"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ КӨТЕРІЛЕ МЕ?

28.07.2022
СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ КӨТЕРІЛЕ МЕ?
55
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Президент тапсырмасы аясында

Спорт саласындағы қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі біраз уақыттан бері қозғалып келе жатыр. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру саласындағы 2021 жылғы қызметі және 2022 жылға қойылған негізгі міндеттері талқыланған алқа отырысында баяндама жасаған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев:

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне сабақтан тыс спорттық дәрістер жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100 пайыз мөлшерінде қосымша ақы төлеу жүйесі енгізілді. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандандырылған мектеп пен колледж қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өсті. Сондай-ақ олардың айлығы 2023 жылға дейін жыл сайын көбейтіліп, 2023 жылға қарай бұл өсім 100 пайызды құрайды»,- деді.

Сонымен қатар Дәурен Абаев вице-министрге чемпиондарды, жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларын өмір бойғы материалдық қамтамасыз ету төлемдерінің мөлшерін 100 АЕК-ке, немесе 306 мың теңгеге дейін арттыру мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.

Айта кетсек, 2021 жылы спортшылардың допингке қарсы зертханасы мен Ұлттық допингке қарсы орталықтың, дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының басқарушы және негізгі персоналдарының жалақы мөлшері лауазымдық жалақыдан 100 пайызға өсті.

Шілде айының басында мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізген болатын. Сол кездесуде спортты дамыту мәселесі де талқыланды.

«Біз спорт төрешілерінің еңбекақысын көтеруге бастамашы болдық. Үлкен жұмыс атқарылды. Бұл көптеген судьялар үшін қосымша мотивация болады және мамандықтың беделін арттыруға, жаңа мамандардың келуіне ықпал етеді. Жарыстар сапалы, жаңа деңгейге шығуы керек екені анық. Осылайша, 2024 жылға қарай спорт төрешілерінің жұмысына ақы төлеу 100 пайызға дейін ұлғаяды. Бұл мәселе ұзақ уақыт бойы шешілмей келді», — деді министр Дәурен Абаев.

Төрешілерге жарысқа төрешілік еткені үшін төлемақы беріледі. Төленетін сома төрешілік ету күндеріне де байланысты. Яғни, жарыс бірнеше күнге созылса, төлем жарыстың өтетін күндеріне көбейтіледі. Осы орайда халықаралық санаттағы ұлттық төрешілердің төлемі  2654,6 теңгеден 17697 теңгеге дейін болса, 1 категориялы судьялардың еңбекақысы 1415,8 теңгеден 12388 теңгеге дейінгі соманы құрайды.

«Жалпы, осы күнге дейін жалақы жағынан қиындық көрген жоқпын, еңбекақымыз тұрақты беріледі. Футбол сияқты спорт түріне, жалпы дене шынықтыру, спорт саласына қазіргі кезде өңірімізде үлкен көңіл бөлініп жатыр, бұл, әрине, қуантарлық жағдай. Алдағы уақытта бұл үрдіс тоқтамай, спорт саласы ары қарай дами береді деген үміттемін», — дейді «Алтай» футбол клубының ойыншысы Алпамыс Байғалиев

Ерасыл КЕНЖЕБЕКОВ,

«Семей таңы»

Мақалада: СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ КӨТЕРІЛЕ МЕ?

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

12 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

13 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

16 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС