"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҮРКІ ӘУЕНДЕРІМЕН СУСЫНДАТТЫ

12.07.2022
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Төр Алтайдың төрі – Катонқарағайда болып өткен халықаралық аламан айтыс кешкісін “Balkaragai tunes” (Балқарағай сазы) атты этномузыкалық фестивальға жалғасты. Атап өтпеске болмас, бұндай фестиваль ауданымызда тұңғыш рет өтіп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль енді жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ.

«Катонқарағай ауданның тұрақты дамуы» қоғамдық қорының мұрындық болуымен әрі демеушілік етуімен өткен бірегей музыка кешінде елімізге танымал мәдениет қайраткері, композитор, мультиинструменталист этномузыкант, бүгінде Катонқарағай ауылында жоғарыда аталған қордың мұрындық болуымен жергілікті мектептердің оқушыларын музыкаға баулып жүрген Еділ Құсайыновпен бірге сонау Ресейдің Тува елінен «Одучу» тобы мен Туваның еңбек сіңірген әртісі, этникалық музыка жанрындағы танымал әнші Сайзан Сюрюн мен Алматыдан келген можерн-джаз бағытында өнер көрсетіп жүрген «Steppe sons» өнерпаздар ұжымы жиналған қауымды түркі халықтарының таңғажайып музыкасымен сусындатты.

Жалпы, аталмыш фестиваль — Алтай қазақтарының мұрасын, түркі тілдес халықтардың тарихы мен мәдениетін жандандыруға арналған айырықша шара.

Сонымен, кешкілік сағат сегізде, қас қарайып, шапағын шашқан алтын күн ұясына батқан кезде, Катонқарағайдың орталық саябағында орнатылған зәулім сахнаның төріне фестиваль себепкерлері де шығып, уақытты көп созбай, тарих тұңғиындағы бабалар үнімен көпшілікті қайта қауыштырды.

— Бүгін абыздар мен алыптар туған қасиетті Өр Алтайдың топырағында, киелі Катонқарағайда «Balkaragai tunes» деген атаумен ерекше мәндегі этномузыкалық фестивалімізді ашып отырмыз. Осы жерде тұңғыш рет өткізіліп отырғандықтан, биыл фестивальдің аясы соншалықты ауқымды емес. Келесі жылы бірнеше күндер бойы өтетін ауқымды шараға айналдырамыз әрі бұл фестиваль жыл сайын өтіп отыратын дәстүрлі музыкалық мереке болмақ. Онда жан-жақтан ағылған көптеген музыканттар мен топтар өз өнерлерімен көрермендерді тамсандыратын болады.

Бүгін біз алдарыңызда тувалықтар мен қазақ халқының, бір сөзбен айтқанда, түркі тілдес ағайынның музыкасын орындаймыз. Өнеріміз бір, түп тамырымыз бір, өйткені бәріміз де осы Алтай жерінен шыққанбыз. Сондықтан болар, фестивальды әдейі осы жерде өткізіп отырмыз. Концертіміз үзіліссіз өтеді, яғн, әңгіме айтып, уақытты алмаймыз, себібі сөздің көкесін айтыста тыңдап, барынша қанық болдыңыздар. Біздің кеште басынан соңына дейін тек музыка ғана болады. Сондықтан бүгінгі кештен барынша жағымды әсер алып, рухани байып қайтарларыңызға сенімдіміз. Түркі халықтарының таңғажайып музыкасын бірге тыңдайық! Алға, Катонқарағай! Алға «Balkaragai tunes»! – деді фестиваль шымылдығын ашқан сөзінде музыкант Еділ Құсайынов.

Бұдан кейін алыс-жақыннан жеткен, әрбірінің өз елінде, шетелдегі әнсүйер қауым арасындағы абырой-беделі таудай, түркі халықтарының этникалық музыкасын насихаттаушылар ортасында ойып тұрып орын алатын сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаздар жиылған халықты бір жарым сағат бойы этникалық музыка өнерінің тұнығына шомылдырды.

Фестивальға қатысушы Туваның халық әртісі Сайзан Сюрюн мен «Одучу», «Stepp sons» топтары мен Еділ Құсайынов тува мен қазақтың музыкалық фольклор қоржынындағы бірнеше танымал туындыларды сыбызғы мен сазсырнай, домбыра мен қобыз, дауылпаз бен гитарада өздерінің сүйемелдеуімен заманауи нақышта өңделген нұсқаларын қосыла шырқады, сондай-ақ бірнеше көмеймен айтылатын әндерді де орындап, көрермендерге естен кетпес өнер кешін сыйлады.

Фестиваль соңында өнерпаздарды жақыннан көргісі келген жұрт сахнаны қаумалап, бір кештің аясында жүректерін жаулап алған әртістерді ұзақ уақыт бойы сахна төрінен жібермей, қошеметтерін жаңбырдай жаудырды. Жиылған халықтың өтінішін ескеріп, өнерпаздар тағы да бір-екі әндерін орындап берді.

— Біз этноджаз, бүгінде «альтернатив фольк» деп аталатан музыка жанрында өнер көрсетеміз. Бұл барлық жанрлардың қосындысы деуге болады. Шығысқа, оның ішінде Катонқарағай жеріне алғаш рет табан тіреп отырмыз. Елмен бірге дүбірлі айтысты көрдік. Шарадан керемет әсер алдық, айтыс жоғары деңгейде өтті. Халықтың қошеметі, ықыласы ерекше болды.

Біз осындай фестивальдар мен түрлі шараларға қатысамыз. Көбінесе шетелде жүреміз, Қазақстанда бұндай фестивальдар енді ғана дамып келе жатыр. Шетелдерде — Словения, Австрия, Италия, Мәскеуде болдық. Сол елдердің фестивальдарына қатысып, өнер көрсеттік. Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы жасөсіпірімдер мен балалар театрында «Құлагер» спектакліне өзіміздің музыкамызды жазған болатынбыз. Спектакльді бастан-аяқ біз сүйемелдеп отырамыз. Спектакльдерде де біраз жетістіктереміз бар. Бізде 30-дан астам қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары бар. Домбыра, сыбызғы, үрмелі, ұрмалы аспаптарымыз бар. Солардың барлығының қосындысынан музыкалық композиция жасаймыз. Келесі жылы да шақырту алып жатсақ, міндетті түрде келетін боламыз, — дейді «Stepp sons» тобының жігіттері.

«Stepp sons» тобы құрылғандарына төрт жыл болыпты, топта бес адам өнер көрсетеді. Репертуарларында бір ән жинақтары бар, онда 10 туынды бар, екінші альбомды келесі жылдың басында шығару ойларында бар.

Тимур СМАҒҰЛОВ,

Катонқарағай ауданы

Мақалада: ТҮРКІ ӘУЕНДЕРІМЕН СУСЫНДАТТЫ

Ұқсас жаңалықтар

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

30.10.2026
Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

Еңбек ету, мамандық таңдау, атқарған жұмысы үшін лайықты ақы алу – әр адамның негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында...

Толығырақ...Details

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Абай облысында кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын, ашықтығы мен әлеуметтік жауапкершілігін бағалауға бағытталған «Адал кәсіпкер – 2026» өңірлік байқауының қорытынды марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

30.10.2026
Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары 29–30 қазан...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

30.10.2026
Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

Абай облысында құрылыс сапасын бақылау және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл өңірде жалпы құны 389,2...

Толығырақ...Details

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

30.10.2026
Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың жағдайын бақылау және су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Толығырақ...Details

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.2026
Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» аттыҚазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесуді...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

18 часов бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

18 часов бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

21 час бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

21 час бұрын

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

21 час бұрын

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

21 час бұрын

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

2 дня бұрын

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

3 дня бұрын

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС