"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Салық 20%-ға төмендейді: Елімізде шағын және микро кәсіп үшін салық жүктемесі азайтылады

23.07.2022
Салық 20%-ға төмендейді: Елімізде шағын және микро кәсіп үшін салық жүктемесі азайтылады
126
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Келесі жылдан бастап микро және шағын бизнес өкілдерінің салық жүктемесі азаяды. Яғни кәсіпкерлер бұрынғыдай сағаттап кезекте тұрып, әр салықты жеке-жеке төлемейді. Оның орнына кәсіпкерлердің салық жүктемесін 35 пайыздан 20 пайызға дейін төмендететін бірыңғай төлем жүйесі енгізіледі. Бұл нақты табысын жасырып жүрген кішігірім бизнесмендердің заңды жұмыс істеуіне мүмкіндік береді дейді сарапшылар. Жаңа жүйе 1 қаңтардан бастап қолға алынбақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Әлихан Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында микро және шағын бизнестің салық жүктемесін түсіруге мүмкіндік беретін бірыңғай төлем жүйесі енгізіледі деді. Яғни келесі жылдан бастап барлық салық төлемдері біріктіріледі. Ал мөлшерлемесі 20 пайыздан аспауы қажет.

Шағын бизнес үшін тиімді жүйені Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының өкілдері ұсыныпты. Олардың айтуларынша, қазір еңбекақы қоры бес төлемді міндеттейді. Сондықтан кәсіпкерлердің салық жүктемесі көп. Бұл бірқатар қиындықтар туындатқан.

“Қазір кәсіпкерлер жеке табыс салығын, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарнасын, әлеуметтік сақтандыру және медициналық сақтандыру жарналарын төлеп келді. Енді бәрі жеңілдетіліп отыр. Яғни олар пайыздық мөлшерлемесі аз бірыңғай төлем жасайды. Немесе бір реттік төлем. Уақытын да үнемдейді. Қосымша ресурс та жұмсамайды. Сол арқылы кәсіпкерлердің қаржылық жүктемесі азаяды”, – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Темірлдан Мәдиев.

Палата өкілдері көп кәсіпкерлер салықтан қашып, табысын жасырып, заңсыз жұмыс істеуге мәжбүр деп отыр. Ал бірыңғай төлем жүйесі салық жүктемесін 35 пайыздан 20 пайызға түсіреді. Бұл бизнесмендердің «көлеңкеден» шығуына мүмкіндік береді. Бірақ аталған жаңашылдықтың орта және ірі кәсіпке қатысы жоқ. Ал сарапшылар бірыңғай төлем кәсіпкерлер үшін тиімді екенін айтады. Алайда қорда қалған 15 пайызды қол астындағы қызметкерлеріне үлестіріп беруі екіталай екен.

“Барлық кәсіпкерлер ол ақшаны еңбекақы қорына қайтарады дегенге сенім жоқ. Ол табыс ретінде қарап, тіпті ешқандай табысты өсірмеуі де мүмкін. Бірақ та енді бұл жерде сол кәсіпкерлердің өзінің ақ, адал сенім артпақшы деп ұйғарам”, – деді экономист Мақсат Халық.

Экономист кәсіпкерлердің қаржылық жүктемесін азайту үшін қосылған құн салығын алып тастау қажет деді. Сөзінше, оның орнына бөлшек салықты енгізген абзалырақ. Әрі кішігірім бизнесмендер де салықты қуана-қуана төлейді.

Мақалада: Салық 20%-ға төмендейді: Елімізде шағын және микро кәсіп үшін салық жүктемесі азайтылады

Ұқсас жаңалықтар

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

01.11.2026
Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

Қазіргі уақытта адамдардың күнделікті өмірі цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. Телефондағы жеке мәліметтер, банк шоттары, әлеуметтік желілердегі жазбалар мен хат-хабарлар адамның...

Толығырақ...Details

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

01.11.2026
Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жаңа Көрме орталығының құрылыс барысымен танысты. Нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында Түркістан облысының...

Толығырақ...Details

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

01.11.2026
Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

Семей қаласында заманауи үстел теннисі орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Павлодар облысының тартуы саналатын спорт кешені «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып,...

Толығырақ...Details

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

01.11.2026
Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізу және аграрлық өндірістің климат өзгерістеріне төзімділігін нығайту бағытындағы жүйелі...

Толығырақ...Details

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

9 часов бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

18 часов бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

18 часов бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

19 часов бұрын

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

2 дня бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

2 дня бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

3 дня бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

3 дня бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС