"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Қолдан қойылған қойылым»: Жетінші қабат терезесіндегі сәбиді құтқару қойылым болуы мүмкін

18.07.2022
«Қолдан қойылған қойылым»: Жетінші қабат терезесіндегі сәбиді құтқару қойылым болуы мүмкін
43.2k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Қолдан қойылған қойылым»: Жетінші қабат терезесіндегі сәбиді құтқару қойылым болуы мүмкін

13 шілдеде елордадағы «Шерқала» тұрғын үй кешенінде 17 жастағы Есдәулет Дәуітбеков жетінші қабаттың терезесіне мініп кеткен баланы аман алып қалды. Осы ерлігі үшін Есдәулетке пәтер мен жоғарғы оқу орнына грант берілген болатын. Алайда кейбір тұрғындар оның шынымен баланы құтқарғанына күдіктеніп, жай қолдан қойылған қойылым деп есептеуде, деп хабарлайды Semeytany.kz тілшісі informburo.kz порталына сілтеме жасап.

Осы ерлігі үшін білім министрі Асхат Аймағамбетов жігітке Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде оқуға грант сыйласа, G-park құрылыс компаниясының басшысы оның отбасына қаладан үш бөлмелі пәтер сыйлады. Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары ерліктің шындығына күмән келтірді. Олар құтқару жұмыстары пәтер алу үшін әдейі ұйымдастырылды деп болжауда.

Айжан Сағындықова – құтқарылған баланың анасы. Ол елордаға Қостанайдан қонаққа келгенін айтты. Әйел «Шерқала» тұрғын үй кешеніне жақында келген. Көршілерімен мүлде таныс емес екенін де жеткізді.

Сол күні Айжан бір ұлының тамағы ауырып, қызуы көтерілген соң, терезелерді жауып, дәріханаға шығып кеткен. Әйелдің айтуынша, ол он минуттай пәтерде болмаған.

«Келсем, терезе мен балкон ашық, балконның терезесі сынған. Үйде таныс емес жігіт жүр», –  деді ол.

Айжан не болғанын сұрап, жауап ретінде балалардың сыртқа секірмек болғанын білген. Және оған болған жағдайдың суретін көрсеткен.

«Фотосуретте бала секірмеген, жай ғана көтеріліп, терезеден қараған. Бірақ бәрі оны секірді деп айтуда», – деді әйел.

Айжан үйде болғанда балалардың үнемі жабық терезеден төмен қарайтынын айтты.

«Бала тек қарап тұрған, секірмеді, тіпті терезені ашуға да үлгермеген. Адамдар дүрбелеңге салынып, дабыл қаққан», –  деді Айжан.

Айжан жігіттің пәтерге неліктен терезе арқылы кіргенін әлі түсінбейді. Ол видеолардың бірінде жасөспірім өз пәтеріндегі балконға шықпақ болған кезде терезеде бала болмағанын айтты.

Сол кезде жанында болған Есдәулеттің досы:

“Біз сол күні кешке қарай футбол ойнап жүргенбіз. Кенет көршілердің бәрінің жоғарыға қарап тұрғанын көріп, не болғанын сұрай бастадық. Сол кезде терезенің торында анасын іздеп жылап тұрған кішкентай баланы көрдік. Біз не істерімізді білмей, көршілерге қарай көтерілдік. Көршілер де бізді көріп, терезе арқылы сыйып, өте алатынымызды айтты. Сол сәтте Есдәулет өтемін деп айтты”, – деді оның досы Мерей Қабылов.

Оның айтуынша, арнайы қызметтер оқиға орнына жігіттер аулаға қайтып келгеннен кейін келген.

Мерей сыныптасының жақсы адам екенін айтты. Сондай-ақ оған берілген грант өте пайдалы болғанын атап өтті. Өйткені Есдәулет жоғарғы оқу орнына түсіге қажетті бал жинай  алмаған.

Есдәулеттің әрекеті туралы куәгерлер не дейді?

Осы кешеннің тағы бір тұрғыны Гүлзат Байжанова серуендеп келе жатып, ауладағы бір топ адамдарды көргенін айтады.

“Қарасам, терезенің шетінде бала тұр екен. Адамдар соны көріп айғайлап жатты”, – деді Гүлзат.

Сонымен қатар тұрғын терезедегі баланың артында екі жасар шамасындағы тағы бір баланы көргенін айтты.

«Ол жерде тағы бір бала болған сияқты. Сөйлемейтіні көрініп тұрды, айқайлап жатты. Осы кезде көрші терезеден жас жігіт шықты»,  – дейді Гүлзат Байжанова.

Тұрғынның айтуынша, Есдәулет балконға шықпақ болған кезде, оқиға орнында арнайы қызмет болмаған. Жақын жерде тұрған әйелдер жедел жәрдем мен төтенше жағдайлар министрлігін шақырып үлгерген. Әйтсе де Есдәулет балконға шығып үлгерген соң, баланы алып, көпшілікке қол бұлғап, терезені жапқан. Сонымен қатар Гүлзат жігіттің ерлік жасағанына сенетінін айтты.

«Әрине, бұл – ерлік. Жетінші қабаттан құлап кетсе ше? Өзі мүгедек болып қалуы мүмкін ғой. Бұл үлкен тәуекел», – деді Гүлзат Байжанова.

Гүлзат жиналғандардың арасында жігіт құлап қалса, ұстап алатындай төсемдер қоюды өтінгенін, алайда сонда жүрген көп ер адамдардан ешкім оны құтқаруға ірекет етпегенін айтты.

Есдәулет Дәуітбековтің баланы қалай құтқарғанын Малика Құсайынова да өз көзімен көрген. Оның жас жігіттен алған шағын сұхбаты ғаламторда кеңінен тараған.

“Кішкентай бала мен қыз жетінші қабаттан құлап кетуі мүмкін еді ғой. Сол жерде барлық адам қарап тұрды, бірақ көмекке ұмтылғандар тіптен болмады. Сондықтан мен жүгіріп, көршілеріне көтерілдім. Олар балалардың анасының сырттарынан құлыптап, дүкенге кеткенін жетікізді. Төменге қайта түссем жігіттің сол жаққа шыққанын көрдім”, –  деді Малика.

Әйелдің айтуынша, оқиға куәгерлері бала бүкіл денесін торға сүйеп тұрғандықтан, терезеден құлап кете ме деп қорыққан. Ол сондай-ақ құтқарып жатқан кездің кейбір бөлшектері бейнеге түспей қалғанын да түсіндірді.

“Айналада дүрбелең болды, бірақ бәрі жігіттің балконға тайғақ фарфордан жасалған тастан қалай көтерілмек болғанын түсіргісі келді. Бұның бәрі қолдан жасалып, ойластырылған қойылым дегенде мен ренжідім. Бұл қойылым емес. Бұл патриоттық сезім. Мен оны тіптен танымаймын, көршісі де туысы да емеспін. Сол кезде қаншама ересек ер адамдар тұрды. Біреуі де құтқаруға әрекеттенбеді. Неге басқалары қарап тұрды? Жігіт сол кезде өзі құлап кетсе мүгедек болар еді ғой. Бірақ ол қорықпады. Сондықтан ол шынымен пәтер мен оқу марапатына лайық”, – деп қосты Малика.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан қаласында жасөспірім жігіт жетінші қабаттан құлай жаздаған бүлдіршінді құтқарып қалған болатын. Кейін оның бұл ерлігі үшін пәтер мен жоғарғы оқу орнына грант сыйланды.

 

Мақалада: «Қолдан қойылған қойылым»: Жетінші қабат терезесіндегі сәбиді құтқару қойылым болуы мүмкін

Ұқсас жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

32 минуты бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

51 минута бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

23 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

24 часа бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

24 часа бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

24 часа бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС