"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КОРОНАВИРУС: СЫРҚАТТАР ҮЙДЕН ЕМ АЛУДА

03.08.2022
КОРОНАВИРУС: СЫРҚАТТАР ҮЙДЕН ЕМ АЛУДА
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда Орталық коммуникациялар қызметінде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайға қатысты брифинг өтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері COVID-19 ауруының өсуі және инфекцияны таратпау және емдеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

«Қазақстанда 20 маусымнан бастап КВИ аурушаңдығының өсуі байқалады, соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдық 1,9 есеге, яғни, 8156-дан 15503 жағдайға дейін өсті. Тәулігіне 2700-ге дейін КВИ+ және 20-ға дейін КВИ- жағдайлары тіркеледі»,- деп хабарлады Денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.

Айта кетерлігі, сырқаттанушылықтың артуына қарамастан, науқастарды ауруханаға жатқызу деңгейі әлі де төмен болып қалуда.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник COVID-19-бен сырқаттанған пациенттердің 93%-дан астамы амбулаториялық деңгейде емделіп жатқанын атап өтті.

«Коронавирустық инфекция аурушаңдығының артуына байланысты медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдары кабинеттердің сүзгі жұмысын қамтамасыз ете отырып, санитарлық-дезинфекциялық және эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істейді. Коронавирустық инфекция диагнозы бар пациенттердің 93% — дан астамы амбулаториялық деңгейде ем алуда», — деді В.Дудник.

Сонымен қатар оның айтуынша, бүгінгі таңда КВИ-мен ауыратындардың арасында аурудың жеңіл, асимптоматикалық ағымы байқалады, қысқа инкубациялық курс 2-ден 14 күнге дейін, орташа есеппен 2-4 күнге дейін созылады.

«Науқастар көбіне жоғары қызба, жалпы әлсіздік, қатты бас ауруы симптомдарына шағымданады. Аурудың ауыр ағымында нейротоксикоз, электролит балансының бұзылуы, гиповолемиялық шок байқалады»,- деді вице-министр.

Сондай-ақ амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде коронавирустық инфекциясы бар пациенттерді 5 препаратпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Бұл қызу түсіретін дәрілер және антикоагулянттар. Бұл дәрі-дәрмектер жеткілікті.

Коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге медициналық-санитарлық алғашқы көмек деңгейінде уақтылы медициналық көмек көрсету үшін КВИ жұқтырған науқастарды бақылау үшін 2380 мобильді бригада ұйымдастырылды, оның 1000-ы ауылда. Бұл ретте резервте 1600-ден астам мобильді бригада бар.

Естеріңізге сала кетейік, мобильді бригадалар 5000 және одан да көп халыққа 1 бригада есебінен ұйымдастырылады. Ауыл деңгейінде дәрігерлік амбулаторияның және медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығының жанынан кемінде бір мобильді бригада құрылады.

Жіті респираторлық ауру белгілері бар және коронавирустық инфекцияға күдікті немесе науқас пациенттерге үйге шығу кезінде ПТР әдісімен коронавирустық инфекцияға биологиялық материалдар үлгілері алынады. «COVID-19 коронавирустық инфекциясы» диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес дәрі-дәрмектер тағайындалады, қажет болған жағдайда, дәрі-дәрмектер науқасқа жеткізіледі.

Биылғы жылдың 1 жарты жылдығында мобильді бригадалар 815 мың рет жолға шықты. Ең көбі Қарағанды облысында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тіркелді.

Республикада КВИ бойынша стационарлық көмекті қуаттылығы 4505 төсектік 180 медициналық ұйым көрсетеді, төсектерді жұмыспен қамту 30%-ды құрайды, 1342 пациент емдеуге жатқызылды.

Сонымен қатар резервте 138 медициналық ұйымда 20 мыңнан астам инфекциялық төсек бар.

«Тағы да еске салғым келетіні, инфекцияның ауыр түрлерінен қорғанудың  нақты жолы бар. Бұл — КВИ-ге қарсы вакциналау. Вакциналау және ревакциналау инфекциядан қорғанудың жалғыз жолы  болып қала береді. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында ауру жұқтырғандардың 80%-ы – вакцина алмаған адамдар немесе 6 ай бұрын вакциналанғандар, бұл КВИ-ге қарсы вакцинациялау қажеттілігін тағы да растайды», – деп атап өтті Денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

Бүгінгі таңда ересек тұрғындардың 80% — дан астамы, немесе ел халқының 56% — дан астамы КВИ-ге қарсы вакциналаудан өткен.

«COVID-19-ға қарсы ревакцинация алдыңғы вакциналардың көмегімен пайда болған вакцинадан кейінгі иммунитетті сақтауға және ағзаны аурудан қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өткен жөн. Өкінішке қарай, вакциналанған адамдарда, сондай-ақ КВИ-мен ауырған адамдарда уақыт өте келе дененің инфекциядан қорғалу деңгейі төмендейді, нәтижесінде адам қайтадан инфекцияға сезімтал болады. Осыған байланысты, вакцинаның алғашқы курсын алғаннан кейін 6 айдан кейін КВИ-ға қарсы ревакциналау ұсынылады», — деп қорытындылады сөзін А.Есмағамбетова.

Орталық коммуникациялар қызметі

Мақалада: КОРОНАВИРУС: СЫРҚАТТАР ҮЙДЕН ЕМ АЛУДА

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

22 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

22 часа бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

22 часа бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

22 часа бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС