығы 5 шақырымды құрайтын су құбыры тартылып, электр желісі трансформаторлары орнатылды. Ағымдағы жылы су қоймасын салу жоспары бар.

Марқакөл ауылында аз қамтылған, әлеуметтік осал топтағы, жалғызбасты және көпбалалы отбасыларға арналған екі пәтерлі бес үй салынды. Жақында тағы  көпбалалы екі отбасына пәтер кілті берілмек.

Марқакөл ауылында 100 орындық «Спорт орталығы» кешенінің құрылысы басталды, ені 24 метр, ұзындығы 44 метр болатын екі қабатты орталықтың құрылысын «Qazconstruсtions» кәсіпорны ағымдағы жылдың соңына дейін тәмамдауды  жоспарлап отыр. «Марқакөл» стадионындағы ағымдағы жөндеу жұмыстары да аяқталып келе жатыр.

«Туған жерге – тағзым» жобасы аясында түлектердің еліне, туған жеріне адалдығының, сүйіспеншілігінің айғағы ретінде Қарашілік ауылының тумалары Жолаушы Тұрдығұлов пен Толқын Әбенұлы өз қаражаттары есебінен тойхананы  жөндетіп, түрлі мәдени-спорттық шаралар өткізді. Аталған шараларға 10 млн. теңгеге жуық қаражат жұмсалды.

Қ.Бату, А.Иқамбаев, Қ.Тердікбаев, Д.Қалибеков, А.Жүнісова, Н.Қабдуали, Д.Оразиманов, Р.Дүкеев сияқты кәсіпкерлер бар шаруаға қол ұшын беріп келе жатыр. Ауыл ардагерлерінің үндеуіне байланысты Марқаның Өскемен қаласында тұратын тумалары ел-жердің көркеюіне көмек және әлеуметтік жағынан аз қамтылған  отбасыларға қолдау ретінде 450 мың теңгеге сыр, бояулар сатып алып,  бұл қажетті заттарды Е.Шабанбаев, А.Сұлтанбеков сияқты азаматтар ауылға жеткізіп берді.

Ауылдық округте жастарды және халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуды тұрақты түрде жүргізуге бағытталған әртүрлі бағдарламалар негізінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Ауылдағы жұмыссыз жастарды жұмысқа тарту, өз мамандықтары негізінде жұмыспен қамту және жұмыссыз жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында түрлі спорттық және мәдени шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатыр. Жұмыссыз жастарды жұмысқа тарту мақсатында әр түрлі мекемелер мен жұмыс орындары туралы ақпараттар алынып, Марқакөл ауылдық округінің «Facebook» және «Instagram» парақшаларына салынып отырады. Соның арқасында қазіргі таңда Марқакөл ауылында жұмыссыз жастардың саны өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай азайды.

Жастар өздеріне  арналған әр түрлі мемлекеттік бағдарламалар негізінде  жыл сайын өз кәсіптерін ашып, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалануда. Жақында студент жастар жазғы демалыстарын тиімді пайдалансын деген ниетпен округте «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 10 студент  жұмыспен қамтылды. Алдағы уақытта осы мақсатта қарқынды жұмыстар атқарылатын болады.

Ағымдағы жылы «Келіндер байқауы», «Әжелер байқауы», «Бала сұлтан-2022», «Бүлдіршін ару-2022», «Жігіт сұлтаны-2022», «Күршім аруы-2022» атты аудандық сайыстарда Марқакөл ауылдық округінің намысын қорғаған  жүйріктер жүлделі орындарға ие болды.  Округ бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау, халықтың қауіпсіздігі мен мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдармен тұрақты бірлесе жұмыстар жүргізілуде.

Х.ЗӘКӘРИЯ 

Мақалада: МАРҚАКӨЛДЕ МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ҚОЛҒА АЛЫНУДА

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

02.09.2026
Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

Кәсіпкерлік ортаның тұрақты дамуына қаржылай қолдау мен жеңілдетілген несиелер ғана емес, бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы да тікелей әсер ететіні...

Толығырақ...Details

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал,...

Толығырақ...Details

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

01.09.2026
Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

Семейде өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School Semey ашылып, алғашқы қатысушылар оқуын бастады. Іс-шараға Абай облысы цифрлық технологиялар...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

4 дня бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

4 дня бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

4 дня бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

5 дней бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

5 дней бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

5 дней бұрын

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

6 дней бұрын

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

1 неделя бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысты

1 неделя бұрын

ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС