"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

28.07.2022
ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

Жуырда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімінің міндетін атқарушы Алмасхан Сматлаевтың төрағалығымен кезекті кеңес өтті. Бұл жолғы жиынға ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Денис Шәкенов, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, сондай-ақ басқарма басшылары қатысты.

Кеңес барысында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобасының үлгілік базалық бағытын іске асыру мәселелері қаралды.

Жиында айтылғандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік басқаруда жаңа тәсілдерді қолдану туралы тапсырмасы бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шараларын жобалық басқару тәсілі қолданылуда. Ұйымдастырудың бұл моделі — мақсаттарға қол жеткізу үшін жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру бойынша жалпыға танылған құрал.

Облыс әкімінің міндетін атқарушы А.Сматлаев дербес басқармалар жұмысының нәтижелерін тыңдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы шараларды жандандыруды және бұл істе формализмге жол берілмеуі тиіс екенін атап өтті. Әрине, бірлескен күш-жігер арқылы ғана қоғам мен мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға болады. Облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жеткіліксіз деңгейде жүргізіліп жатқандығын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың статистикасынан көруге болады, ол әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.

— Бұл жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жол картасы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірінші кезектегі міндеті — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мамандар жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік көмек көрсетуге дайын. Қарапайым тілмен айтқанда, мемлекеттік органдар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы негізгі міндеттер айқындалды және олардың нәтижелерін тиімді бақылау жүйесі құрылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралдарының бірі — ішкі талдау. Мемлекеттік органдар басшыларының өздері сапалы ішкі талдауға мүдделі болуға тиіс, өйткені бұл болашақта мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге мүмкіндік береді. Басқарушылық қателіктер көбінесе құқықтық олқылықтар мен қақтығыстарға байланысты болады. Тек сапалы талдау ғана алдын алу шараларын уақтылы қабылдауға және мемлекеттік қызметшіні сыбайлас жемқорлықтан қорғауға мүмкіндік береді, — деп атап өтті ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Д. Шәкенов.

Семинар соңында облыс әкімінің міндетін атқарушы Алмасхан Сматлаев басқарма басшыларына қалалар мен аудандар әкімдері үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша оқыту семинарын ұйымдастыруды ұсынды.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Мақалада: ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

13 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

13 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

16 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

16 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

17 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

2 дня бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

2 дня бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС