"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КОРОНАВИРУСТЫҢ ЖАҢА ТОЛҚЫНЫ БАСТАЛДЫ МА?

21.07.2022
КОРОНАВИРУСТЫҢ ЖАҢА ТОЛҚЫНЫ БАСТАЛДЫ МА?

Елімізде маусым айынан бері коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары қайта көбейіп келеді. Соңғы аптада КВИ-мен сырқаттанушылық 3,2 есе өскен. Инфекция жұқтырғандардың көбі екпе алмаған және соңғы 6 айда ревакцинациядан өтпеген. 19 шілдеде елімізде 1959 адамнан, оның ішінде Абай облысында 27 тұрғыннан коронавирус анықталды.

Ал Семей қаласындағы эпидемиологиялық жағдай қалай? Бұл сұраққа қалалық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айнұр Серікбаева жауап берді.

Айнұр Серікбаеваның айтуынша,  30 маусымнан бастап қалада коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары тіркеле бастаған. 30 маусым мен 18 шілде аралығында КВИ инфекциясының 79 жағдайы анықталды. Ал маусым айында ауруға шалдыққандар тіркелмеген.

— Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ел аумағында вирустың таралуының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешіміне сәйкес 5 шілдеден бастап қоғамдық көліктерде (оның ішінде әуе, темір жол, халықаралық автобус тасымалдары) тұрғындарға бетперде кию міндеттелді.  Семей қаласы тұрғындарына әлеуметтік арақашықтықты сақтау, сондай-ақ жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған науқастармен байланыста болған жағдайда, медициналық мекемелерге барған кезде бетперде режимін сақтау ұсынылады. ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайда үй карантинін сақтау қажет. Маскалар әр 3 сағат сайын ауыстырылуы керек, -деді Айнұр Серікбаева.

12-18 шілде аралығында қалада 63 жағдай тіркелген.  Семей қаласы бойынша өсу қарқыны тәулігіне 0,01 пайызды, аптасына 0,3 пайызды құрады. Жалпы, 18 шілдедегі жағдай бойынша, Семей қаласында 65 науқаспен байланыста болған 52 адам бақылауда тұр.  9 адам үй карантинін аяқтады. Коронавирус диагнозымен 9 науқас жұқпалы аурулар ауруханасына стационарлық емдеуге жатқызылған.  Қала бойынша төсек-орынның қамтылуы 6,2 пайызды құрайды.

— Қауіпті инфекцияның елімізде таралуының  алдын алу мен одан қорғанудың және коронавирустың ауыр салдарынан сақтанудың ең тиімді жолы вакцинация және ревакцинация екені белгілі. Бүгінгі күні қаламызда тұрғындарға QazVac вакцинасы салынуда. Екпе тегін жүргізіледі, кез келген адам вакцинаны өзі тұратын аудандағы емханаға барып ала алады, — дейді Айнұр Серікбаева.

Айнұр Болатқызы вакцина алмағандар ауруға жиі шалдығып жатқанын айтып, халықты вакцинация мен ревакцинациядан өтуге шақырды.

 

Талшын ҚАЛИАСҚАР,

«Семей таңы»

Мақалада: КОРОНАВИРУСТЫҢ ЖАҢА ТОЛҚЫНЫ БАСТАЛДЫ МА?

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

2 часа бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

2 часа бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

2 часа бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

22 часа бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

22 часа бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

23 часа бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС