"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС

03.08.2022
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығысқазақстандық дәрігерлер жүрек ырғағының бұзылуын жоюға бағытталған инновациялық әдісті алғаш рет қолдана бастады. Бұл жоғары технологиялық көмек жүректің радиожиілікті катетерлі абляциясы деп аталады.

Адам ағзасындағы ең маңызды орган — жүрек. «Жүрегім дүрсілдейді» деген сөз романтикалық тұрғыдан өте әсерлі естілуі мүмкін. Алайда дәрігерлер үшін жүректің дүрсілдеуі, қағысының бұзылуы — шұғыл емдеуді қажет ететін ауру белгілерінің бірі.

Бұрын осыған ұқсас ауруға шалдыққан науқастар емделу үшін Нұр-Сұлтан қаласына немесе шетелге кетуге мәжбүр болған. Қазір өңірімізде бұл медициналық көмек енді МӘМС аясында қолжетімді.

Өскемен қаласының тұрғыны Оралбек Мамырқанов есімді азамат екі жылдан бері жүрек соғысының жиілегеніне шағымданып жүріпті, алайда өзі бұл дерттің қайдан жабысқанын түсінбейді, көзге көрінердей себеп болмағанын айтады. Осы уақыт ішінде ол бірнеше рет ауруханаға жатып шықты, дәрі-дәрмекпен де емделді. Бірақ аурудың себептері анықталмағандықтан ешқандай нәтиже болмады. Екі жылда ер адамның денсаулығы нашарлап, тыныс алуы ауырлап, әлсіздік, ісіну пайда болды, үнемі қорқыныш мазалап, жүрек қағысы кенеттен өзгеріп кететін жағдайға жетіпті.

Жақында 65 жастағы ер адам облыстық мамандандырылған медицина орталығының инновациялық медицина бөліміне түскен еді. Онда дәрігерлер науқасқа электрофизиологиялық зерттеулер жүргізіп, содан кейін жүрек ырғағын бұзатын жүрек нервтерінің радиожиілік абляциясын жүргізу туралы шешім қабылдаған-ды.

Радиожиілікті абляция жіңішке икемді микрокатетер-өткізгіштің көмегімен жүзеге асырылады.

— Ол қан тамырлары арқылы енгізіліп, аритмияға себепші болған жүректегі дұрыс емес ырғақтың көзіне жеткізіледі. Әрі қарай осы өткізгіш арқылы радиожиілік импульсі жіберіледі, — деп түсіндірді инновациялық медицина бөлімінің меңгерушісі Жандос Уап.

Ал пациент болса отадан кейін өзін жақсы сезінетінін айтады.

— Мен небәрі 65 жастамын. Мен қоғамға, отбасыма пайдамды тигізгім келеді. Туыстарым мен үшін қатты уайымдаған еді. Қазір отадан кейін өзімді жақсы сезінемін, ауруханадан шығуға дайындалып жүрмін. Инновациялық медицина бөлімінің дәрігерлеріне үлкен ризашылығымды білдіргім келеді. Ал медициналық сақтандыру маған бұл көмекті отбасылық бюджетке салмақ салмай, тегін алуға мүмкіндік берді, — дейді пациент.

Орталық мамандары келешекте инновациялық медицина бөлімінде жүрек аритмиясын емдеуде интервенциялық аритмологияны дамытуды көздейтіндерін жеткізді.

— Осындай пациенттерге уақтылы көрсетілген көмек миокард инфаркті мен ишемиялық инсульт қаупінің алдын алады, сонымен қатар кардиологиялық препараттарды үнемі қолданудың қажеті болмайды, — дейді дәрігерлер.

Өскемен қаласы ішкі саясат бөлімі баспасөз қызметі

Мақалада: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

20 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

21 час бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

21 час бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

21 час бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС