"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Арабтар Қазақстандағы әлжуаз салаға ақша құймақ

24.07.2022
Арабтар Қазақстандағы әлжуаз салаға ақша құймақ
515
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Корольдіктің компаниялары Қазақстанның аграрлық саласына инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері келіссөз жүргізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Саудқа ілтипат білдіріп, шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Сауд Арабиясының королі мен Тақ мұрагеріне алғыс айтты.

Қазақстан президентінің айтуынша, мемлекет басшысы ретінде Сауд Арабиясына алғаш рет келгендіктен, бұл сапардың маңызы зор.

Тоқаев Сауд Арабиясы Қазақстанның басты стратегиялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

“Сауд Арабиясы – Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған елдердің бірі. Осы кезеңде түрлі бағыттағы ынтымақтастығымыз нығая түсті. Қазір қазақ-сауд қатынастары жоғары деңгейде. Дегенмен, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретін кез келді. Бұл – елдеріміздің мүддесіне сай келетін ортақ шешім. Біздің өзара тиімді байланыстарымыз нығая береді деп сенемін”, – деді мемлекет басшысы.

Келіссөз барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазақстан Сауд инвесторлары үшін өзара мүддені көздейтін түрлі перспективті салалар бойынша ерекше шарттар мен кең көлемде артықшылықтар ұсынуға дайын.

Тараптар өзара тауар айналымын едәуір арттыруға ниетті екенін және жуық арада екі ел үкіметтерінің бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыратынын нақтылады.

Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд елдеріміз арасындағы қатынастар деңгейі жақсы екенін атап өтіп, оны әрі қарай нығайтып, дамыту үшін мүмкіндіктер мол екенін айтты. Сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажет екеніне тоқталды. Оның айтуынша, бұл ретте Қазақстан мен Сауд Арабиясының бизнесмендерін біріктіретін Іскерлік кеңестің рөлі зор болмақ.

Тақ мұрагері мемлекет басшысының ресми сапары аясында өтетін Инвестициялық дөңгелек үстелге Корольдіктің ірі компанияларының өкілдері қатысатынын жеткізді.

Оның айтуынша, қазіргі жағдайда Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қоры үйлестіретін бірқатар жоба бойынша бірлескен жұмыс маңызды саналады.

Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд Корольдіктің компаниялары Қазақстанның аграрлық саласына инвестиция салуға қызығушылық танытып отырғанын айтты. Оның пікірінше, бұл бағыт жаһандық азық-түлік дағдарысы жағдайында аса өзекті бола түседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагерін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Мұхаммед бен Салман бұл шақыруды қуана қабылдайтынын айтып, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың нақты нәтижелерін талқылау үшін Қазақстанға сапармен келуге дайын екенін жеткізді.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше, 23 шілдеде Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми сапармен барды.

 

Араб қаржысы және Қазақстан. Біздің Президентті инвесторлар неге жақсы көреді?

Украинадағы қақтығыс салдарынан әлем елдері астық дефицитін сезіне бастады. Қамбалар бос тұр. Мемлекеттер өздерінің азық-түлік қауіпсіздігін ойлап, жанталасуда.

Биылдан – фермерлер мен ауыл шаруашылығының жаңа дәуірі басталды деп айтуға болады. Азық-түлік мұнайдан да маңызды. Тіпті көптеген елдер өздерінде ішкі запас қалсын деп, тағам экспортынан бас тарты. Ол нарықта жетіспеушілік туғызып жатыр. Күзде қиын кезең басталады.

Әлемдегі аграрлы алпауыт компаниялар, фондтар болашақты нақты болжай алады. Қазір олар балама жобалар іздей бастады. Осы жолда көбі Қазақстанға көз тігіп отыр.

Себеп? Қазақстан егістік көлемі бойынша әлемдегі алтыншы ел. Мемлекет сырттан инвестициялар мен жаңа технологиялар тартуға мүдделі. Заңдары мен салық режимі өте қолайлы. Қазақ жеріндегі егістікке тек инвестиция, жаңа технологиялар мен логистикалық шешімдер ғана жетіспей тұр. Ал ол халықаралық компанияларда бар.

Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа басқа елдер тарапынан қызығушылық көп.

2021 жылы қазақ ауыл шаруашылығы 7,4 триллион теңгеге өнім (дәнді дақылдар, мал, көкөніс, жеміс) өндірген. Біздің мүмкіндігімізбен салыстырып қарағанда, бұл өте аз.

Қазіргі егістік көлемі 22,9 млн гектар. Енді оның аумағын жалпитып көбейте берудің қажеті шамалы. Тек жердің сапасын арттырып, егу, ору мен баптаудың жаңа технологиясын өндіру керек. Біз егіске суды тым үнемсіз жұмсап, ысырап етіп отырған елміз. Тамшылап суғару технологиясы тек азын-аулақ теплицаларда ғана қолданылады.

22,9 млн гектарды біз қалай бөлдік?

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 16 млн гектарды алады. Оның ішіндегі бидай үлесі– 12,9 млн га. Майлы дақылдар 3,1 млн га, азықтық дақылдар – 3,1 млн га, мақта – 109,9 мың га, күріш – 96,8 мың га, қант қызылшасы – 21,7 мың га, картоп – 195,8 мың, көкөніс (қияр, помидор) – 168,6 мың га, бақша дақылдары (қарбыз, қауын) – 110,0 мың га.

Көріп тұрғанымыздай, егістіктің жартысынан астамы бидайға берілген. Қазақстан өз-өзін асырай алады. Ел Президентін шақырып отырған арабтар, агрокешенімізге инвестиция салып, болашақ зор ұсынысты игеруге дайын екенін байқатты.

Қазақстан осы инвестицияларды тарта алса, аймақтағы ең әлеуетті ел болайын деп тұр. Тек мұнай, металл мен уранға иек арта бермей, агрорлық алпауыт болу өз қолымызда. Ол үшін инвестициямен қатар, жаңа технологияны енгізу өте маңызды.

Егер біз ауылшаруашылығы өнімдері көлемін жылына 50 млрд доллар деңгейіне жеткізе алсақ, онда болашағымыз мықты болады. Қазір 14-15 млрд доллар шамасында тұрмыз. Бұл кенжелеп қалған елдердің көрсеткіші және осы бағыттағы дамуымызға ерекше күш салу керек.

Сауд Арабиясындағы келіссөздер – әр қазақтың болашағына әсер ететін аса маңызды сәт. Біздің Президент мықты дипломат және арабтарға не керек екенін біледі. Араб қаржыгерлері мықты аналитиктер, олар да Қазақстанның қазіргі жағдайын біліп отыр. Осы түсініктерден біз үшін тиімді контракттар алсақ, онда ауылшаруашылығының жаңа дәуірінде Қазақстан да көштен қалмайтыны анық.

Автор: Айбар ОЛЖАЕВ

Мақалада: Арабтар Қазақстандағы әлжуаз салаға ақша құймақ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 день бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

2 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

2 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

3 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

5 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

5 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

5 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС