"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

24 ТАМЫЗ — ЖАҢА ОБЛЫСТАРДЫҢ СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ

14.07.2022
24 ТАМЫЗ — ЖАҢА ОБЛЫСТАРДЫҢ СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ
25
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Орталық сайлау комиссиясы Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарындағы Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелерін талқылады. 

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 шілдедегі Жарлығымен Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалғанын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Сенатты Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының әр облысынан, республикалық маңызы бар қаласынан және астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттар құрайды. Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар – мәслихаттар депутаттары сайлайды, оларды өз кезегінде жалпы сайлауда Қазақстан Республикасының азаматтары сайлайды», — делінген хабарламада.

Үш облыстың әрқайсысынан екі депутат сайланады: олардың біреуі 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне; екіншісі 2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне сайланады.

Конституцияға сәйкес, отыз жасқа толған және ел аумағында соңғы он жылда және тиісті облыс аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы Парламент Сенатының депутаты бола алады. Сонымен қатар үміткердің жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуы керек.

«Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы жоқ. Соттылығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған адам, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсін сот таныған адам Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат бола алмайды», — деді ОСК өкілдері.

Кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 13 шілдеден бастап 30 шілде күнгі сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты ұсынуды мәслихаттар, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүзеге асырады. Тіркеу – 2022 жылғы үшінші тамыз күнгі сағат 18.00-ге дейін.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеуді облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихаттың депутаттыққа кандидат етіп ұсыну туралы шешімі (мәслихат ұсынған жағдайда); депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі (ниеті) туралы өтініші; тиісті сайлау комиссиясының кандидатты қолдап қойған таңдаушылардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамасы; кандидаттың өмірбаяндық деректері; кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы; кандидаттың 900 000 теңге көлеміндегі сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат болған кезде облыстық сайлау комиссиялары жүзеге асырады», — делінген хабарламада.

Тоқтала кетер болсақ, сайлау алдындағы үгіт 2022 жылғы 3 тамыз күнгі сағат 18.00-ден басталып, 23 тамыз күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады. Тыныштық күні — 2022 жылғы 23 тамыз. Дауыс беру күні — 2022 жылғы 24 тамыз.

Сенат депутаты сайлауындағы дауыстарды санау нәтижелері дауыс беруге арналған пунктте өткізілетін тиісті сайлау комиссиясының отырысында белгіленеді.

«СТ» — ақпарат

Мақалада: 24 ТАМЫЗ - ЖАҢА ОБЛЫСТАРДЫҢ СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

14 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

15 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС