"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШАҒЫН АУДАНДАР ҚАЙТСЕ ДАМИДЫ?

19.07.2022
ШАҒЫН АУДАНДАР ҚАЙТСЕ ДАМИДЫ?
73
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Мирный, Затон, Қарағайлы, Силикатный кенті, Энергетик, Северный, 343-квартал шағын аудандарының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуде шаһар басшысы қаланың 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырып, жалпы Семейде алдағы уақытта  атқарылатын жұмыстар жайлы, сонымен қатар аталған шағын аудандарды дамыту перспективалары туралы айтып берді.

Қала басшысының айтуынша, 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары оң динамиканы көрсетіп отыр.

2021 жылы жылумен жабдықтау объектілеріне жөндеу жүргізіліп, «Орталық», «Ғаббасов», «35 квартал», «103-103А» қазандықтарының қолда бар қуаты 71 Гкал/сағатқа ұлғайтылды. Ұзындығы 3,57 шақырым болатын оң жағалаудың жылу желілері ауыстырылды. «Дорожник» қазандығынан № 38 орта мектепке дейін ұзындығы 1,3 шақырым болатын жылу желілері салынды. Жөндеу жұмыстары 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымын үзіліссіз өткізуге мүмкіндік берді. Жылу көздерін алдағы жылыту маусымына дайындау үшін ағымдағы жөндеуге қажетті қаражат бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Өткен жылы 13 көшеге құм-қиыршық тас қоспасы және қиыршық тас себіліп, грейдерлеу жұмыстары жүргізілді. Қарағайлы шағын ауданында жалпы ұзындығы 3,4 шақырым болатын кварталішілік жолдар салынды. Ал 6 көше жөндеуден өткізілді.

Омбы-Майқапшағай автожолынан бастап «Северный» көліктік-логистикалық орталығынаа дейінгі автожол құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленіп, сараптамаға жіберілген.

Таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Аталған шағын аудандарда 20 мыңнан астам тұтынушыға қызмет көрсетіледі. Желілердің негізгі бөлігі 70-ші жылдары салынғандықтан, су құбыры желілерінің 66,4%–ы, кәріз желілерінің 72,7%-ы тозған. Қаланың оң жақ жағалауындағы ауыз судың сапасын жақсарту мақсатында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Затон» су қабылдағышы қайта жаңартылды. Аталған аудандарда 33 су тарату колонкасы орнатылған. Биыл  «Семей Водоканал» МКК өз қаражаты есебінен Энергетик кентіндегі Жаңа-ауыл көшесіндегі су құбырына күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр.

ШАҒЫН АУДАНДАР ҚАЙТСЕ ДАМИДЫ?

Қазіргі күні қаланың оң жақ жағалау бөлігіндегі жылу қуатының тапшылығын жою үшін 14,1 Гкал/сағ су жылыту қазандығын орната отырып, «Зооветинститут» қазандығын реконструкциялау бойынша жоба әзірленуде.

Көше жарығын жаңғырту жұмыстары да жалғасуда.

Өткен жылы жалпы қала бойынша 188 көше, оның ішінде Мирный, Затон, Силикатный кенттеріндегі Тері комбинаты, Матросский тұйық көшесі, Шугаев көшелері жарықтандырылды. Жыл соңына дейін 4 көше — 5-ші өткел, 8-ші өткел (Северный кенті); Ақкөл (Мирный кенті), Энергетик көшесі орталық жолдан соңғы аялдамаға дейін жарықтандырылмақ.

2023 жылы аталған аудандарда жарығы жоқ тағы 24 көшені жарықтандыру жоспарлануда. Биыл Шугаев көшесіндегі 155, 169, 171-үйлердің 1 ауласы абаттандырылады. Сонымен қатар Мирный, Северный кенттерінде және Шугаев көшесіндегі 159-үйдің ауласында балалар алаңдарын орнатуға келісімшарттар жасалды.

Энергетик кентінде көпфункционалды алаң орнатуға, сондай-ақ 5 балалар және 5 спорт алаңын орнатуға конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Білім беру саласында 9 жалпы орта білім беретін мектеп жұмыс істейді.  3 мектепте (№2, 9, 25) 1486,5 орын, 4 мектепте 327,5 орын  жетіспейді (№8,15, 18, 26) байқалады.

Болашақта (2023-2024 жылдары) Қарағайлы ауданында 1200 орындық орта мектеп, 320 орындық 2 балабақша салу жоспарланған.

Жолаушылар тасымалы саласында тұрғындарға 33 қалалық маршрут бойынша қызмет көрсетіледі. Қазіргі уақытта Семей қаласы әкімдігінің «Семей қаласының аумағында жолаушылар мен жүк тасымалын автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдаудың маршруттық желісі туралы» қаулысына өзгерістер енгізу рәсімі жүргізілуде.

Болашақта 7 шағын ауданды белсенді дамыту жоспарлануда.

Болашақта 52 көп пәтерлі тұрғын үй, Қарағайлы тұрғын ауданында 1200 орындық мектеп, инновациялық мектеп, Мұз модулі, үстел теннисі орталығы, 3 балабақша салынады, 5 жылумен жабдықтау нысанын жаңғырту бойынша жұмыстар, Еуропа қайта құру және даму банкі шеңберінде 30 көшені, Омбы — Майқапшағай автомобиль жолын «Северный» көліктік – логистикалық орталығына дейін жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Жиын соңында қала әкімі Бақытжан Байахметов тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Ерасыл КЕНЖЕБЕК,

«Семей таңы»

Мақалада: ШАҒЫН АУДАНДАР ҚАЙТСЕ ДАМИДЫ?

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС