"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЕЛЕУЛІ ЗИЯН КЕЛТІРУДЕ

14.07.2022
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЕЛЕУЛІ ЗИЯН КЕЛТІРУДЕ
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының алқа отырысында атмосфералық ауаны қорғау туралы заңнама саласындағы заңдылықтың жай-күйі және осы бағыттағы уәкілетті мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мәселелері қаралды.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев, құзырлы мемлекеттік мекемелердің басшылары, табиғат пайдаланушы ірі компаниялардың өкілдері қатысты.

— Шығыс Қазақстан түсті металлургия мен тау-кен өндіру өнеркәсібін дамытудың зор әлеуетіне ие. Өңірде 600-ден астам кәсіпорын және 100-ден астам ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Алайда бұл қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді. Жүргізілген талдау көрсеткендей, өндірістік компаниялардың табиғатты қорғау іс-шараларын қаржыландыруына және уәкілетті мемлекеттік органдардың экологиялық заңнаманы қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарына қарамастан, кемшіліктер орын алуда, — деді облыс прокуроры Алмат Байшолақов.

Алмат Байшолақовтың айтуынша, ірі өндірістік кәсіпорындар болғанына қарамастан, Жаңа-Бұқтырма және Жезкент кенттерінде «Қазгидромет» РМК атмосфералық ауаның жай-күйіне сапалы мониторинг жүргізбейді. Облыс орталығындағы бақылау бекеттері дұрыс орналаспаған.

— Елді мекендер шегінде атмосфералық ауаға және көгалдандыруға қойылатын талаптарды реттейтін қажетті нормативтік-құқықтық актілер жоқ. Ауылдарды көгалдандыру жұмыстары ретсіз жүргізіледі. Жергілікті атқарушы органдар 2022-2024 жылдарға арналған табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарына Өскемен, Семей және Риддер қалаларында атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі іс-шараларды енгізбеген, — деді өз сөзінде А.Байшолақов.

Автокөліктер де экологияға айтарлықтай залал келтіреді. Облыс аумағында тіркелген 342 мың көліктің 252 мыңы 10 жыл бұрын шығарылған.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша облыс прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. Отырыс қорытындысы бойынша, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың алдына нақты міндеттер қойылды. Облыс әкімінің атына жалпы жағдай туралы ақпараттық хат жолданды. Өндірістік кәсіпорындарға қолайсыз метеожағдайлар күндері өндіріс көлемін және атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын азайту шараларын қабылдау ұсынылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Мақалада: ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЕЛЕУЛІ ЗИЯН КЕЛТІРУДЕ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

10 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

10 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

10 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

11 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

12 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

12 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС